Қолданылатын әдістер: Кембридж, БиС технологиясының элементтері, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын құру
(Оқушыларды түгендеу, 2 топқа қалаулары бойынша «Синустар» және «Косинустар» атауларын беру, топтың басшыларын белгілеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(Әр топ басшысы тобындағы оқушылардың
дайындығын тексереді, мәліметін береді, жауаптарын мұғалім айтып, ауызша
тексеріледі).
ІІІ. «Жұбыңды тап» (Формуламен жұмыс)
1)
2)
ІV. Дамытушылық кезең
Топтық жұмыс
Синустар және косинустар теоремасының ғылымның әр түрлі салаларында, күнделікті өмірде қолданылуы.
1. Тарих саласы бойынша: Тарих пәні мұғалімі оқушыларға
ой қозғау мақсатында Мысыр пирамидалары туралы бейнебаян көрсетіп, қысқаша мәлімет келтіріп, соған байланысты тапсырмасын береді.
Тапсырма №1
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.
Бейбітшілік пен келісім сарайы Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.
Пирамиданың табан қабырғасының ұзындығы 62 м, ал бүйір қырларының ұзындығы 88 м болса, табаны мен бүйір қырының арасындағы бұрыш неше градусқа тең?
2. Физика саласы бойынша: Физика пәні мұғалімісинустар және косинустар теоремасының физиканың нақты қай саласында қолданылатынына мәлімет келтіріп, өзінің тапсырмасын береді. Және оны оқушылардың қалай орындағанын тексереді.
Тапсырма №2
Материалық нүктеге арасындағы бұрышы = 600 болатын күш P=100H, F=200H әсер етеді. Осы екі күшке тең шамалы R күшін табыңдар.
3. География саласы бойынша: География пәні мұғалімі синустар және косинустар теоремаларының нақты қандай салаларда пайдаланылатынына түсінік береді және соған сәйкес өз тапсырмасын береді.
Тапсырма №3
Әйгілі Бермуда үшбұрышы немесе
Бермуд үштағаны — Атлант мұхитыныңФлорида түбегі, Бермуда және Пуэрто-Рико аралдары
аралығындағы су айдыны. Бұл ауданда алып су иірімдері
(рингтер), тік бағыттағы жылдам қозғалатын ауа массасы,
лезде пайда болып, лезде ғайып болып кететін теңіз құйыны, кәдімгі ақша бұлттан пайда болатын найзағай, ашық аспанның турбуленттілігі, т.б. ғажайып табиғи құбылыстар жиі болып тұрады. Үшбұрыш айдынындағы су ерекше көгілдір және мөлдір. Зерттеулер нәтижесінде 500 м тереңдікке дейін теңіз суы температурасының бірқалыпты болатындығы (180С) анықталды. Тропиктік белдеуден тыс жатса да “Бермуда үшбұрышы” ихтиофаунаға, су балдырларына және маржандарға өте бай. “Бермуда үшбұрышындa” кемелердің тұтас немесе кеме командасының жоғалып кетуі, сондай-ақ, бұл аудан үстімен өткен ұшақтардың апатқа ұшырауы, ғайып болуы көп тіркелген.
Флорида түбегінен Бермуд аралдарына дейінгі қашықтық шамамен 1600 км, Бермудтан Пуерто Рикоға дейінгі арақашықтық 1700 км, ал Пуерто Рикодан Флорида түбегіне дейін , нақтырақ айтқанда Майами қаласына дейін 1600 км. Бермуд үшбұрышының бұрыштарын және ауданын табыңыздар.
V. Математикалық лото
1.Синустар теоремасын айтыңыз.
2. Косинустар теоремасын айтыңыз.
3. Синустар теоремасын жазыңыз.
4. Косинустар теоремасын жазыңыз.
5. sin30°, Sin45°, Sin 60° - мәндері неге тең?
6. cos 30°cos 45°cos 60° - мәндері неге тең?
7. Косинустар теоремасын түрлендіріп жазыңыз.
8. Үшбұрыштарды шешу дегеніміз не?
VІ. Жұптық жұмыс
Кестемен жұмыс
VІІ. Қорытынды.
1.Үшбұрыштар туралы қызықты мәліметтер мен оқиғалар.