kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?шб?рышты? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аманкелді ауданы, ?рпек ауылы Эстетикалы? ба?ытта?ы

Жа?а ауыл жалпы  білім беретін орта мектеп,

Жаркеева Г?лназия Сейілхан?ызы   математика п?ні м??алімі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?шб?рышты? т?рлері »

Аманкелді ауданы, Үрпек ауылы Эстетикалық бағыттағы

Жаңа ауыл жалпы орта білім беретін мектеп,

Жаркеева Гүлназия Сейілханқызы математика пәні мұғалімі





Геометрия 7 сынып


Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Үшбұрыштың түрлерімен танысу, үшбұрыштың анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, үшбұрыштар туралы ұғымын кеңейте түсу.

Дамытушылық: Өздігінен ой қорта білуге, шығармашылықпен жұмыс жасау білуге, үшбұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есеп шығара білуге дағдылану..

Тәрбиелік: Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенін пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1. Слайдтар, флипчарт

2. кадоскоп

3. плакаттарға сызылған сызбалар

Әдісі: (визуалдық лекция). Түсіндірмелі баяндау (сұрақ-жауап, салыстыру,

иллюстрациялық және репродуктивті).

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың жүру барысы:

І- кезең. Ұйымдастыру

Сызбаларды орындауға қажетті құрал аспаптардың толық болуына назар

аудару және көңіл –күйлерін бір ортаға тоғыстыру. Шаттық шеңбері

арқылы геометриялық ұғымдар айту.

ІІ- кезең.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тарауды қайталау мақсатында

оқушыларды өзім дайындап әкелген житондар арқылы топқа бөлу , сол

топтардың атын қорғау.Тік бұрыш тобы, Сыбайлас бұрыш тобы, вертикаль

бұрыш тобы.

ІІІ- кезең. Жаңа сабақты

Ой шақыру. СТО технологиясының білемін, білгім келеді, білдім әдісін

қолдану арқылы үшбұрыш туралы білгендерін еске түсіре отырып оқушы

зейінін жаңа сабаққа бейімдеу.

Мағананы ажырату кезеңінде үш топ жаңа сабақты өздері бір – біріне

түсіндіріп, талдау жасайды.

Сыбайлас бұрыш тобы: Қабырғалары бойынша үшбұрыштардың бөлінуін

интерактивті тақта арқылы түсіндіріп қорғайды.

Тік бұрыш тобы: Үшбұрыштардың бұрыштары бойынша бөлінуін плакатта

сурет салу арқылы қорғайды.

Вертикаль бұрыш тобы: Кадоскоп арқылы практикалық жұмыс жасайды.

ІV- кезең. Ой сергіту. Оқушылардың ойын сергітіп, жігерлендіру

мақсатында интерактивтік тақта арқылы логикалық есептер шығарылады.

V- кезең. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгенін тексеру

Оқушылар топпен есеп шығарып, топтың лидері интерактивтік тақтаның

ACTIVote бағдарламасындағы геометриялық құралдарды пайдаланып

сызбасын сызып, есеп шығарады.

VІ кезең. Жаңа білімді бекіту кезеңі

Тік бұрыш тобы: Тең қабырғалы, тең бүйірлі үшбұрыштарды венн

диаграммасы арқылы салыстырады.

Сыбайлас бұрыш тобы: Семантикалық қасиеттерді талдау кестесін

интерактивтік тақта арқылы талдайды.

Вертикаль бұрыш тобы: Үшбұрыштарды топтау

VІІ кезең. Қорытынды. Математикалық диктант алу.

VІІІ кезең. Үйге тапсырма: №17, №22

  1. Үшбұрыштың өмірдегі мысалын жинақтау.

  2. Екі жақты күнделік жазу.


ІХ. Топтарды марапаттау. Оқушы білімін бағалау.

Оқушыларға сабақ барысында жауаптарына қарай житон таратылып отырылды. Сол житондардын санына байланысты оқушылар өзін – өзі бағалайды. – өте жақсы - жақсы - орташа


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?шб?рышты? т?рлері

Автор: Жаркеева Гульназия Сейлхановна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства