kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тең топтармен санау.Тең топтарға бөлу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ұстаз- ұлағатты есім.«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  дәл  айтылған. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

2010-2014 жылдар  аралығында  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжден «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, өз маман иесі атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес Бітік орта жалпы білім беретін мектеп балабақшасына   мамандығым бойынша жұмысқа орналастым.

Дана  халқымыз «Ұядан  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  демекші,  «Ұстаздар  жанұясы»  болғанымыз  мен  үшін  үлкен бақыт.

         Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам  тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде  дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып  табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды. Нағыз  мұғалім,  міне, осы. Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тең топтармен санау.Тең топтарға бөлу"»


Пәні

Қазақ тілі

Сыныбы

5 - сынып

Уақыты

29.01.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы

Еріндік , езулік дауыстылар


Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері

а) ақпараттық



Оқушыларға ақпарат көздері арқылы еріндік және езулік дауысты дыбыстардың жасалу жолын меңгерту.

ә) коммуникативтік

Тақырып бойыншаоқушылардың алған ақпараттарын ауызша және жазбаша тілде пайдалануларын қалыптастыру.

б) проблеманы шешу

Тақырып бойыншасұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен ізденіп жұмыстануғадағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді хабарлау

Сабақтың әдісі:

Сөздік, практикалық, көрнекілік, морфологиялық талдау әдісі

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту, АКТ, СТО


Көрнекілігі:

Оқулық, интерактивті тақта, мақал- мәтелдер жинағы

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет



Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сынып оқушыларымен амандасады. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексереді.

Оқушылар пән мұғалімімен амандасады. Сабаққа дайындалады.

Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнайды.


Үй тапсырмасын тексеру
















Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

246-жаттығу.Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар және сол дыбыстардан басталатын бір –бір сөз ойлап , атаңдар.













Жаңа тақырып тақтаға жазылады.

246-жаттығу.
Жұмбақ жолдас.
Менің бір жолдасым бар.Жолдас болғанда бір түрлі!Қайда барсам, қасымнан қалмайды.Менсіз ешқайда бармайды.Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді,жүгірсем жүгіреді, жатсам жатады, жазсам жазады.Бірақ үндемейді.
Ертеңгілік , кешкілік үлкейіп, өсіп кетеді. Түсте тырбиып, ергежейлі болады. Жарықта жанымнан қалмайтын жолдасым қараңғы болса , ғайып болады да кетеді.
Сендерде ондай жолдас бар ма?

Жауабы:Көлеңке



Жаңа тақырыпты оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.
Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар дейміз.



Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткен білімді меңгергеніне көз жеткізеді.













Оқушылар еріндік және езулік дауыстылардың ережесін тыңдап, оларға жататын дыбыстарды ажыратады.








Жаңа материалды бекіту







А.Мұғалімнің көмегіменбекіту












Ә) Оқушының өз бетімен жұмыстануы

Оқулықпен жұмыс.
247-жаттығу.Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар.
Құмайда бар,
Суда жоқ.

Тұманда бар,

Буда жоқ.


248-жаттығу.Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек жазыңдар.
Бота отырып шіреніп,
Борсық айдап кемені.
Бытпылдақтап бір елік,

Бура мініп келеді.




Топтық тапсырма.



Оқулықпен жұмыс

247-жаттығу.

Ұ- жуан, қысаң,еріндік дауыты дыбыс

І- жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс




248-жаттығу.

Еріндік дауысты дыбысы бар сөздер:
Езулік дауысты дыбысы бар сөздер:шіреніп, айдап, кемені, бытпылдақтап, бір, елік, мініп, келеді, ләңгі, тепті, барыс, лашын, киді, лепіргенде, лаң
Аралас буынды сөздер:бота, отырып, борсық, бура, сулықты, жолбарыс, ашуға, булықты.


Топтық тапсырмалармен жұмыстанады.

1-топ:Аға, іні, апа, ана, қазақ, қалақ, қырық, шыбыш, т.б.
2-топ:Ә-әже, әке, әңгіме, әліппе, ән, әріп, әтеш, т.б.
3-топ: А-Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, т.б.




Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы жаңа материалдан алған білімдерін пайдаланады.















Берілген дыбыстардан басталатын сөздер жазу арқылы сөздік қорлары кеңейеді.



V.Үйге тапсырма


249-жаттығу. Төменде берілген мәтіннің не жайында екенін әңгімелеңдер.Мәтіндегі дауысты дыбыстарды теріп алып ,оларды мына үлгі-кесте бойынша толтырыңдар.


249-жаттығу.

Тілдің қатысына

Жақтың қатысына

Ерін мен езудің қатысына

жуан

жіңішке

ашық


қысаң

еріндік

езулік




Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға үйренеді.

VI.Қорытынды.

Бағалау.

Оқушыларды сабаққа қатысуларына байланысты білімдерін бағалау.

Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.

Оқушыларға кемшіліктері, жетістіктері туралы айта отырып бағалайды.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тең топтармен санау.Тең топтарға бөлу"

Автор: Бактигереева Балжан Сапаровна

Дата: 30.01.2020

Номер свидетельства: 537936


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства