kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ш та?балы сан?а жазбаша б?лу т?сілдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. о?ушыларды ?ш та?балы сан?а б?луді? жа?а т?рімен ж?не оны шы?ару амалдарымен таныстыру; ?рт?рлі есептерді шы?ару ?абілетін жетілдіру; математикалы? терминдерді орынды пайдалана білуге ?йрету.

 2. дамытушылы? :о?ушыларды? логикалы? ойлау, танымды? ?абілетін дамыту, белсенділігін, зейінділігін арттыру, математика?а деген ?ызы?ушылы?тарын ояту.

3. о?ушыларды ??ыптылы??а, шапша?дылы??а,тазалы??а, жігерлікке, е?бек?орлы??а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ш та?балы сан?а жазбаша б?лу т?сілдері" »

Пәні: математика

Уақыты: 27.01.15 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік: оқушыларды үш таңбалы санға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру; әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру; математикалық терминдерді орынды пайдалана білуге үйрету.

ә) дамытушылық :оқушылардың логикалық ойлау , танымдық қабілетін дамыту, белсенділігін , зейінділігін арттыру, математикаға деген қызығушылықтарын ояту.

б) тәрбиелік : оқушыларды ұқыптылыққа , шапшаңдылыққа ,тазалыққа , жігерлікке , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : жаңа сабақ

Сабақтың түрі : жарыс сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап ,топтық ,өзіндік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі : Астана қаласының кешендерінің суреттері , өлшем бірліктер , сөзжұмбақ ,кесте , бағалау парақшалары

Сабақтың басқа пәнмен байланысы: дүниетану ,әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы :

І .Ұйымдастыру кезеңі :оқушылар назарын сабаққа аудару , оқу- құралдарын қадағалау.

Психологиялық сәт

Біз әдепті баламыз,

Тек үлгілі боламыз.

Еңбек етіп жұмыла

Бестік баға аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :

«Ыстық орындық» ойыны арқылы қайталау сұрақтарын беру.

Қашықтықты қалай табамыз? (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз).

600 санын 300ге арттыр;

Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз).

Азайғыш 90, азайтқыш 70 айырманың мәнін тап.

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. (икс).

Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш).

ІІІ. Үй тапсырмасын бағалау.

ІV. Жаңа сабақ : 1. Кіріспе бөлім :

Бүгін санды үш таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдері мен әртүрлі есептерді шығаруды үйренеміз. Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз.

І топ : « Болашақ» ІІ топ « Достық» ІІІ топ « Бірлік»

Әр топ өздеріне берілген есептерді жылдам , дұрыс әрі тез орындау керек.

Сабағымызды атақты орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың : « Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика , сондықтан да оны оқу керек» деген сөзімен бастағым келеді.

2.Негізгі бөлім :

1 – тапсырма ( ауызша). І топ : ІІ топ : ІІІ топ:


4600 3 689 1 150


+ 2400 +1 311 + 1 250


7 5 5 4 6 8


+3560 + 5 321 + 6 347


? ? ?


2 –тапсырма : а)

Бөлінгіш : 1 072 Бөлгіш : 134 Бөліндінің мәні : ?

Түсіндіру : 1 072 – ні 134 –ке бөлу керек. Ол үшін 1 072-ні 10-ге бөлемін , 10 шығады. 10 саны бөліндінің мәні болмайды , себебі разрядтағы ең үлкен бірлік – 9 саны.Яғни 9-ды аламын. Тексеремін : 134-ті 9-ға көбейтемін. 1 206 саны шығады. Бұл 1 072-ге қарағанда үлкен , сондықтан бөліндінің мәнінде 9-дан кіші сан болу керек. 8 санын алып көремін.Тексеремін : 134 х 8 =1 072.Бөліндінің мәні 8-ге тең.

Бөлінгіш : 1 072 Бөлгіш : 134 Бөліндінің мәні : 8

ә) Есептеп дұрыстығын тексер :

І топ ІІ топ ІІІ топ

1 206 : 134 = 9 1 188 : 132 =9 2 528 : 316 = 8

1 960 : 245 = 8 2 097 : 233 =9 1 107 : 123 =9

3 – тапсырма : Өрнектердің мәнін табу :

Атақты неміс математигі Карл Фридрих Гаусс : «Математика бар ғылымның патшасы , арифметика – математика патшасы» дегендей амалдардың орындалу ретімен дұрыс шығарады деп сенемін.

І топ :

( 13 968 – 9 756) : 234 = 18

ІІ топ :

7 791 : ( 10 000 – 9 629) = 21

ІІІ топ :

15 953 : 53 + 29 080 х 18 – 490 076 = 33 665

Сергіту сәті :

Адымдаймыз , адымдаймыз,

Қолды биік көтереміз

Басымызды түзу ұстап

Баяу терең дем аламыз.

І топ :

4 – есеп : Әртүрлі тәсілмен шығару :

Ш : 1 қ. ж. – 67 ( л) су

І – с. – 19 ( қ)

ІІ – с. – 35 ( қ)

Ш : 1- тәсіл : 67 х 19 + 67 х 35 = 3 618( л) су

2 – тәсіл : ( 19 + 35) х 67 = 3 618 ( л) су

Ж : Барлығы : 3 618 ( л) су

Ауызша тест : 1) Ең жас қала ? - Астана қаласы

2) Астананың символы не ? – Бәйтерек

3) Қай жылы Астана болды ? – 1998 жылы 6 мамырда

4) Астанада қандай кешендер бар ? - Ақ орда , Н.Ә.Назарбаев универсиеті , Хан шатыры , Думан , Бәйтерек , Бейбітшілік және келісім сарайы т. б.

Келесі есептер Астананың екі кешеніне байланысты.Бірінші Бәйтерек кешені - ол Астананың символы , қаланың дәл ортасына орналастырылған. Қаланың қай шетіне барсаң да Бәйтерек көзге түседі.Бәйтеректің қай жылы салынғаны мен биіктігін есепті шығару арқылы білеміз.

ІІ топ :

6 – есеп :

а) Радиус деген не ? – Шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді.

Диаметр деген не ? – Шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді.

D = 22 м . R = ? м

R = D : 2

R = 22 м : 2 = 11 м = 1 100 см = 11 000 мм

ІІІ топ :

Пирамида пішінінде салынған Бейбітшілік пен келісім сарайы 7 қабаттан тұрады . Бірінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі баспалдақ жиегінде 120 түрлі гүлдермен безендірген.Соңғы 6-шы және 7-ші қабаттары әйнектен салынған , онда бейбітшіліктің символы ақ көгершіндердің суреттері бейнеленген.Ол кешеннің биіктігін білу үшін , мына есепті шығарайық.

ә) Һ ( П) = 62 м =620 дм

Һ (Б) = ? 350 дм

Һ = 620 дм + 350 дм =970 дм =97 м

Һ ( Б ) =97 м

Сұрақ: биіктігі неге 97 м ? Жауабы : себебі 1997 жылы салынған.

7 – тапсырма :

Математикалық терминдерді табу.

3 .Қорытынды бөлім : Сөзжұмбақ « Рахмет»

Атақты орыс математигі Николай Иванович Лобачевскийді 3 нәрсе данышпандыққа жеткізді , олар : дарын , жігер және еңбек.

Р - 1. Бәйтеректің биіктігі қанша метр ( см. өрнекте) 97 м =9700 см

А – 2. Қарама қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай айтамыз? ( тік төртбұрыш)

Х - 3. Ауданды қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)

М – 4. Фигураның периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

Е – 5. Жылдамдықты қалай табамыз? (қашықтықты уақытқа бөлеміз)

Т – 6. Теңдеу дегеніміз не? (теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу)

Сендерде осындай данышпандыққа жетеді деп мынадай тілектермен бағалаймын. Әр оқушыға тілек жазылған гүлдер ұсынамын.

V. Үйге тапсырма : 5-есеп , 8-тапсырма ,52 бет















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"?ш та?балы сан?а жазбаша б?лу т?сілдері"

Автор: Газизова Аягуль Абдрахмановна

Дата: 31.03.2015

Номер свидетельства: 194434


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства