Просмотр содержимого документа
«Жай б?лшектер мен онды? б?лшектерге амалдар ?олдану.»
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектермен ондық бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:1. Жай бөлшекпен ондық бөлшек тарауын қайталау, бөлшектердің негізгі қасиеттерімен, оларға қолданылатын амалдарды тиімді түрде жүзеге асыра алудағы оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.2. Оқушылардың есептеу, талдау дағдыларын, дамыту. 3. Жауапкершілікке,ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың формасы:
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі:
Сабақтың әдіс тәсілдері: СТО әдістері, Блум таксономиясы
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту
а) сабаққа керекті құрал жабдықтарды дайындау,зейін қойып тындауын
талап ету
б) «шаттық шеңбері»
ІІ. Мағынаны тану: «Шегіртке мен құмырсқа» Абай Құнанбаевтың аудармасы
Сұрақ: Шегіртке уақытының 1/6 бөлігін ұйқыға, 1/3 бөлігін әң шырқауға, ал ½ бөлігін би билеуге жұмсайды екен. Шегіртке қанша уақытын қысқа дайындыққа жұмсайды?
III. Ауызша жұмыс. Топтастыру стратегиясы. Оқушылар сигналды карточкалар бойынша бағалап отырады
Ең кіші ортақ бөлім
Кері санға көбейту
Санның бөлігін табу
Толықтауыш көбейткіш
Ондық таңбалар
Аттас разрядтар
Үтірдің астына үтір келетіндей
Жүздік үлеске дейін дөңгелектеу
IV. Есептеңдер. Өзін өзі тексеру. Берілген төрт есептің жауабын тақтаға шығып, жазып, түсіндіріп береді.
V. Дұрыс немесе бұрыс. Өз ара тексеру. Тақ тадағы дайын жауаппен тексереді.
3,8+6=4,4 жоқ
10,2*0,1= 1,02 ия
20-ның і тең 16 ға ия
жоқ
1/5= 0,2 ия
4,8:12=4 жоқ
Оқушылар бағалау парағына бағаларын қойып отырады
VI.Сергіту сәті. Тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жаттығу арқылы жауап береді. (бастарын онға, солға; отырып, тұру; шапалақтау).
VII. Сөзжұмбақ шешу. «Бөлшек» деген сөз шығады тігінен
VIII. Рефлексия. Бағалау . Жеміс ағашын салу. Әр жұп өзінің суретін жасайды.
IX. Қорытындылау. «Ойымды жалғастыр...»
Бүгін маған қызықты болғаны ......
Енді менің қолымнан келеді ..........
Менде .......... жақсы шығады
Мен ............. жасай алдым
И. Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектебі
5сынып Қайталау сабағы
Сабақтың тақырыбы:
Жай бөлшектермен ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Өткізген : Саулебаева А.Ж , математика пәні мұғалімі
Сөзжұмбақ
1. Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.
2. Бөлшек сызығының астындағы сан.
3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан.
4. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық.