kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« ТЕМЕКІ ШЕГУДІ? ЗИЯНЫ – МАТЕМАТИКА ТІЛІМЕН»

Нажмите, чтобы узнать подробности

туындыны таба білу  да?дылары мен практикалы? білімдерін шы?дау;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« ТЕМЕКІ ШЕГУДІ? ЗИЯНЫ – МАТЕМАТИКА ТІЛІМЕН»»

« ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ – МАТЕМАТИКА ТІЛІМЕН»


Нұрбергенова Индира Татарбекқызы

математика және информатика оқытушысы

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

 

Сабақтың мақсаты:

  • Білімдік –туындыны таба білу  дағдылары мен практикалық білімдерін шыңдау;

  • Тәрбиелік –салауатты өмір салтын насихаттау, шылым шегудің денсаулыққа  зияны туралы білімдерін кеңейту;

  • Дамытушылық – салыстыру, ең бастысын анықтау тәсілдерін қолдана білу шеберлігінің  қалыптасуына ықпал ету, білімді жаңа жағдайға ауыстыру, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту.


Құрал-жабдықтар:  слайдтар, слайдтық презентациялар,  сабақтың ұраны «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын», жүрекшелер, карточкалар.


Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ, Туынды тақырыбы бойынша білімін жетілдіру

Сабақ әдісі: топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: информатика, биология, математика

Жаңа технология түрі: деңгейлеп оқыту.


Сабақтың барысы.

І.  Ұйымдастырушылық  кезең. Студенттерді үш топқа бөліп отырғызамыз, әр топтың өз атаулары болады.

-Балалар, біз бүгін «Туынды» тақырыбын аяқтаймыз, сабақта бұл тақырып бойынша есептер шығарамыз. Біздің, бүгінгі сабағымыз «Темекі шегудің  зияны –математика тілімен» деп аталады. Бұл сабақ «Информатика» пәнімен кіріктірілген,  информатикадан біз Power  Point арқылы презентация жасау тақырыбын аяқтаудамыз. Үйде сендер сабаққа жоба презентациялар әзірледіңдер, біз оны сабақ барысында көреміз.

«Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» деген сөздер біздің сабағымыздың ұраны болады, мен бұл сөздерді әдейі үлкен әріптермен жаздым, себебі бұл барша адамзаттың, Қазақстан  Республикасының және біздің колледжіміздің ең басты мәселесі.

Сонымен, біздің сабағымыздың мақсаты мынадай: сендер өздеріңді:

1. Бұл сабақтың есептерін шығара алатындықтарыңа;

2. «Туынды» тақырыбын меңгергендіктеріңе;

3. Презентация жасай білетіндіктеріңе;

4. Темекі денеге зиянын тигізіп, ақылды аздырып, тұтас ұлттарды улайтындығына сендірулерің керек.


ІІ. Ауызша жұмыс.

  1. Тапсырма. Кестені толтыру тапсырмалары

Туындының формуласы

толықтыру

Плюс

Туынды

Квадрат

Минус

Жақша

Түбір

... туындысы 0-ге тең

Тұрақты сан

2.тапсырма. Студенттерге келесі бетінде есептер жазылған жүрекшелер таратылады, оларды шешіп, тақтаға дұрыс жауабын жазу, жүрекшені тақтада сызылған үлкен жүрекке жапсыру керек. Ауызша есептеу аяқталған соң мұғалім: «Бұл үлкен жүректі біз бүгін бір-бірімізге және барлық қонақтарға сыйлаймыз»-дейді.

y=3x4+2

y=-+5

y=4sinx+3х2

y=3cosx-6х

y=4x2+6х

y=

y=х9+3cosx

y=5х4- 9cosх

y=x5-9х

y=

y=7х3+5

y=8х-4х3

y=

y=

y=4x2+

y=3+2sinx

y=

y=4-x4

y=



ІІІ Есеп шығару.

Келеcі есептерді шығара отырып, біз парақтың ар жақ бетінде қандай сөздер жасырылғанын білеміз. (Тақтаға 1,2,3 номерлі парақтар ілінген)

1тапсырма:

f (x) = 3x2 + 4x,

у =7x- 2x+ 3x – 1

Бірінші кестені ашамыз (жүрек). Аяталған соң  1-топ шылым шегудің жүрекке тигізетін зияны жөнінде презентация көрсетеді

Қорытынды:  Темекі  жүрек –қан тамырларын жіңішкертіп, жүректің қан айналдыру қызметін қиындатады

2-тапсырма:

Бөліндінің туындысы

·  у =(2x – 3) / (x + 4)

 

·  y = (4x + 1) / (2 – x)

Екінші кестені ашамыз (өкпе мен тері).  Аяқталған соң 2-топ шылым шегудің өкпе мен теріге  тигізетін зияны жөнінде презентация көрсетеді.

Қорытынды:  Темекі өкпенің қалыпты  тыныс алуын қиындатады, бұл жағдай сенің спорттық нәтижелеріңді төмендетеді.


3 тапсырма:

Тригонометриялық функциялардың туындысы

f(x)=2 sin x – 4х;

f(x)=cos(2x-4).

Үшінші кестені ашамыз (құлақ, көз, ауыз). Аяталған соң  3-топ шылым шегудің құлаққа, көзге, ауызға тигізетін зияны жөнінде презентация көрсетеді

Қорытынды: Темекі шегу  терінің температурасын  төмендетеді; беттің әжімдері ерте пайда  болады.  Көзді қызартады және көздің  көруінің төмендеуіне себепші болуы  мүмкін.

Сонымен, шылым шегудің салдарынан сыртқы пішін нашарлайды, көру және есту қабілеттерінен айырады, тыныс жолдары аурулары, ішкі ағза аурулары дамиды,  тым ашушаңдық, қызбалық, тез шаршайтындықтан оқу үлгерімі кенет төмендейді, сондықтан шылым шегу әсіресе жасөспірім шақта өте зиян.

Енді темекі шегуден гөрі бізге көбірек пайдалы  препараттар туралы сөйлесейік. Келесі кесте арқылы денсаулықты нығайтып, ағзаның  суық    тию және инфекциялық ауруларға қарсыласуын жақсартып, жұмысқа қабілеттілікті арттыратын заттардың атын біле аласыңдар.

           


A

B

C

D

E

1

а

е

л

с

ч

2

б

ё

н

х

э

3

в

з

о

т

я

4

г

и

е

у

ы

5

д

к

р

ц

м

 

Кестедегі тор көздерден әріптердің ретін таңдау керек:

A3; B4; D3; A1; E5; B4; C2; А5; С4; С5

 

(Студенттер «Витаминдер» деген сөзді іздеп табады)

Сонымен, бүгін менің көмекшілерім дәрумендер болмақ, олар сендерге есептер әкелді.

Балалар, «Витамин» сөзі қандай мағына беретінін білесіңдер ме?

Вита –өмір, мин –аммиак қалдығы.

Ал «витамин» сөзін кім ойлап тапқан?

1912 поляк биохимигі Казимеж Функ күріш кебегінен кристалл зат түзіп,   оған витамин деген атау берді.

 

ІІ Есеп шығару.

1. Менің бірінші көмекшім – А витамині. Ол   көз бен теріге жауап береді, аурудың созылуын қысқартады.

Сұрақ:Шылым шегушілердің қанша пайызы өкпе ауруымен ауырады?

f(x) = (2x +1)3, x0 = 1

|(x) = 3(2x + 1)2 2 = 6(2x + 1)   f |(1) = 6(2*1+ 1) = 6*9=54

Жауабы: шылым шегушілердің  54 %  өкпе ауруымен ауырады.

 

2. Екінші көмекшім – В1 витамині.  В1 витамині баланың өсуіне ықпал етеді. Витаминнің жетуспеушілігі ой еңбегімен айналысқанда тез шаршауға, аяққол ауруына, демікпе, ұйқысыздыққа,    жүрек соғысының жиілеуіне апарып соқтырады.


Сұрақ:Никотиннің адам өліміне жеткілікті мөлшері қанша?

Көбейтіндінің туындысы.

·         f(x)  =(4x + 1) * (x - 3),  x0 = 7

·         у =(5x - 2) * (x + 3), х= 9

Жауабы: Никотиннің адам өліміне жеткілікті мөлшері 45-103мг.


3. Үшінші көмекшім –С витамині.  С витамині суық тию және инфекциялық аурулардан сақтайды,  жарақатты  тез жазады.

1-сұрақ: Балдарға әр түрлі витаминдердің  қажеттілігінің  тәуліктік нормасы қанша?

2-сұрақ: Бір шылым витаминдердің  қанша пайызын жояды? 

Туындыны тауып, есепті шығарыңдар?

у =5x- 2x+ 3x – 1

(2) - ?

Жауабы: Дәруменнің тәуліктік нормасы 155 мг

 у = 1/3 x3 – 4x + 6

(5) - ?

Жауабы: бір шылым  витаминдердің  20%  жояды, бұл 21 мг витамин.

 

4. Төртінші көмекші – Р витамині. Р витаминінің жетіспеушілігінен әлсіздік,  салғырттық,  аяқ-қол аурулары туындайды.  Р витамині бүйректің, асқазанның, ішектің қызметіне жақсы әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың соңғы жолдауында қазақстандықтардың өмір жасы орта есеппен 65-тен 67 жасқа дейін өсті дейді. Бірақ әрбір шегілген шылым, шылым шегушінің өмірін 6-10 минутқа қысқартады. Шылым шегетін балалар өз өмірлерін 15% қысқартады. Егер Қазақстанда өмір жасы орта есеппен 67 жас болса, шылым шегуші балалар өз өмірлерін қанша жасқа қысқартады? (67/100)*15=10,05 Сонымен балалар 10 жылға өз өмірлерін қысқартады екен


Балалар, сендер витаминдердің ағзаға тигізетін пайдасы туралы білдіңдер, ендеше денсаулығымызды витаминдермен жақсартайық (мұғалім оқушылар мен қонақтарға витамин таратады).

 

ІV. Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін студенттер қонақтарға қарап көрсетеді .

 

V. Сабақтың қорытындысы.

1. Біз алгебрадан қандай тақырыпты қайталадық?

2. Мына сөйлемді сендер қалай жалғастырар едіңдер?

 

Шылым шегердің алдында – ... (ойлан)


 VI.Бағалау. Әр топ басшы озінің командасындағы студентті бағалайды, әр қайсысына жеке тоқталып бүгінгі сабақтағы белсенділігін атап, баға береді. Соңында мұғалім өзі қорытындылап бағаларды ескеріп қояды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
« ТЕМЕКІ ШЕГУДІ? ЗИЯНЫ – МАТЕМАТИКА ТІЛІМЕН»

Автор: Нурбергенова Индира Татарбековна

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства