САБАҚ: «Төртбұрыштар» тарауын қайталау | Мектеп: «Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Күні: 22.10.2015 | Пән мұғалімінің аты-жөні: Дандибаева Сауле Тохтасыновна |
СЫНЫП: 8 а | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: |
Сабақ негізделген оқыту мақсаттары | «Төртбұрыштар» тарауынан өткен материалдарды қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар : Оқушылардың 100 % -ы төртбұрыштарды түрлеріне қарай сызады, элементтерін атайды, Оқушылардың басым бөлігі: Кем дегенде 60 пайызы төртбұрыштарды бұрыштары бойынша , диагональдары бойынша ажыратады, қабырғалары бойынша периметрін есептеуді біледі Кейбір оқушылар : Диагоналдарының қиылысу бұрышы бойынша басқа элементтерін есептей білудің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдей алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар төртбұрыштардың анықтамасын, элементтерін атай алады және сызбаға қарап ажыратып айтып бере алады |
Барлық төртбұрыштарға тән ортақ қасиеттерді, айырмашылықтарын нақтылап айтып бере алады |
|
Сен неліктен барлық қабырғалары тең болатын квадрат пен ромбының аталуы неге әртүрлі екендігін дәлелдеп көрсете аласың ба? |
Есептерді жазуда, айтуда математикалық терминдерді орынды пайдалану ұсынылады. |
Алдыңғы білім | Бұл сабақта оқушылар өздеріне таныс төртбұрыштар жайлы ұғым, дағдыларын пайдалана алады. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
5 мин | Сабақты ұйымдастыру Оқушылар сабақ басындағы көңіл күйлерін смайликтерді Бағдаршамға орналастыру арқылы білдіреді көңіл күйім өте жаксы қорқыныш жок десе жасыл түске, өзіне сенімсіз болса қызыл түске, сары түске дайынмын дегендер орналастырады Психологиялық тренинг: «төртбұрыштар» Қолдарына алған төртбұрыш фигуралары бойынша мұғалімнің нұсқауымен тез тез топтасу, еске түсіру Топқа бөлу 1топ 2топ Топ ережелерін қабылдау . Топ ішінде топ басшысын, тайм-киперді,хатшыны сайлап алу. Бағалау парағын беру Ортақ критерий құру Сұрақтарға жауап беруі Ережені білуі Есепті қатесіз шешу Шешу жолы айқын көрсетілген Түсінгенін айта алуы | стикер, маркер, бағдаршам парағы |
5 мин 5 мин 10 мин 5мин 5мин 5 мин | Миға шабуыл «Ерте, ерте, ертеде...» Соңы сұрақтармен аяқталатын ертегімді тыңдаңыздар. Ертегі барысында қойылатын сұрақтарға топтарда ойлана отырып жауап беруге тырысыңдар. Күндердің күнінде барлық төртбұрыштар орман алаңына жиналып өздерінің ханзадаларын сайлап алмақшы болады. Олар ұзақ дауласып бір шешімге келе алмайды. Сол кезде бір кәрі параллелограмм дауды тоқтатыңдар, бәріміз жиналып төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші жетсе, сол ханзада болады. Бәрі келісіп ертелете алыс сапарға аттанады. Жолда фигуралар сылдырап ағып жатқан өзенге кездесті. Су иесі Сүлеймен «Кімде- кімнің диагоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қаққа бөлінсе солар ғана өзеннен өте алады»,- деді. Төртбұрыштардың кейбіреулері жағада қалып, ал қалғандары арғы бетке жүзіп өтіп сапарларын жалғастырды. Жолдарында биік тау кездесті де былай деп тіл қатты: «Кімдердің диагоналдары тең солар ғана өтеді»,- деді. Фигуралардың кейбіреуі тау етегінде қалды да, қалғандары аттанып кетті. Қанша жүргені белгісіз олар жіңішке ғана көпірі бар орға кездесті. Көпір бірден кімнің диагоналдары тік бұрыш жасап қиылысса, соны ғана өткіземін деді. Көпір арқылы бір ғана төртбұрыш патшалыққа бірінші болып жетіп, ханзада болып сайланды.
2. Сұрақтар: 1.Кім ханзада болды? (квадрат немесе шаршы) 2.Оның басты қарсыласы кім? (тіктөртбұрыш) 3.Кім бірінші болып жарыстан шығып қалды? (трапеция) 4.Тау етегінде кімдер қалды деп ойлайсыңдар? (ромб пен параллелограм) ( Әр кезеңінде топтар бір - бірін формативті түрде бағалап отырады)
Есептер шығару Тапсырмалар банкі Топ бойынша алдарына берілген сызбаға қатысы бар анықтамаларды, есептерді ,жауаптарды іріктеп алу. Дәлелдеп көрсету. Топтық жұмыс Сергіту сәті «Мінсіз оқушы» 3.«Сәулетшілер» сайысы: Әр топтан кезек-кезек «сәулетшіден» шығып түрлі түсті картон қағаздан әртүрлі төртбұрыштар қиып түсіру қажет. Төртбұрыштар саны, сапасы ескеріліп, бағаланады
5. Шығармашылық тапсырмалар 1 - ші топқа тапсырма: Ромбының әрбір қабырғасын тең үш бөлікке бөліп, сол нүктелер арқылы ромбының қабырғаларына параллель түзулер жүргіз. Қанша ромб пайда болды? ( жауабы – 14) 2 - ші топқа тапсырма: Параллелограмм берілген. Қарама - қарсы қабырғаларының ортасын кесінділермен қос. Қанша параллелограмм пайда болды? ( жауабы – 9)
| Плакаттағы сурет бойынша жұмыс 8 сынып оқулығы Интерактив тақта Түрлі түсті маркер Тапсырма есептер жазылған қима қағаздар Фигуралар Қажетті заттар |
5мин 2 мин 3 мин | Қорытынды: 1 Топ бойынша Венн диаграммасын кескіндейді: онда оқушылар 1-топ тіктөртбұрыш пен трапеция, 2-топ ромб пен квадрат 2 «Не білетінмін». «Не білдім? Не қиын болды? Не білгім келеді» әдісімен оқушы үнін тыңдай отырып кері байланыс орнату. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен пікірлерін білдіреді |
Саралау Дарынды оқушыға тапсырма: | Бағалау Критерий бойынша бағалау Екі жұлдыз бір тілек Басбармақ әдісі Отшашу әдісі Ауызша мадақтау | Пәнаралық байланыс Сызу Технология тарих |
Рефлексия | | |