kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?здік сынып математигi

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?здік сынып математигі» атты интеллектуалды? ойын. (8 класс) Ма?саты: О?ушыларды? математикалы? ой-?рісін дамыту, білімді, дарынды, озы? болу?а т?рбиелеу.Та?ырыбы: «?здік сынып математигі» атты интеллектуалды? ойын. (8 класс) Ма?саты: О?ушыларды? математикалы? ой-?рісін дамыту, білімді, дарынды, озы? болу?а т?рбиелеу. Армысыздар ??рметті ?стаздар мен о?ушылар ж?не ойын?а ?атысушы сайыскерлер! Елімізді? болаша?ы тек ?ана білімді жастар екені даусыз. Олай болса, 8 класс о?ушылары арасында ?ткізгелі отыр?ан «?здік сынып математигі» атты интеллектуалды? сайысымызды бастаймыз. ?ылымдарды? патшасы атан?ансы? Евклид, Фалес, Пифагордан бата ал?ансы?. Т?збейтін ?тірікке, жал?анды??а Жасы?тан емессі? сен, ?аталдансы? «А?ыл ойды т?ртіпке» келтіретін На?ыз п?н – математика атан?ансы?! – дей келе орта?а «?здік сынып математигі» ойынына ?атысушыларды ша?ырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?здік сынып математигi»

Үздік сынып математигі


Тақырыбы: «Үздік сынып математигі» атты интеллектуалдық ойын. (8 класс)

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.


Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 8 класс оқушылары арасында өткізгелі отырған «Үздік сынып математигі» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Үздік сынып математигі» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.

Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.


І бөлім – «Қас- қағым сәт»

ІІ бөлім – «Тіл-өнер»

ІІІ бөлім – «Дода»

ІҮ бөлім – «Тапқырлық»

Ү бөлім – «Жорға»

VI бөлім-Математикалық лоберинг


Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.


І бөлім «Қас- қағым сәт».

Қарап тұрмай бәйгеге сізде еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

«Қас қағым сәт» сұрақтарын көріңіз.

Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.


Сұрақтар:
1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)

2. Математикалық өрнектер мен есептеулер жүргізетін бөлім? (алгебра)

3.Үшбұрыштың элементтерін ата.

4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.

(медиана)

5. Шеңбердің ең үлкен хордасы (диаметр)

6. Параллелограмның бір бұрышы 50˚ қалған бұрыштары неге тең? (130,50)

7. Трапеция табандары 4см және 6 см. Орта сызығы неге тең?

8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)

10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. (параллель)

11. 10 тонна мақта ауыр ма, 100 ц темір ауыр ма? (тең)

12. Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

13. Кесіндінің ұштары бар ма, егер бар болса нешеу? (2)

14. Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)

15. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (квадрат)

16. Шеңберді сызатын құрал. (циркуль)

17. «Еврика» кімнің сөзі? (Архимед)

18. Планиметрияның негізгі ұғымдары. (нүкте, түзу)

19. Сыбайлас бұрыштың қосындысы

20. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?


ІІ бөлім «Тіл-өнер».

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл-өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.


Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады.

1)Кез-келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу-прямой)

2) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура? (бұрыш-угол)

3) Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі.( сәуле-луч)

4) Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір-острый)

5)Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойынды . (сызғыш, линейка)

6)Алды артымыз шексізде,

Жете алмайсын біздерге.

Сәуле мен кесінді шыққан тегін білсін де? (түзу, прямая)

7) Нәрселерді санағанда керек ол бізге ауадай,

Айтындаршы бұл қандай сан,

Жан жағына қарамай. (натурал сан, натуральные числа)

8) Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер, окружность)


Ұпайы аз 2 оқушы шығады.


ІІІ бөлім. «Дода»

«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді»-дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

  1. Логикалық есептер:

• 20-ұпай. Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар ал сатушыда тек 5 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз? (24)

• 30-ұпай. Екі бөлмеде 76 адам бар. Бір бөлмеден 30, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң, бөлмелердегі адам саны бірдей болып қалды. Бастапқыда әр бөлмеде неше адам болған?(33,43)

• 40-ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? (1/4)

• 50-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты,- деді. Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,- дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып. Ең көп асықтан ұтылған мен болдым,- дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (18,8,4)


2. «Геометрия» есептері:

• 20-ұпай. Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? 28

• 30-ұпай. 1-ші шаршының ауданы 16м2, 2-ші шаршының ауданы 4 есе үлкен. 2-ші шаршының периметрін тап. 32

• 40-ұпай. Параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың біреуі 400 болса, қалған бұрыштары неге тең? 120,40

• 50-ұпай. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышының сыртқы бұрышы 1050 болса, теңбүйірлі үшбұрыштың ішкі бұрыштары неге тең? 75,75,30


  1. «Ғалымдар» есептері:

20-ұпай. Ежелгі грек математигі элементар геометрияға сандар теориясына арналған әйгілі «Бастамалар» трактатының авторы. Ол математиканы дамытуға зор еңбек етті. (Евклид)

30-ұпай. 18ғасырдан бастап қазіргі мағынасына ие болған «трапеция» ұғымы алғаш рет ежелгі грек математигі кімнің еңбектерінде кездеседі? (Посидония)

40-ұпай. Қай ғалым, геометрияның теоремаларын практикалық есептерді шығару, жағадан кемеге дейінгі қашықтықты есептеу үшін де пайдаланған.(Фалес)

50-ұпай. Ежелгі грек математигі Прокл Vғасырда өзінің Евклидтің «Бастамаларына» берген түсіндірмесінде гипотенузаның квадраты катеттің квадратының қосындысына тең болтыны туралы былай деп жазған: «Ежелгі аңыздарға сенсек. Бұл теореманың дәлелдемесін Пифогор тапқан. Ашқын жаңалығына өгіз сойып тойлаған». Осындай ойды грек тарихшысыда айтады. Сұрақ, қай тарихшы жазған? ( Плутарх)



  1. Викториналық сұрақтар:

• 20-ұпай. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 берілген сандардың несі көп: қосындысы немесе көбейтіндісі ме?

30-ұпай. 5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша? 10

• 40-ұпай. Бір сан екінші саннан 4 есе көп, ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың кіші санын тап. (16 мен 4)

• 50-ұпай. Дәптер мен қарындаш 16 теңге тұрады, қаламсап пен қарындаш 32 теңге тұрады, ал дәптер мен қаламсап 44 теңге тұрады. Заттарға қанша теңге төленген?

Ұпай аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.


ІҮ бөлім. «Тапқырлық»

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім мен оларды айтып бермек үшін - деп, біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?

Жауабы: (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204


Ү бөлім. «Жорға»

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға». Ү бөлімінде әрбір ойыншыға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)

2.Таңбалары әр түрлі сандарды көбейтіндісі. (теріс сан)

3. 639 саны 9-ға бөліне ме? (иә)

4. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

5. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

6. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

7.162 (256)

8. тангенс 450 мәні? (1)

9. Екі қабырғасы паралель төртбұрыш? (трапеция)

10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)


1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

3.640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)

4. Пифогор теоремасы

5.Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

6. 152 (225)

7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)

8. косинус 600-тағы мәні? 1/2

9. Диогональдары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (шаршы, ромб)

10. ОУ осі қалай аталады? (ордината) 


6. тур : «Логикалық лабиринт»

Келесі сан қандай?
18 10 6 4?
Тапсырма ортақ беріледі. Бірінші тапқан оқушыға 5 балл беріледі.


Қорытындылау:

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.


Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?здік сынып математигi

Автор: Бисенбаева Салтанат Бибитовна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289660


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства