"Те?деулер мен те?сіздіктерді шешу" ?олданбалы курсыны? ба?дарламасы
"Те?деулер мен те?сіздіктерді шешу" ?олданбалы курсыны? ба?дарламасы
«Те?деулер мен те?сіздіктерді шешу» ?олданбалы курсы жо?ары сынып о?ушыларын та?дау саба?тарымен ?амтамасыз ету ?шін ??рыл?ан. Осы курс жо?ары сынып о?ушыларыны? к?сіби дайынды? міндеттерін ж?зеге асыру?а к?мектеседі.Курс 68 са?ат?а есептеліп, 11-сынып о?ушыларына арнал?ан.
Курс мазм?ны математикалы? анализ ж?не алгебра курсыны? ба?дарламасына тере?дей ене отырып мектеп математикасы курсында?ы «те?деу » туралы білімін тере?детуге арнал?ан. Сонды?тан б?л курсты о?у кезінде жо?ары сынып о?ушыларыны? математикалы? білімге ?ызы?ушылы?ын ж?не с?ранысын не??рлым толы? ?ана?аттандыру?а м?мкіндік береді. Курс ?БТ-ке даярлы? негізінде ??рыл?ан. Тест есептерінде е? жиі кездесетін те?деулер мен те?сіздікке арнал?ан есептер. ?сіресе «Квадрат те?деулер » мектептегі алгебра курсыны? ма?ызды та?ырыптарыны? бірі. Себебі к?птеген ??былыстар квадрат те?деулер ар?ылы сипатталады. М?тінді есептерді? к?бісіні? шешуі квадрат те?деуді шешу ар?ылы шы?арылады. Функцияны зерттеу, логарифмдік, к?рсеткіштік те?деулер шешкенде к?біне квадрат те?деу шешуді талап етеді. Геометрия мен физика п?ндерінде б?л білік ?ажет болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Те?деулер мен те?сіздіктерді шешу" ?олданбалы курсыны? ба?дарламасы »
"Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу"
қолданбалы курсының бағдарламасы
Аптасына – 2 сағат
Барлығы – 68 сағат
Түсінік хат
«Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курсы жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету үшін құрылған. Осы курс жоғары сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.Курс 68 сағатқа есептеліп, 11-сынып оқушыларына арналған.
Курс мазмұны математикалық анализ және алгебра курсының бағдарламасына тереңдей ене отырып мектеп математикасы курсындағы «теңдеу » туралы білімін тереңдетуге арналған. Сондықтан бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Курс ҰБТ-ке даярлық негізінде құрылған. Тест есептерінде ең жиі кездесетін теңдеулер мен теңсіздікке арналған есептер. Әсіресе «Квадрат теңдеулер » мектептегі алгебра курсының маңызды тақырыптарының бірі. Себебі көптеген құбылыстар квадрат теңдеулер арқылы сипатталады. Мәтінді есептердің көбісінің шешуі квадрат теңдеуді шешу арқылы шығарылады. Функцияны зерттеу, логарифмдік, көрсеткіштік теңдеулер шешкенде көбіне квадрат теңдеу шешуді талап етеді. Геометрия мен физика пәндерінде бұл білік қажет болады.
Басқа жағынан алғанда, бұл курс орта мектептері түлектеріне теңдеу шешуге қажетті және жеткілікті білім жинақтауға мүмкіндік бере отырып, математика негізгі пән болып келетін ҰБТ есептерін шығаруға дайындық болып табылады.
Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой-өрістерін мазмұнын дамытады., жаратылыстану-математикалық циклына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі.
Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.
«Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курсы тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы теңдеулер және теңсіздіктер түрлерін қамтиды. Берілген курста «теңдеулер » бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, кіріспе ретінде әр түрлі өрнектерге түрлендірулер, формулалар қарастырылады.
Мақсаттары:
«Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы жөнінде білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың анағұрлым қиын, стандартты емес есептер шығару білім, білік және дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың математикалық дайындық деңгейін жоғарылату арқылы өзіндік логикалық ой-өрісі мен математикалық мәдениетін дамыту
Міндеттері:
«Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
Әртүрлі әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың есеп шығаруда практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.
Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.
Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.
Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мыналарды үйренеді:
Дүниетанудағы математиканың ролі, математикалық зерттеу әдістері туралы көзқарастарын қалыптастырады. Есеп шығарудың әртүрлі әдіс –тәсілдері, негізгі алгоритмдері туралы білім алады. Білуі керек: – әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға; – қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауды; – пікірталасқа қатысу , өз қызметінің нәтижесін көре білуге ; – параметрлері берілген теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешуге; – есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды; – нәтижесін график арқылы көрсетуді.
Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім, білік және әдістерді меңгереді: – Математика нақтыны тану және бейнелеу әдісі екендігі туралы көзқарастары қалыптасады; – Саралау, салыстыру, теңестіру, жүйелеу,қорытындылауды үйренеді; – Математикалық әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай алады; – Стандарттық емес теңдеулер шешудің негізгі әдістерін біледі, теңдеу шешу әдістерінің теориялық негізін түсінеді; – Әртүрлі әдістермен стандартты емес теңдеулерді шеше алады; – Пікірталасқа қатысып, өз қызметінің нәтижесін болжай алады; – Өз қызметіне анализ жасап, жұмыс нәтижесін бағалай алады.
р/с
Тақырыптың атауы
сағ
мерзімі
І тарау. Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер,олардың жүйелері ( 9 сағ)
1
Кіріспе: Теңдеулер тарихынан
1
2-4
Сызықтық теңдеулер
3
5-6
Сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелері
2
7
Сызықтыққа ұласатын теңдеулер мен теңсіздіктер
1
8-10
Тест тапсырмалары
3
ІІ тарау. Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер (23 сағ)
11-13
Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері
3
14-16
Келтірілген квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
3
17-18
Квадрат теңдеулерді мәтінді есептерде пайдалану
2
19-20
Квадрат теңдеуді шешу формуласы
2
21-22
Квадрат теңдеуді екімүшенің квадратын айыру тәсілімен шешу
2
23-24
Виет теоремасы
2
25-26
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
2
27-29
Квадраттық теңсіздіктер
3
30-31
Тест тапсырмалары
2
32-33
Бүтін рационал теңдеу. Бөлшек рационал теңдеу
2
ІІІ тарау.Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер,
олардың жүйелері ( 8 сағ)
34-35
Тригонометриялық түрлендірулер
2
36
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
1
37
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу
1
38-39
Тригонометриялық теңдеулер жүйесі
2
40-41
Тест тапсырмалары
2
IV тарау. Рационал теңдеулер мен теңсіздіктер ( 15 сағ)
42-44
Алгебралық өрнектерді түрлендіру
3
45-47
Алгебралық рационал теңдеулерді шешу
3
48-49
Рационал теңсіздіктерді шешу.
2
50-51
Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешу
2
52-54
Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шешу
3
55-56
Тест тапсырмалары
2
V тарау. Әр түрлі типтегі теңдеулер мен теңсіздіктер ( 12 сағ)
57
Иррационалтеңдеулер,теңсіздіктер
2
58-59
Логарифмдік өрнектерді түрлендіру
2
60-61
Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
2
62-64
Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер
2
65-66
Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу
2
67
Параметрлері бар теңдеу.
1
68
Қорытынды тест тапсырмалары
1
"Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу"
қолданбалы курсының бағдарламасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Данилюк С.Н. МАТЕМАТИКА: Кәсіптік оқыту. «Келешек-2030» 2008ж
Данилюк С.Н «Сборник решений задач повышенной сложности по математике » . «Келешек-2030» 2008ж
Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Тренажер по математике… ЕНТ»Алматы 2009
«Математика» журналдар жинағы №5-6, 2009 ж,№4-2008