kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? валютаны? 22 жылды?ына байланысты математика п?нінен «n-ші д?режелі т?бір ж?не оны? ?асиеттері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«n-ші д?режелі т?бір ж?не оны? ?асиеттері» та?ырыбына интеграциялы?  бекіту саба?.

 n-ші д?режелі т?бірді? негізгі ?асиетін пайдаланып есеп шы?ару ?рдісінде ?олдану біліктілігін ?алыптастырып ?ткен та?ырыпты бекіту ма?сатында ал?ан білімдерді ж?йелеу, жалпылау, ?орытынды жасау?а баулу; 

??ыптылы??а, бай?ампазды??а, ?з бетімен ж?мыс істеуге т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? валютаны? 22 жылды?ына байланысты математика п?нінен «n-ші д?режелі т?бір ж?не оны? ?асиеттері» »



Ұлттық валютаның 22 жылдығына байланысты математика пәнінен «n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері» тақырыбына интеграциялық сабақ.


Ы.Х.Болатова

Акмола облысы, Көкшетау қаласы

№18 орта мектебі


[email protected]




Тақырыбы: «n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері» тақырыбына интеграциялық бекіту сабақ.

Мақсаты: 1. n-ші дәрежелі түбірдің негізгі қасиетін пайдаланып есеп шығару үрдісінде қолдану біліктілігін қалыптастырып өткен тақырыпты бекіту.

2. Алған білімдерді жүйелеу, жалпылау, қорытынды жасауға баулу;

3. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: кіріктірілген (интеграциялық)

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың тақырыбын ребус арқылы таныстыру.

II. Үй жұмысын тексеру №76, №77.

ІІI. Өткен тақырыпты қайталау. «Сұрақ – жауап» әдісі бойынша.

ІV. «Сандар сөйлейді» ауызша есептер.

V. Оқулықпен жұмыс (Тарихқа шолу).

VI. Бекіту (Теңгелерден құрастырылған кесте бойынша).

VII.Сабақты тест арқылы қорытындылау. (TestCompiler бағдарламасы бойынша).

VIII.Үйге тапсырма: №87-88, №93

IX. Бағалау парақтары арқылы өздігінен білімдерін бағалау.





Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздер ме оқушылар, мұғалімдер, қонақтар! Сіздерді сабақта көргеніме өте қуаныштымын, бүгінгі математикалық бекіту сабағымызды тарихпен байланыстыра отырып, валютамыздың 22 жылдығына байланысты өткізгелі отырмыз. Сабақтың тақырыбын алдарыңыздағы ребусты шешіп анықтаймыз.

Бүгінгі сабағымызды бағалау парағы арқылы біртіндеп өзімізді бағалаймыз, сондықтан мұқият болыңыздар, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан береміз. Сабақта белсенді қатысып жақсы баға алуыңызға тілектеспін. Сәттілік тілеймін!

II. Ребус шешілгеннен кейін үй жұмысын тақтадағы жауаптармен тексерейік №76, №77.

ІІI. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында сұрақтармен жұмыс жасайық.

  1. n – дәрежелі түбірдің анықтамасы?

  2. Түбірдің көрсеткіші жұп болғанда неше түбірі бар?

  3. Түбірдің көрсеткіші тақ болғанда неше түбірі бар?

ІV. «Сандар сөйлейді».

Ауызша есептерді шығару кезінде әр есептің жауабына байланысты әріп шығады, сол әріптердің нәтижесінде «Төл теңге – ел тірегі» деген сөйлем пайда болады.



17

11

2

20

10

9

16

54

6

15

8

3

5

4

1

21

І

Е

І

Л

Е

Ң

Т

Ө

Т

Л

Е

Г

Е

Т

Р

Г



Мына есептерді жазбаша шығарып, теңгенің шығу тарихына байланысты мәліметтермен танысамыз.











Тарихқа шолу

Ақша қашан және қалай пайда болған?

Ерте-ерте, ертеде, сонау тас ғасырда ақша деген атымен жоқ еді. Әрине, үңгірлерді мекен еткен ежелгі адамдар – троглодиттерге ақшаның керегі де болмаған. Олардың жейтін тамақты да, киетін киімді де дүкеннен сатып алмағаны белгілі. Жабайы аңның етін азық етіп, терісін киім етіп күнелткен. Одан қалса, жабайы өскен жеміс-жидек терген, өсімдік тамырларын қазған. Соларды қорек еткен.

Арада жылжып жылдар, ғасырлар өтеді. Күндердің бір күнінде троглодиттердің бірі екіншісіне келіп:

– Сен керемет аңшысың! Бірақ, әттең, балтаң өткір емес. Сабы да ыңғайсыз жасалған. Мен болсам, балта жасаудың нағыз шеберімін. Есесіне, аң аулау қолымнан келмей-ақ қойды. Мен саған тамаша қару жасап берейін. Оның орнына бүгінгі олжаңды – тауешкіні маған бер, – дейді.

– Келістік, – дейді екінші троглодит. Тауешкіні көршісіне беріп, орнына балта алады. Сөйтіп, өткір әрі ыңғайлы балтамен аңды қиналмай аулайтын болады.
Міне, ежелгі адамдар арасындағы алғашқы бартер, яғни, айырбас осылай басталса керек.

Арада тағы жылдар, ғасырлар өтеді. Бірте-бірте адамдар сауда-саттықты меңгереді. Сауда жүрген жерде, әрине, ақша пайда болады. Ол кезде ақшаның орнына кәдімгі тұз немесе бидай дәні жүрген екен. Мысалы, екі кесек тұзға қару-жарақ алуға болатын. Ал екі уыс бидайды аңның терісіне айырбастап отырған.

Келе-келе тұз бен бидайдың орнын бағалы металдар – алтын мен күміс басады. Содан-соң ақша пайда болады.

V. Оқулықпен жұмыс (Есептің дұрыс жауаптары шешілгеннен кейін гиперссылка арқылы шығады).

Өрнектің мәнін табыңдар (79-82)

№79.

  1. 15

  2. 6

  3. 6

  4. 0,3



Тарихқа шолу



Оқулықпен жұмыс

№80.

  1. 10

  2. 6

  3. 6

  4. 15

Тарихқа шолу



Оқулықпен жұмыс

№81.

  1. 2

  2. -2

  3. 3

  4. -5



Тарихқа шолу







Оқулықпен жұмыс

№82.

  1. 2

  2. 2

  3. -3

  4. 2



Тарихқа шолу









Оқулықпен жұмыс

Бөлшектің бөлімінде радикал(түбір таңбасы) болмайтын етіп келесі өрнектерді түрлендіріңдер (85-86)

№85.



Жауабы: 1) 2) 3) 4)



Тарихқа шолу



Оқулықпен жұмыс

№86.

Жауабы: 1) 2) 3) 4)



Тарихқа шолу

VІ. Бекіту.




Тақтада теңгелерден кесте құрастырылған, әр теңгенің астында гиперссылка арқылы тапсырмалар берілген, сол есептерді шығарып өзімізге ұпай жинайық (Есептің дұрыс жауабы шешілгеннен кейін гиперссылка арқылы шығады).

Өрнектің мәнін табыңдар:

  1. 7

  2. 3

  3. 2

  4. =4

Есептеңдер

  1. =

  2. 8

  3. =2

  4. -27

  5. 20

  6. 12

  7. 3

  8. 2

  9. 3

  10. 4

Бөлшектің бөлімін иррационал өрнектен босатыңдар

VIІ. Сабақты тест арқылы қорытындылау (Тест тапсырмалары TestCompiler бағдарламасы арқылы құрастырылған. Дұрыс жауабы автоматты түрде шығады).

VIIІ. Үйге тапсырма: №87-88, №93

IX. Бағалау (бағалау парақтары арқылы).















Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңдар!























ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып.

-Алматы «Мектеп», -2006-72 бет.

  1. Сарманов Е.С, Сапаров С.К. Сабақта жаңа технологияларды қолдану.

–Шымкет -2006 -80 бет.

  1. Қ.Қожабаев. Математиканы оқыту әдістері. –Алматы «САНАТ», -1998-102 бет.

  2. Жамбыл Артықбаев, Әділхан Пірманов, «Қазақстан тарихы», энциклопедиялық басылым, Алматы «Атамұра» 2008.

  3. «Егемен Қазақстан» газеттері.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Болатова Ырсалды Хашимовна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213420


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства