Апта | Күні: 22.01.2015 | Математика 3 класс |
Сабақтың тақырыбы: | Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. |
Мақсаты: | Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табуға арналған есептер мен тапсырмалар орындай алуға үйрету |
Күтілетін нәтиже: | А) Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табуды үйренеді; В) тапсырмалар орындау барысында тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғаларын табуды анықтай алады; С) Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен таба білетіндіктері туралы тұжырым жасай алады |
Керекті жабдықтар: | Оқулық, компьютер, бағдаршам, телефон суреттері, Блоб ағашы, сызғыш, әр түрлі тіктөртбұрыштар |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Мұғалімнің формативті бағалауды қолдануы жөнінде түсіндірме |
Кіріспе | Оқушылармен амандасады, сыныпты түгендейді. Оқушылар көңілкүйлерімен танысады. Сыныпты сары, жасыл түсті тіктөртбұрыштар арқылы топтастыру. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға қолдарындағы тіктұртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп, өлшемдерін қосу сұралады. | Оқушылар амандасып, кезекші сынып туралы мәлімет береді, көңіл күйлерін білдіреді Оқушылар әр түрлі көлемді тіктөртбұрыштар арқылы топтасады. Топ басшысын сайлап алады. Оқушылар тіктөртбұрыштың қабырғаларның ұзындықтарын өлшеп, өлшемдерін қосу арқылы сабақтың тақыры туралы түсінік алады. | Жауап берген оқушыны мадақтап, «жарайсың!», «өте жақсы!» деген сөздер арқылы ынталандырамын Оқушыларға Блоб ағашын беру арқылы тақырыпты қаншалықты түсінетінің, қай деңгейде екенің белгілеп көрсетеді. |
Тұсаукесер | Жаңа сабақты меңгерту үшін топтарға тапсырмаларды бөліп беремін. Сол арқылы олар периметр дегеніміз не? Оны табудың қандай жолдары бар екендігін көрсете алады. І топ: Wikipedia беттерінен «периметр» сөзінің мағынасын, математикада не үшін қолданатының айтады. ІІ топ: оқулықтағы 2-тапсырмаларға қарап периметрді әр түрлі тәсілмен табу туралы айтады. | Оқушылар берілген тапсырмалармен оқыптанысады. Топ ішінде «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты талдайды. Жәрмеңке әдісі арқылы әр топқа барып ой бөліседі. | Оқушылар тақырыпшаны оқып отырып, өздерін «Бағдаршам» арқылы бағалап отырады. Жасыл түс түсінікті; Сары кейбір нәрсе түсініксіз; Қызыл мүлдем түсінбеді; |
Негізгі бөлім | Дәптермен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Тақырыппен танысып, әр топта талқылап болған соң оқушыларға тапсырмалар топтамасын береді. Сергіту сәті: | Көркем жазу Латынның a b P әріптерін жазғызу. 3-тапсырма І топ, ІІ топ. Оқулықтағы тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу Формулаға сәйкес Айырмашылықты табу. А) тақырыппен танысып болған соң ІІ топқа тапсырма беріледі. І топ Мысал 4 S -21м2 b -7м a -?м a= S: b Ш: 21:7=3(м) Ж: Бағбанға ұзындығы 3 м шарбақ керек. | Мадақтау сөздері арқылы ынталандыру. Оқушылар бірбірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды. |
Негізгі бөлім | Логикалық тапсырмалар | ІІ топ Мысал 5 P-20см a-6 см b-?см Ш: b=Р:2-а 20:2-6=4 Ж: Тіктөртбұрыштың ені 4 см. Оқушыларға оқылған логикалық тапсырмаларды ауызша орындайды. | Жауап берген оқушыға смайлик беру арқылы бағалап отырамын. Көмекші топ басшысы. |
Қорытынды | Сабақты «Лездеме» арқылы қорытындылайды. Блоб ағашын тағы бір мәрте беру Кері байланыс алады. Үйге тапсырма: мысал-6 Бағалау. | Оқушылар сабақты қорытындылау үшін конвертте жасырылған сөзді оқушыларға түсіндіреді, қалған оқушылар жаңа сабаққа қатысты сол сөзді табады. (ені, периметр, аудан, ұзындық) Сабақ соңында қаншалықты түсінгендіктерін жазады Оқушылар кері байланысты «Хат жазу» әдісі арқылы анықтайды. Не оңай болды? Не қиын болды? Білгім келеді... | Оқушылар жауап берген оқушыларды «Басбармақ» арқылы бағалайды. Оқушылардың оқу үрдісінің барлық аспектілерінде белсенділігін арттыруға жағдай жасаймын. Оқушылардың сабақ барысындағы әркеттері бойынша, жинаған смайликтері бойынша бағалап, кей оқушыларды ынталандырамын. (смайликтер беремін) |