Просмотр содержимого документа
«Уа?ыт жайында т?сінік. Са?ат минут. »
Тақырыбы: Уақыт жайында түсінік. Сағат минут.
Мақсаты: 1 Сағат бетіндегі цифрлар және сызықшалар,оның тілдері
бойынша уақытты таба білуге,оны тәжірибеде қолдана білуге
үйрету.
2Топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Уақытты тиімді пайдалануға ,әдепті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сағат моделі, тапсырмалар жазылған конверттер,
ойындар,қызықты есептер,суреттер,мақал-мәтелдер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену.
Түрі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып топқа бөлініп отырады, ұйымдастырып ,назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
Уақыт жайында түсінік. Сағат. Минут.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Кіріспе әңгіме
Бүгін бізде ерекше күн ,сыныбымызға көп қонақтар келіп отыр.Біз қонағын құдайдай сыйлаған халықпыз.Халқымызда келген қонақтарға арналған қандай сөздер бар еді?
(Оқушылар жауабы тыңдалады)
Оқушылар амандасуы
Үнемі амандасып ,үлкенді сыйлап ,кішіге қамқор болып жүретін балаларды қандай балалар дейді ?Бүгін біз осы «Әдептілік әлеміне » саяхатқа шығамыз.
1.Олай болса әдептіліктің мәуелі бәйтерегін толтырайық. «Әдептілік жайлы сөздер»(топтама жасалады)
№1
Жаңа сабақ
Мұғалім түсіндірмесі
Сағаттық тіл,минуттықтіл жайлы түсінік беру
1сағатта- 60 минут
2.Практикалық сабақ
а) Сағат моделі бойынша жұмыс
Мұғалім түсіндірмесі
№2
б) Сағат тілдерін орналастыр
(Топқа тасырма)
1-топ -8.00, 2-топ-9.20, 3-топ-12.40, 4-топ-12.50
9.45 10.45 8.15 6.20
№3
3.№ 2Ауызша жұмыс(түсіндіру)
Әр айда -30,31,(ақпан 28,29)
1 апта -7 күн
1 жыл-12 ай
1тәулікте -24 сағат
1 ғасыр-100жыл
№4
Тақтамен жұмыс
№3 а) ә) тақтада
б ) топқа тапсырма
Қазір жылдың қай мезгілі?
Дала қандай?
Көбелектерді өз гүлдеріне қонуға көмектесейік.
№ 4 Ойын: «Гүлге көбелек қондыр»
Топқа тапсырма(1 мин ішінде)
Сергіту сәті
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
№5
Математикалық диктант
38, 83, 30, 80, 3, 8, 100, 10, 50, 5
№6
Есеппен жұмыс
Әкесі- 40жаста Баласы - 10 жаста
Баласы-? 30 жас кіші Әкесі - ? 30жас үлкен
Ш:40-30=10 Ш: 30+10=40
Әкесі -40 жаста Әкесі -40 жаста
Баласы – 10 жаста ? жас үлкен Баласы -10 жаста ? жас кіші
Сабақты қорыту
Топқа тапсырма
Ән: «Не деу керек?»
Үйге тапсырма
6 39 -бет
Бағалау
Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы
«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі