Просмотр содержимого документа
«Те?деуді? к?мегімен м?тінді есептерді шы?ару.»
6 сынып пән: математика өткізілу мерзімі: ___________
Сабақтың тақырыбы:Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:Оқушыларға бағдарлама талаптарынасай білім беру, сызықтық теңдеуді құруды, оның түбірін таба білуге үйрету, сурет бойынша есептерді шығаруды дағдылару;
Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты:Сабақ жүргізе отырып, оқушыларды тазалыққа және білімге шақыру.
Сабақтың түрі:қайталау сабақ
Сабақтың әдісі:жазу, шығару, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, дидактикалық материалдар
Ι. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу;
ә) түгендеу;
б) дайындау;
в) зейінін, назарын сабаққа аударту,
г)сергіту сәті.
Сабақ барысы:
Сәлеметсізбе оқушылар ,отырыңдар .Бүгін сабақта кім кезекші ? бүгін кім жоқ?
Қызығушылықты ояту:: Оқушыларды ауызша есептеуге үйрету. Төмендегі есепті шығаруға 2 минут уақыт беріледі.
Ауызша
1) Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыншысы, отыз екі бөрісі бар.
Бұл не? (бас)
2) Жанылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
3) Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не? (сандар)
4) Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3 кг)
5) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
6) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
Сыныпта оқушылар топ бойынша жұмыс істейді. Барлығы үш топ болады. Әр топта 6 оқушы болады. Әр топ өзінің аты болады.
1 топ
«Алғырлар»
2 топ
«Тапқырлар»
Айлана
Дарина Сания
Дильназ
Азамат
Ойын сабағының шарты: Толық жауапқа – 5 ұпай,
Толық емес жауапқа – 4 ұпай,
Қате жауапқа - 0 ұпай.
1-тапсырма. «Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару».тақырыбына арналған карточкалық тапсырмалар беріледі.
Карточка № 1 (Алғырлар тобы)
1) Өрнектің мәнін табыңдар:
, егер ,
2) Өрнекті ықшамдаңдар:
а) б)
ә) в)
Карточка № 2 (Тапқырлар тобы)
1) Өрнектің мәнін табыңдар:
, егер
2) Өрнекті ықшамдаңдар:
а) б)
ә) в)
III . Сергіту сәті : «Оң аяқ сол аяқ»
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Оң аяқ сол аяқ ,жаттығу оңаяқ.
ΙΙΙ. Бекіту кезеңі:
2 - тапсырма. Әр топқа сұрақтар қойылады.Сұрақтар таблодағы сандар арқылы таңдалады.
20
10
15
15
20
10
10
15
20
Сұрақтар
10 – ұпай. Қандай теңдеулер деп аталады?
20-ұпай. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?
20-ұпай. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?
15-ұпай. Қысқартылмаған бөлшекпен берілген алгебралық өрнек қалай ықшамдалады?
10 – ұпай. Қандай теңдеу деп аталады? (10 ұпай)
20-ұпай. Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?
15-ұпай. Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
15-ұпай Қосындыны берілген санға пайдаланып, әріпті өрнекті қалай түрлендіруге болады?
10 – ұпай. Алгебралық өрнектің мәнін табудың алгоритімін айтып беріңіздер.
3 - тапсырма. Оқулық 186 бетіндегі № 741 есепті шығарыңдар.
№ 749 (1,4) – Алғырлар тобы
№ 749 (2,5) – Тапқырлар тобы
4 - тапсырма. Оқулық 186 бетіндегі № 742 есепті шығарыңдар.
5 - тапсырма. Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмысын бағалайды.
Бағалау парағы
№
Оқушының
аты-жөні
тапсырмалар
Қорытынды
№ 1
№ 2
№ 3
№ 4
1
2
3
4
5
ΙV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 736, № 740
V. Бағалау кезеңі: VI. Бағалау кезеңі: Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою. Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою. Сонымен сабақ аяқталды сау болыңыздар!