Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Жотабаева Бахытгул Нуртайқызы | 10 сынып алгебра | Еңбекшіқазақ орта мектебі |
Сабақтың атауы | Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функцияның графигіне жүргізілген жанама |
Сілтеме | Алгебра оқулық-10 сынып, слайдтар, сабақ жоспары |
Жалпы мақсаты | -Оқушыларды туындының физикалық және геометриялық мағынасымен және функцияның графигіне жүргізілген жанаманың формуласымен таныстыру. -Есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау және тез есептеу қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру. -Ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, өзбетімен жұмыстануға, қатесіз шығаруға баулу. |
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері | топпен жұмыс, «Ассоциациялар қатары» , «Джиксо», «Қатесін тап», «Атаулар туралы 3-сүрақ» стратегиялары |
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар |
Күтілетін нәтиже | Туындының геометриялық мағынасын біледі; Туындының физикалық мағынасын біледі; Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін біледі; Теориялық білімін практикада қолдана алады. |
Ұйымдастыру кезеңі | Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Топқа бөлу. Топ басшысы сайланады, оқушылар «бағдаршам» арқылы бағаланып отырады |
Сабақтың барысы |
2. Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтадағы жауабымен жұпта тексеру жүргізеді Өткенді қайталау.1) « Ассоциациялар қатары» әдісі бойынша еске түсіру. «Туынды» деген тақырыпта ассоциациялар жазу 2) «Қатесін тап» әдісі бойынша оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау (слайд № 3)  Ой қозғау. «Атаулар туралы 3-сүрақ» әдісі арқылы (5-слайд) «жылдамдық», «үдеу», «жанама», «тангенс» терминдері 1.Қайда? Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз? 2.Қалай? Осы атаулардың қолданылуына мысалдар келтіре аласыз ба? 3.Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? | Оқушылар жұпта есептерін тексереді Берілген тақырыпқа ассоциациялар жазады Әр топ жеке қатесін табады да бір-бірінікін тексереді, салыстырады.
Оқушылар топта талқылайды, өз ойларын айтады. |
Мағынаны тану. «Джиксо» стратегиясы. 2-топқа тақырыптың мәтіні жазылған парақшалар беріледі. 1-топ: Туындының физикалық мағынасы 2-топ: Туындының геометриялық мағынасы  | Оқушылар мәтінмен танысып, топта талқылайды. Әр топтан 1-оқушы келесі топқа барып өз мәтінін түсіндіреді. Ол тобына келіп, оған тобында 2-топ мәтінін түсіндіреді. |
Кітаппен жұмыс. №192, 193,195,197(а) | Оқушылар есептерін тақтаға, дәптерге орындайды. |
Сабақты қорытындылау. Формула құрастыру | Оқушылар интерактив. тақтада жанаманың теңдеуін, үдеуді, жылдамдықты, бұрыштық коэффициентті табу формулаларын құрастырады. |
Бағалау. Топ жетекшісінің бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару. | Топ жетекшісі өз тобын бағалайды |
Үйге тапсырма :№194,196,197(ә,б), 198 | Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу |
«Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін | |