kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тап?ыр достар» 7 сыныптар арасында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рі: Топты? сайыс саба?.

Типі: Ойын т?рінде

Жоспары:

1. Топты? ?зін таныстыруы, амандасу р?сімі

2. «Білімі?-тірегі?» (?ызы?ты с?ра?-жауап)

3. Логикалы? тапсырмалар.

4. Викториналы? с?ра?тар

5. Білім ар?аны (есептер шы?ару)

6. «Ой сергіту» ж?мба?тар шешу.

 ?олданыл?ан на?ыл с?здер:

1. Арифметика математиканы?, ал математика ?ылымдарды? патшасы.(К. Гаусс)

2. А?ыл-ойды т?ртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлы? ?ылымдарды? т???ышы ж?не олар?а пайдалы да, ?ажет те. (Р.Бэкон)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 кластар сыныптан тыс шара»


Мақсаты: Оқушыларды математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру,тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: сайыс

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Сандар әлеміне саяхат» атты интеллектуальды сайыс кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Беташырын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып, қостайық.

  • Оқушылар, сайысқа келгендеріңізге өте қуаныштымыз, енді әр топтың топ басшылары өздерін таныстырып өтсін (5 «а» класы мен 5 «б» класс оқушылары);

«Сәлемдесу» сайысы

«Алғырлар - тобы.

Ұраны. Жарыс десе жанымыз

Бүгінгі күн жарыста

Алғырлықпен аламыз

Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос

Қол ұстас , бірігіп тізе қос,

Жеңіспен мәреге барайық

Жеңістің ұранын салайық.

Төрешілер алқасына сәлем:

Қолына қалам алатын

Әділ баға беретін

Енбекті адал бағалар

Армысыздар апайлар.



«Тапқырлар» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе

Әрқашанда үміткерміз женіске.

Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

Төрешілер алқасына сәлем

Алдарыңда бұл тұрғандар ,

Білім жолын қуғандар


Қателессек көрменіздер

Әділ баға берініздер!

Ойынның І кезеңі: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Ойынымыздың шарты әр оқушы әріптер таңдап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап береді. Ұпай сандары оқушылардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына сөздік қорларына байланысты қойылады.

(А,Ә,Б,Ш,Ж,С,Қ,М,Н,О)

Қойылатын сұрақтар:

  1. Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?

  2. Дүкенге барған кезде неше теңгеге сауда жасайсыз?

  3. Қай айда 28 күн бар?

  4. Математиканы қаншалықты білесіз?

  5. Сенің ойынша ең үлкен қай сан?

Мұғалім сөзі:

  • Балалар, алғырлық пен тапқырлықтан білімдеріңнің алғашқы деңгейін көрсеттіңдер.

ІІ кезең: «Қас қағым сәт»

Қазір ойыншылар сұрақтар таңдап алады да, тез жауап берулері керек. Сұрақтар тарихымызға, әдебиетімізге, дүниетанымызға байланысты болмақ. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Ендеше сұрақтар алуды бастайық.

І топ.

  1. Тәуелсіздік күнін ата? (16 желтоқсан)

  2. Ең сұлу құс? (Аққу)

  3. Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)

  4. Өтірікші кімді алдайды? (өзін)

  5. Ең кіші жай сан? (2)

ІІ топ.

  1. 7 жай сан ба құрама сан ба?(жай)

  2. 4 қойда неше аяқ бар? (16)

  3. Зере Абайға кім болады? (әжесі)

  4. Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)

  5. 3 жарым таяқтың неше ұшы бар? (8)

ІІІ кезең: «Ойлы болсаң озып көр»

Бұл сайыста әр топқа екі-екіден математикалық жұмбақ қойылады, жұмбақтың жауабын 3 тілде жауап беру керек. (дұрыс қазақша нұсқаға 10 ұпай, орыс тіліндегісіне 10 ұпай, ағылшын тіліндегі жауабы дұрыс болса 10 ұпай қойылады, сонда барлығы 30 ұпай)

І топқа:

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? (алты, шесть, six)

ІІ топқа:

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сона неше алма? (жиырма төрт, двадцать четыре, )

  1. Жалқаумен бір жүретін

Құдды қармақ ілетін

Жоламайды зерекке

Сабақтарын білетін (екілік, два, two)

  1. Келді көп құс ұшып,

Кептер,аққу,қос шымшық.

Сауысқан, қарға, торғай да

Ұшып жүр осы тоғайда

Қанша құс бар қосып шық

(жеті,семь,seven)

ІV кезең. «Қателеспе»

Бұл бөлімде таңдап алған фигураларыңыздағы үшбұрыштардың саны қанша екенін айтасыздар. Дұрыс ұпайға 30 ұпай беріледі.



V кезең «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы

Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Әр мақал-мәтелге 5 ұпайдан беріледі.

Білікті бірді жығар....... (Білімді 1000 жығар)

  • Жаздың бір күні ..... (қыстың 1000 күні)

  • Дұшпаннан бір сақтан.... (жаман достан 1000 сақтан)

  • Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99 )

  • 30 тістен шыққан сөз .... (30 рулы елге тарар)

  • 40 кісі бір жақ.... (қыңыр кісі бір жақ)

  • Жеті жұрттың тілін біл.... (жеті түрлі білім біл)

  • Жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)

  • 2 жақсы қас болмас..... (2 жаман дос болмас)

  • 7 атасын білмеген ..... (жетесіз)

  • 5 бармақ жұмылса .... ( жұдырық болады)

  • Бір кісі қазған құдықтан.... (1000 кісі су ішеді)

VI кезең «Үй тапсырмасы»

Бұл кезеңде әр топ дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

Кімдер білгір, кімдер ұшқыр

Салыстырып біз көрдік

Қара қылды қақ жарып

Әділін тек айтатын

Ортамызда төбе би

Өзіңізге сөз бердік деп

Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақыл шың, қиындықтан өткізер,- деп әрі қарай үнемі білімдеріңді жетілдіріп, «өте жақсы» деген бағаға оқуларыңызға тілектеспін

Көңіл бөліп, бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет.





Просмотр содержимого документа
«7 клТап__ыр достарСыныптан тыс саба__ты__ та__ырыбы»

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» 7 сыныптар арасында

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс сабақ.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары:

1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. «Білімің-тірегің» (қызықты сұрақ-жауап)

3. Логикалық тапсырмалар.

4. Викториналық сұрақтар

5. Білім арқаны (есептер шығару)

6. «Ой сергіту» жұмбақтар шешу.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.(К. Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді

Ортаға 7 қазақ (5 оқушы) —тікбұрышты үшбұрыш , 7 қазақ (5 оқушы)- теңбүйірлі үшбұрыш топтарын шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады екі тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

ІІ тур «Білімің тірегің» Тапсырма интерактивті тақтада берілген.

Қажетті санды табу.

Теңестіру сенімді болу үшін 2,3,7 және 8 сандарын былай жаз:


( __ +__) * ( __ - __) = 45


Теңестіру сенімді болу үшін 4,6,7 және 8 сандарын былай жаз:


( __ +__) * ( __ - __) = 30






Кім жылдам?



ІІІ тур Логикалық тапсырмалар .

І топқа:

• 1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4 БАЛА)

2.Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)

3.Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)

4.Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)

5.Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)

6.Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ)

ІІ топқа:

1.«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ)

2.Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)

3.2адам шахмат ойнап отыр екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2ші адам қанша сағат ойланды  (2-ДЕ 2 САҒАТ)

4.Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасын ба? (СІРІҢКЕ)

5.Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)

6.Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? (ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ)

IV тур. «Викториналық сұрақтар.»

І-топқа:

А)1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)

2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

5. 1/10 санының кері саны? (10)

6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)

8. Жарты түзу. (сәуле)

9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

12. 225 нешенің квадраты (15)

13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

14.Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)

15. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)

16. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)

17. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (Сүйір)

18. Қосудың теңдігі ? (қосынды)

19. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)

20. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

21. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

22. Метрде қанша сантиметр бар? (100)

23. Ең кіші жай сан? (2)

ІІ топқа:

А) 1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды.Үстелде неше стақан бар?(3)

5. Қабылдауды қажет ететін тұжырым (теорема)

6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)

10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

13. 35-тің квадраты (1225)

14. Бір жылда неше тәулік бар? (365)

15. Кесінді тұйықталған ба? (ия)

16. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)

17. Дөңгелектің ең үлкен қордасы? (диаметр)

18. Азайтудың теңдігі? (азайтынды)

19. Қай санды бөлуге болмайды? (0)

20. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

21. шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

22. 1 кг да қанша грамм бар? (1000)

23. Ең кіші натурал сан? (1)

ә) Геометриялық фигуралардың аттарын табу.

1. апрцетяи -трапеция

2. еңшбре - шеңбер

3. шұбршүы - үшбұрыш

4. трұбышрөт-төртбұрыш

5. рвадкат – квадрат

б) Ауызша есепте:

1. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

2. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

V «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)

1 топ:

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек.

(домбыра)

Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

(Инелік)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

(Қалам)

Екі ағайынды екеуі де бір үйде,

Бірін - бірі көрмейді.

(Көз) .

ІІ-топ: 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

2. Алды – артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менең кесінді,

Шыққан тегім білсе де. (түзу)

3. Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат,

Оның аты....... /сағат/

4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,

демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.

Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,

Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/

Қарнында бір көлдің балығы бар,

Немесе жандының алыбы бар.

(Кит)

ҮІ. «Білім арқаны» есептер шығару.

Екі топқа есептер беріледі.

ҮІІ.Қорытынды.

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет,

Шын сезінген көрерменге,

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады



Просмотр содержимого документа
«Арифметикалы__ прогрессия 9 кл»

І. Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы тақырыбына есептер шығару
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Арифметикалық прогрессия тақырыбын пысықтау, n - ші мүшесінің формуласын, алғашқы n - мүшесінің қосындысын табу формулаларын пайдаланып есептер шығара білуге дағдыландыру. Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша білім мен білігін арттыру.
Дамытушылық: Өмірде прогрессияға мысалдар келтіре отырып, білім жетістіктерін прогресті түрде дамытуға ынталандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, зеректікке, тез есептеуге, есептерді шешуге белсенділікке үйрету.
ІІІ. Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
ІV. Көрнекілігі: формулалар, интерактивті тақта, оқулық материалдары
V. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру: №192

а7=-100 --------------- а1+6 d =-100 --------------а1=-100-6d
а9=-78 --------------- а1+ 8d =-78 ----------- -100-6 d + 8d=-78---------- 2d=22 d=11

а1 =- 100 -6*11=-166 a15=a1+14d=-166+14*11=-166+154=-12

III. Арифметикалық прогрессия жөнінде алған білімдері мен біліктерін тексеруге берілген карточкалардан сұрақтарға жауап алу.
1 - карточка. Арифметикалық прогрессияның анықтамасы, мысал келтір.
2 - карточка. Арифметикалық проггрессияның n - ші мүшесін табуға арналған формуланы жаз.
3 - карточка. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын жаз
4 - карточка. an=5n+3 арифметикалық прогрессия болатынын көрсетіңдер. Алғашқы бес мүшесін табыңдар.

ІV. «Кім жылдам?»

n – мүшесінің формуласын пайдаланып прогрессияның мүшесін табу.

  1. a1=-2,  d=3, a6 =? Жауабы: 13

  2. a1=3,  d=5, a7 =? Жауабы: 33

  3. a1=21,  d=-3, a8 =? Жауабы: 0

  4. a1=7,  d=1,5, a11 =? Жауабы: 22

V. 1. Ауызша есептейік
1. а1=5, а3=15, а2=? d=?
2. а1=160, а3=220, а2=? d=?
3. а1=360, а3=120, а2=? d=?
4. а1=14, d=2, а2 , а3 , а4 =?
5. а1=31, d=2, а2 , а3 , а4 =?

. Оқулықпен жұмыс. №196
a) a1=-7,1 a2=-6,3 d=0,8

an=a1+d(n-1)

a9=-7,1+0,8(9-1)=-0,7


ә) a1=6,3 a2=5,8 d=-0,5

an=a1+d(n-1)

a13=6,3+(-0,5)*(13-1)=0,3

199 а)

а123=-21 --------------- а11+ d 1+2d=-21 -------------- 3а1+3d=-21------а1+d=-7
а23+ а4=6 --------------- а1+ d +а1+2 d 1+3d =6 ----------- 3 а1+ 6d=6---------- а1+ 2d=2

а1 =- 7 - d ------------------ -7-d+2d=2 -------------- d=9-------------а1 =- 7 – 9=-16


ә) а3=11 -------------- а1+2d=11 ------------- а1=11-2d------------------ а1=11-2*4=3
а5=19 ---------------- а1+4d=19 -------------11-2d+4d=19--------- 2d=8-----d=4

VI. Сергіту ойыны. «Математикалық вальс»

         1 – ші топқа есеп беріледі, екінші топқа есептің жауабы беріледі. Берілген есептер бойынша қарсы топтан есептің жауабын табу арқылы әр оқушы өзінің парын табады.

  1. an+1= неге тең?an+d

  2. a1,  d арқылы    a50өрнекте?         a1+49d

  3. an=  неге тең?         a1+(n-1)d

  4. a1=20,    d=3 тең болса, ондаa5есепте?32

  5. a1=2,           a10=92,          d=? 10

  6. a6+a9+a10+a15=20,          S10=?            25

VII. «Кім шапшаң?»- деңгейлік есептер. (интерактивті тақта арқылы)
1-нұсқа.

  1. a1=-40,  d=1,5, a8 =? Жауабы -29,5

  2. a5=-4,5, a7 =-7,5,  a1=? Жауабы 1,5

  3. a4=4, a17 =17. S17=? Жауабы 153

2-нұсқа.

  1. a1=-25,  d=6, a32 =? Жауабы 158

  2. a4=14,5, a6 =12, d=? Жауабы -1,25

  3. a4=1, a9 =11,  S20=? Жауабы 280



шығармашылық жұмыс.


Еркіннің ата-анасы туған күніне баласына ұялы телефонды жаңартып сатып беруге ұйғарды . Ол үшін олар бірінші айда 650 теңге, ал келесі айларда алдынғы айдан 50 теңгеге артық ақша жинап отырды.Еркіннің ата-анасы 10 айдан кейін қанша ақша жинайды? Жауабы 8750 тенге

Атай банкке 1 ші айда 40000теңге салып, ол айына 15000 тенге салып отырса,үздіксіз салып отырса, атайдың 1 жылда акшасы канша тенге болады? Жауабы 205000

Бригада қаңтар айында 62 бөлшек жасады, ал әрбір келесі айда алдыңғысынан 14 бөлшек артық жасап отырды. Бригада караша айында неше бөлшек жасады? Жауабы 202 бөлшек

Жұмысшылар 1 күні 5 пәтер жөндейді, екінші күні 8 пәтер жөндейді. Осындай реттен жөндесе, жұмысшылар 1 аптада неше пәтер жөндейді?. Жауабы 98

Үйге тапсырма№198 есеп

Бағалау

Сабақ қорытындылау












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Тап?ыр достар» 7 сыныптар арасында

Автор: Туретова А??у Дошановна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства