kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?шб?рышты? ауданы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен 8 сыныпта ?ткізген "?шб?рышты? ауданы" атты ашы? саба?ымды жариялап отырмын. Б?л саба?ты? ма?саты о?ушыларды? ?шб?рышты? ауданын есептейтін формулаларды есептер шы?ару кезінде пайдалана алулары. Pisa есептерін пайдаландым. Осы ?мірмен байланыстырып есептер шы?ару?а ?йрету. Б?л ашы? саба?ты математика апталы?ы кезінде ?ткіздім. О?ушылар т?гелдей дерлік ?шб?рышты? ауданын есептей алды, та?ырыпты т?сінді деп ойлаймын.Саба?ты? типі: ?айталау, жина?тау, есептер шы?ару. Саба?та пайдалан?ан ?діс т?сілдерім: топты?, жеке ж?мыстар, ойын элементтері, шы?армашылы?.  Саба?ты? т?рі: ?айталау,пысы?тау.Саба?та пайдалан?ан к?рнекіліктерім:интерактивті та?та, слайдтар, суреттер, пара?шалар. Саба?ты мотивациялы? кезе?нен бастадым, о?ушылар?а ала?анны? суретін таратып, ?р сауса?ына бір-біріне жа?сы тілектер жазды, о?ушыларды саба??а жа?сы к??іл к?ймен дайындау ар?ылы. Содан кейін о?ушыларды ?шб?рышты? т?рлері ар?ылы топтар?а б?лдім. 4 топ болды: олар ?шб?рыш, те? б?йірлі ?шб?рыш, те? ?абыр?алы ?шб?рыш, тік б?рышты ?шб?рыш. Содан со? о?ушыларды саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатымен таныстырдым. Б?л кезе?нен кейін ?й тапсырмасын тексеріп алдым, та?тада слайдта есепті? шешуін беріп сол ар?ылы о?ушылар ?здері шы?ар?ан есептерін тексерді.  Осыдан кейін "Сый таба?" деп аталатын кезе?ге к?штік, онда ?р топ?а таба?шалар таратылды. Топ о?ушылары сол таба??а ?шб?рышты? т?рлерін ж?не ?асиеттерін жазды. Б?л кезе?нен кейін "Абажур"стратегиясын пайдаландым. Онда о?ушылар абажурге  ?шб?рышты? ауданын есептейтін формулаларды жазып, ?р топ орта?а абажур жасап ?ойды. "Шашыл?ан ережелерді жина?та" кезе?інде та?тада ережені? басы жазылып, ?р топ о?ушылары сол ережелерді? со?ын жал?астырды. Сергіту с?тінде о?ушылар "домино" ойынын ойнады. Онда о?ушыларды патриотты? т?рбиеге т?рбиелеуге байланысты с?йлемдер жасырылды.Сергіту с?тінен кейін Пиза тапсырмаларына байланысты екі есеп шы?арылды.М?нда б?лмені? ауданын есептеу мен аулада?ы г?лзарды? ауданын есептеуге байланысты есептер. Есептерді шы?ар?ан со? саба? бойынша ?р топ басшылары ба?алау пара?тарына ба?аларды ?ойып м??алімге ?ткізді, сол бойынша о?ушылар білімін ба?аладым. Саба? со?ында о?ушылар?а ?й тапсырмасы беріліп т?сіндірілді ол "Ізгі д?ст?р" деп аталды. Саба?ты ?орытындылау ретінде рефлексия болды. О?ушылар ?олдарында?ы стикерер ар?ылы саба?та?ы к??іл к?йлерін білдірді.Саба? ?те ?ызы?ты ?тті. О?ушылар ?шб?рышты? ауданы та?ырыбын ме?герді деп ойлаймын. Мен саба?та ?з ма?сатыма жеттім деген сенімдемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?шб?рышты? ауданы»

Зайсан ауданы әкімдігі

«М.Әуезоватындағы орта мектебі» КММ










Тақырыбы:

«Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару»

(ашық сабақ)

8 «а»сынып

геометрия


























Файзрахманова А.К

математика пәнінің мұғалімі




2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ауданы


Білімділік:

Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу;

Дамытушылық:

Үшбұрыштың ауданынын есептеуге және элементтерін табуға арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, қиындықты жеңе білуге, шапшаңдылыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа , алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару

Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық.

Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар

Сабақ құрлымы:

  1. Үйымдастыру

  2. Үй жұмысын тексеру.

  3. «Сый табақ»

  4. «Абажур» стратегиясы

  5. ШАШЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖИНАҚТА

  6. Сергіту сәті «Домино»

  7. Оқулықпен жұмыс

  8. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма

  9. Қорытындылау

Сабақ барысы:

І. Мотивациялық кезең: оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталандыру

Үшбұрыштың түрлерін пайдалану арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

І топ: «Тікбұрышты үшбұрыш» тобы

ІІ топ: «Теңбүйірлі үшбұрыш» тобы

ІІІ топ: «Теңқабырғалы үшбұрыш» тобы

IV топ: «Үшбұрыш» тобы

Мұғалім:

Балалар, әрбір оқушы мына алақанның әр саусағына өз тобыңдағы оқушыға бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп өз тілегін жазсын. Топ басшылары алақанның ортасына жазсын. Осындай жақсы тілек тілеп бүгінгі ашық сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл- күймен бастайық.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

272

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері а=1,6см, в=4,5см. Үшбұрыштың ауданын табу керек.

ШЕШУІ:

А Бер: ∆ АВС, АС=в=4,5см

ВС=а=1,6 см

Т/к: S -?

Itieі^ S=1|2 а*в S=1|2*1,6*4,5=36cм²

в




С а В


ІІІ. «Сый табақ»

Балалар уйге қонақ келсе уй иесі қандай әрекеттер жасайды?

А) Төрге шығарамыз

Ә)Дастарханға шақырамыз

Б) Ет асып , табақ тартамыз

Қазір біз мына келген қонақтарға «табақ тарату» рәсімін жасайық.

Әр топқа табақ таратамын, ортасында «Үшбұрыш» сөзін жазамыз. Ал шетіне осы үшбұрыш туралы не білеміз, анықтамасын, қасиеттерін, үшбұрыш туралы теореманы да жазуға болады. 5 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.


IV. Үшбұрыштың ауданының формуласы

«АБАЖУР» стратегиясы


Балалар мен сендерге әр топқа түсті қағаз таратамын. Сол қағазды 4 ке бүктеп әр бөлігіне үшбұрыштың ауданының формуласын жазамыз. Керек кезде формуланы пайдалануға болады.Сендерге 3 минут уақыт беріледі. Бастаймыз.


V. «Шашылған ережелерді жинақта...»

Бірінші бағанда ереженің басы жазылған, екінші бағаннан ереженің соңын табу керек.


VI «Сергіту сәті»

VI «Домино»


Балалар домино ойынын білеміз бе? Әр топқа домино құрастыруға тапсырма беріледі. Бұл қандай да бір сөйлем жасырылған сол сөйлемді табамыз.

І ТОП: «Ел бірлігі жылы- Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы»

ІІ ТОП: «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»

М.Әуезов

ІІІ ТОП: «2015 жыл- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» Қазақ хандығының 550 жылдығы

4 ТОП: «Ешкімде ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды» ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 жылдығы


7. ПИЗА есебін шығару

1 ЕСЕП

Балабақша едені

Қалада балабақша салынып жатыр. Салынып жатқан балабақшаның ойын бөлмесінің еденіне паркет төсеу керек.

Паркет плитканың түрі: тікбұрышты үшбұрыш

Сұрақ №1: Балабақша едені.

Ойын бөлмесінің ауданын тап.

Бөлме өлшемі: 5,75м х 8 м.

Жауап: _____м²

Сұрақ 2: Балабақшаның едені.

Балабақшаның ойын бөлмесінің еденіне паркет төсеу үшін екі

тікбұрышты үшбұрыш паркеттен бір тіктөртбұрышты паркет шығады.

Сұрақ 3: Балабақшаның едені.

Балабақшаның ойын бөлмесінің еденіне толық паркет төсеу үшін неше

Үшбұрыш паркет қажет?


2 ЕСЕП


Гүлзардың ауданы

Мектеп ауласына тік бұрышты үшбұрыш тәріздес гүл егетін гүлзардың орны дайындалды. Гүлзардың периметрі 48 см, ал үлкен қабырғасының (гипотенузасы) 20 см-ге тең.

Сұрақ 1: Гүлзардың ауданы

Суретті пайдаланып, үшбұрышты гүлзардың кіші қабырғаларын (катеттерін) табыңыз.

Үшбұрыштың катеттері: 12 см, 16 см.

Тапсырма құрылымы: еркін жауаптармен құрылымдалған

Құзыреттілік: елестету

Аймағы: сандар:

Жағдаят: оқыту

Деңгейі: 2

Код: 1(1) – шығарылуымен толық жауап; Код:1(2) – тек жауап болса;

Код: 0 – дұрыс емес жауап болса; Код: 9 – жауап болмаса.

Үшбұрышты гүлзардың катеттері арқылы үшбұрыштың ауданын есептеңіздер.

Үшбұрыштың ауданы 96 см2



8. Оқулықпен жұмыс №274 (1,3)


Х ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

«Ізгі дәстүр»

Анықтама, теоремаларды жаттау

Қосымша тапсырма

Тікбұрышты үшбұрышқа байланысты Өмірмен байланыстырып логикалық есеп дайындау



9. Рефлексия

  • Жеке басымның жұмысының нәтижесі деп мен төмендегіні есептеймін:

А. Теорияны түсіндім. Б. Есептер шығаруды үйрендім. С. Өткен тақырыпты қайталап өттім.

  • Сабақ үстінде есеп шығарғанда өздеріңе не жетіспеді деп ойлайсыңдар?

А. Білім. Б. Уақыт. С. Ынтам болмады. Д. Есептерді жақсы шығардым.

  • Сендерге сабақ үстіндегі қиыншылықтарды жеңуге кім көмек жасады?

А. Сыныптастар. Б. Мұғалім. С. Оқулық. Д. Ешкім.



ХІ Қорытындылау.

Сабақты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен қорытындылау

Өмір бойы үздіксіз білім алу - әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс ”, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?шб?рышты? ауданы

Автор: Файзрахманова Арда? Кизатулловна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 247886


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства