| Тақырыбы: Циркуль мен сызғышты қолдану арқылы геометриялық фигураларды салу. |
| Мақсат: |
| | Жаңа білім | 7-сыныптағы салу есептеріне жайлы мәліметтерді еске салады. Салу есептерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Циркуль мен сызғыштың салу есептеріндегі рөлін біледі. Қабырғалары арқылы үшбұрыш жасауды біледі. |
| Жаңа түсінік | Геометриялық, математикалық жолдың маңыздылығын түсіндіреді. Не үшін салу есептерінің қиын екендігін түйіндейді. |
| | Қолданым әрекеті | Үшбұрыш теңсіздігін есепте пайдаланады. |
| Талдау әрекеті | Слайдта берілген үшбұрышты салу есебімен берілген есептің арасындағы байланысын анықтайды да, сол арқылы қорытынды шығарады. |
| Шығармашылық әрекет | Геометриялық жолдың ерекшеліктері мен маңызын, математикалық жолдың ерекшеліктері мен маңызын қайта қарайды. Геометриялық фактілер мен салу есептері арасындағы байланысын анықтайды. |
| | Бағамдау әрекеті | Геометриялық есептерді шығарудың математикалық және геометриялық жолдарын салыстырады. Геометриялық жолды бағалайды. Үшбұрыш теңсіздігінің түсіндірмесін береді. |
| Сабақ құрылымы: |
| | І. Ақпарат алмасу (14 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.). V. Бағамдау - бағалау (3 мин.). |
| Сабақ типі: фронтальді, топтық |
| Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік. |
| Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
| | Оқушыға жол сілтеу, бағыт –бағдар беру және оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту. |
| Негізгі ұғымдар мен терминдер: Циркуль, сызғыш, салу есептері, есепті шығару жолдары: математикалық геометриялық, үшбұрыш теңсіздігі. |
| Оқушыда дағды қалыптастыру: |
| | Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмсының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау. |
| Ақпарат көздері: Понарин, Я.П. Элементарная геометрия. Том 1. Мәскеу, МЦНМО, 2004. Қайдасов, Ж., Досмағанбетова, Г., Абдиева, А. Геометрия 7 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012 Циркуль. Онлайн сурет. http://landofart.ru/clipart/cirkul-2012113018412118018 |
| Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады. |
| Үй тапсырмасы: |
| | Бір геометриялық фактіні тауып, жазып алып келу (БОНУС) Екі кесінді берілген. Сол екеуінің біреуін екі рет қолданып тең бүйірлі үшбұрышты салыңыз. |