Сабақтың тақырыбы: Қарама -қарсы сандар.
Сабақтың мақсаты:І. Қарама-қарсы сандарды ажырата білу.Өз ойын дәл,тиянақты айта білуге үйрету.
ІІ.Оқушылардың өзін -өзі тану белсенділігін жетілдіру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
ІІІ.Пәнге деген қызығушылығын өзін- өзі тану пәнімен байланыстыра отырып дамыту,тез ойлап жақсы нәтижеге жету қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Ассоциация әдісі, СТО технологиясының стратегиялары, Эйлер - Венн дөңгелектері.
Пән аралық байланыс: Өзін- өзі тану, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Эйлер-Венн дөңгелектері, өсіп тұрған гүл.
Тірек сөздер: дос -дұшпан, жомарт- сараң, жалқау- еңбекқор, дөрекі-
сыпайы.
Сабақтың барысы: І. Топқа бөлу үшін оң сандар және теріс сандар деп жазылған парақты қораптан алады. Оң сандар І топ, Теріс сандар ІІ топ.
Үй тапсырмасын тексеру: Топтық тапсырма
І –топ: Координаталық түзудің бойынан мына суреттерді тиісті орындарға бейнелеңдер.
ІІ-топ: Координаталық түзудің бойынан барлық натурал сандар және
0 санын белгілеңдер.
ІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын мына адасқан әріптерді пайдаланып тауып аламыз. (Қарама-қарсы сандар және рационал сандар)
Рамақа сықар дарсан тінбү нежә ционалра дарсан
Сабақтағы ұстанымымыз : Цифрлар( сандар) әлемді басқармайды, бірақ олар әлемді қалай басқару керек екенін нақтылайды. ( И. Гете)
Координаталық түзу сызып,оның бойынан 4 және -4; -2,5және 2,5
сандарын белгілейік.
---4-3-2-1-0-1-2-3-4---→
Координаталық түзу бойында осы сандарды кескіндейтін нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта және қарама- қарсы бағытта орналасқан. 4 және – 4 санының бір- бірінен айырмашылығы тек таңбасында ғана. Мұндай сандар қарама -қарсы сандар деп аталады. Сонымен қарама- қарсы сандар дегеніміз бір- бірінен тек таңбаларымен ажыратылатын сандар. Қандай да бір ғана санға бір ғана қарама- қарсы сан бар.Осыны әріппен белгілесек – а саны а санына қарама- қарсы сан.
І. Оң санға қарама- қарсы сан теріс сан болады.
Мысалы: a=34болса,оған қарама- қарсы сан –a=-34
ІІ. Теріс санға қарама -қарсы сан оң сан болады.
Мысалы: -a=-2,4 -(-a)=-(-2,4)=2,4
ІІІ. О саны өзіне- өзі қарама- қарсы сан.
Натурал сандар және оған қарама- қарсы сандар және о саны бүтін сандар деп аталады.Барлық бүтін сандар бүтін сандар жиынын құрайды. Бүтін сандар жиынын Z әрпімен белгілейміз.Бүтін сандар жиыны{-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5}
Бүтін сандар, бөлшек сандар( оң және теріс) рационал сандар деп аталады. Барлық рационал сандар рационал сандар жиынын құрайды. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді.
Таңбалар ережесі
+(+)= + Досымның досы –менің досым
-(+) = - Дұшпанымның досы- менің дұшпаным
+(-) = - Досымның дұшпаны-менің де дұшпаным
-(-) = + Дұшпанымның дұшпаны-менің досым








жарым таяқшаның неше ұшы бар? (8)
Екі санның көбейтіндісі 1-ге тең болса, онда олар қандай сандар?
Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?
Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым (Аксиома)
Екі жағынан да шектелмеген нүктелер жиыны қалай аталады? (Түзу)
Суретте бейнеленген оқымысты кім?
Бұл кай математик?
Кімнің сөзі
Бұл қай ғалым?










Сәттілік 




