Просмотр содержимого документа
«Урок алгебры в 8 классе "Квадратты? те?деулерді шешу" »
Павлодар қаласы № 17 ЖОББСОБМ
Ашық сабақ
8 cынып.
Алгебра
Хамиева Жанна Өмірбаевна,
математика пәні мұғалімі, 1 санатты
2012 жыл
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеулер.
Сабақтың мақсаты:
Өткен сабақтағы материалдарды қайталау және «Квадрат теңдеулер» тарауын пысықтау.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес басқа оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас, ойын, қайталау- толықтыру сабағы түрінде құрылды.
Сабақтың типі: қайталау.
Көрнекілігі: таблицалар, лото, тест есептері, бағалау парағы, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сынып төрт топқа бөлінген (әр топта 5 оқушыдан), әр топ оқушыларының кеудесінде 1,2,3,4,5 деген цифрлі эмблемасы бар.
1 слайд. Ой толғау сәті. Анаграммаларды шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
2 слайд. «Адам не істесе де белгілі мақсатпен істейді... іске қол ұрғызатын да оның білуіне шабыт, жігер беретін де сол мақсат ».
М. Қаратаев
Сабаққа мақсаттарын қою.
І кезең. Жалпы тарау бойынша қайталау сұрақтары. Ауызша есептер. Ой толғау сәті. Тал отырғызу?
«Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал жақсы»
Қандай теңдеулерді квадраттық теңдеулер деп айтады?
Толымсыз квадраттық теңдеулер деп қандай теңдеулерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.
Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жазыңдар.
Виет теоремасын тұжырымдаңдар
ІІ кезең.
Өзінді тексер!
Ұраны: «Асу бермес асқар жоқ»
Есептер шығару: (топ басшылары тақтаға есеп шығарады, шығарып болған соң шығару тәсілін түсіндіреді. Оқушылар дәптерге жазады. Өзіңе ыңғайлы тәсілімен шығарады.)
теңдеу
а
в
с
D
х1
х2
х1 + х2
х1 * х2
16 х2= 0
...х2 + 8х = 0
8
х2 - ... = 0
0
-5
х2 -10 х + 9 = 0
1
5х2- 2 = 0
ІІІ кезең. Кім жылдам?
Ұраны:
«Өнер ағып тұрған бұлақ, Білім – жанып тұрған шырақ»
№ 1.Теңдеуді шешіңдер:
№ 2 есеп.
1) Ауданы 240 см2-ге тең тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 14 дм -ге ұзын. Тіктөртбұрыштың диагоналінін ұзындығын табыңдар.
2) Қабырғаларының айырымы 14 дм, ал диагоналі 26 дм болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
№ 3 есеп.
Амандасу.
Мәжіліске қатысушылар бір-бірімен сәлемдесіп қол алысқан, біреу қол алысудың барлық саны 66 болғанын санапты. Мәжіліске қанша адам келген?
№ 4. Теңдеулерді шешіңдер:
1)
ІҮ кезең. “Математикалық лото” ойыны
Теңдеулердің түбірін тауып, тиісті шешімдерін орнына қой, квадарт теңдеудің қай анықтамасын пайдаланғанын айта кету:
x=1
x=0
Е
В
К
Л
И
Д
Тарихи мәліметтер.
Б.д.д. 325 – 265ж Евклид ежелгі дәуірдегі грек математигі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бұрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған. Евклидтің «Негіздерден» басқа «Фигураны бөлу туралы», «Конустың қималары» деп аталатын еңбектері бар. Ол астрономиядан, музыкадан, т.б. салалардан да еңбектер жазған. Математиканы сүйетін әрбір талапкердің ғылымының классикалық бұл еңбегімен танысып аса пайдалы болар еді.
Ү кезең. Білімінді тексер.
Ұраны:
«Білімнің басы бейнет, соңы зейнет».
Тест жұмысын орындау. (Топтарға карточкалар таратылады)
1 – нұсқа
Квадрат теңдеудің дискриминантын тап:
А. 1 В. 0 С. ½ Д. -45
2 – нұсқа
Квадрат теңдеудің дискриминантын тап:
А. -36 В. 20 С.0 Д. 1
2. Теңдеудің түбірлерін табыңдар:
А. 1; -0,2 В. 1; -1 С. 4; -1 Д. ±5
2. Теңдеудің түбірлерін табыңдар:
А. ±1,5 В. 1; 2/3 С. 0,5;4 Д. 26; -15
3. Теңдеуді шешіңдер:
А. 2; -1 В. -2;4 С. -9; 1 Д.0
3. Теңдеуді шешіңдер:
А. 2; -1 В. -2;4 С. 3; -5,5 Д. ±7
4. Теңдеудің бір түбірі 2-ге тең. Теңдеудің екінші түбірін табыңдар.
А. -18 В. -19 С. 19 Д. 21
4. Теңдеудің бір түбірі 3-ке тең. Теңдеудің екінші түбірін табыңдар.
А. 17 В. -18 С. 18 Д. 20
5. Теңдеуді шешіңдер:
А. ±3; ±7 В. ±1; ±4 С. ±5 Д.0
5. Теңдеуді шешіңдер:
А. ±2; ±5 В. ±3; ±5 С. 0 Д.Түбір жоқ
Жауаптары.
1-нұсқа
2-нұсқа
1. С
1. А
2. В
2. Д
3.Д
3. В
4. В
4. Д
5. В
5. С
ҮІ. Сабақтың қорытындысы. Бағалау кестесі бойынша оқушылардың бағасын шығару. Оқушылардың білімі сабақтың тапсырмалық кезеңдерінің нәтижелері түсіріліп отыратын бағалау кестесіндегі ұпай жиынтығымен есептеліп шығарылады.