Пәні: Математика | Күні: 28.10.2015 ж | Сынып: 6 |
Сабақтың тақырыбы | Таңбалары әр түрлі сандарды қосу |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Сандар туралы түсініктерін кеңейту, ауызша және жазбаша есептеуге дағдылау. Дамытушылық: Ауызша және жазбаша есептеулерде өз ойларын ашық, нақты және сауатты мазмұндау, есептің мағынасына түсіне білу. Тәрбиелік: Өз бетімен мақсат қоя білу, математикалық мәселелерді шешу үшін алгоритмдерін құра білу. Есептердің шығарылу жолдарын таба білу және оны шеше білу. |
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер | Блум таксаномиясы |
Оқыту нәтижесі: | І деңгей: Әртүрлі таңбалы сандарды қосу алгоритмін және оны натурал сандарға қолдана біледі. ІІ деңгей: Әртүрлі таңбалы сандарды қосу алгоритмін ондық бөлшектерге қолдана алады. ІІІ деңгей: Әртүрлі таңбалы сандарды қосу алгоритмін өмірде қолдана алады. |
Негізгі дерек көздері, көрнекіліктер | Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналғаноқулық/ А. Алдамұратова, Е.Байшоланов.-Алматы: Атамұра, 2015.Интерактивті тақта, плакат, кеспелер, түрлі түсті стикерлер. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
І. Кіріспе /5 мин/ | Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, Психологиялық дайындық жасау. Егер сіздің туылған күніңіздің жады 5-ке бөлінсе, онда оң қолдарыңызды көтеріңіз; Ал 2-ге бөлінсе, онда сол қолдарыңызды көтеріңіз; Кімнің екі қолыда котерілді? (Неге?) Ал бірнеше оқушының еш бір қолы неге котерілген жоқ? Үй жұмысын тексеру: №446, №453, №460 | Мұғаліммен амандасады. Оқушылар өз туылған күндері бойынша іс – қимылдар жасайды. Үй жұмыстарын жұптасып тексереді |
ІІ. Оқушыларды белсенді саналы білімді меңгеруге дайындау кезеңі /3 мин/ | «Қайталау - білім анасы»
Тапсырма 1: - 97; 7; - 0,3; 10,5; 200; 52; 0,3; - 6; - 5,4 Мына сандарды топтарға бөліңдер Оң сан теріс сан бөлшек сан бүтін сан Тапсырма 2:
Ережені қолданып есептеңдер – 14 + (- 23)= - 37 - 42 + (- 32)= - 74 0 + (- 11,3)= - 11,3 7 + (- 14)= - 7 - 8 + 10= 2 - 436 +87= - 249 | Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
ІІІ.Жаңа білімді меңгеруге ынталандыру кезеңі
Білу. /3 мин/ | Координаталық түзудің көмегімен сандарды қосып, кестені толтырыңдар:
Кеспе №1 Мысал | Салыстыру | Қосындының таңбасы | Жауабы | - 4 + 3 | |- 4| |3| |
|
| 7 + ( - 2) | |7| |- 2| |
|
| 5 + ( - 6) | |5| |- 6| |
|
| -2 + 4 | |- 2| |4| |
|
|
Координаталық түзуде – 456 мен 287 сандарын қосу тиімдіме? Мұндай жағдайда не істейміз? Онда біздің бүгінгі тақырыбымызды айтып көріңіздер? | Оқушылар координаталық түзуді қолданып, кестені толтырады. Координаталық түзуде орындау тиімсіз екенін айтады. |
Түсіну. /8 мин/ | Кеспе №2 Жауаптардағы таңбаларға көңіл аударыңыз. Қорытынды жасаңыз: Таңбалары әр түрлі сандарды қосқанда қандай таңба шығады? Қосылғыштардың қайсысының таңбасымен жауаптағы таңба сәйкес келеді? Бұл қосылғыштың модулін екінші қосылғыштың модулімен салыстырғанда не айтуға болады? Қорытынды жасаңыз: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу кезінде шыққан санның алдына модулі__________________________ Қорытынды жасаңыз: Әр түрлі таңбалы сандарды қосқанда жауап: модулі ______________________ тең болады. Алынған қорытындыны негізге ала отырып, координаталық түзуді пайдаланбай келесі сандарды қосыңдар: 26 + (- 43) = - 72 + 22 = 13 + (- 18) = Таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесін тұжырымдап көріңіз: Таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін: 1) ______________модульден _____________азайту керек; 2) Шыққан санның алдына _____________________________қою керек. Қорытынды: Таңбалары әртүрлі екі санды қосу алгоритмі: Үлкен модульден кіші модульді азайту керек; Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек. | Өзара достық қарым- қатынас құра отырып, топпен жұмыс жасайды. Оқушылар топта таңбалары әр түрлі сандарды қосу алгоритмін құрастырады. |
IV.Білімді бекіту кезеңі.
Қолдану. /7 мин/ | Оқулықтан тақырып бойынша есептер шығару.Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей: №465(1, 3), №466(1, 3) ІІ деңгей: №476(1, 3), №477(1, 3) ІІІ деңгей: №483(1, 3) | Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
|
Талдау. /5 мин/ | Алгоритмді айта отырып, тақтада бірге орындаймыз. – 22 + 5 6. 24 + (- 16) 59 + (- 79) 7. 8,6 + (-17,6) - 7 + 15 8. – 8,5 + 8,5 45 + (- 36) 9. – 5,5 + 9,5 (- 25) + 21 10. – 15,3 + 35,3 11. 16,7 + (- 8,7) М | Р | Б | Х | А | У | П | Г | Т | - 4 | - 20 | - 17 | 9 | 8 | 0 | 4 | - 9 | 20 |
Б | Р | А | Х | М | А | Г | У | П | Т | А | - 17 | - 20 | 8 | 9 | - 4 | 8 | - 9 | 0 | 4 | 20 | 8 |
| Есептерді тақтада орындайды. Салыстырады. |
Сергіту сәті /2 мин/ | Адам бойында жағымды және жағымсыз қасиеттері кездеседі. Жағымды қасиеттерімізді оң сандар, жағымсыз қасиеттерімізді теріс сандар деп алатын болсақ, онда координаталық түзу бойында жағымды қасиеттерімізді оң жаққа, жағымсыз қасиеттерімізді сол жаққа орналастырамыз. арам қатыгез 0 мейірімді адал
| Оқушылар орнынан тұрып жағымды қасиеттер айтылғанда екі рет, ал жағымсыз қасиеттер айтылғанда бір рет қол соғады. |
V. Қорытынды
Жинақтау. /7 мин/
| І деңгей: 1. 36 + (- 33) 3. – 44 + 56 2. 15 + (- 18) 4. – 54 + 54 ІІ деңгей: – 1,4 + 2,7 3. 7,2 + (- 5,4) 3,6 + (- 3,6) 4. 4,9 +(- 5,2) ІІІ деңгей: Апта бойы ауа райының температурасы сәйкесінше -3.20; 6,10; - 0,80; - 5,40; 1,90; 1,70 – қа өзгертіп отырады. Апта соңындағы ауа райы температурасын табыңыз, егер апта басында 10 болған болса. | Тапсырманы жеке орындайды, өз пікірлерін білдіреді.
|
VІ. Бағалау. /2 мин/ | 9 тапсырма – «5» 7 тапсырма – «4» 5 тапсырма – «3» | Орындаған тапсырма санын жұмыс дәптеріне жазып, өзін-өзі бағалайды. |
VІІ.Үй тапсырмасы туралы ақпарат /1 мин/ | № 468; № 480; № 484. | Үй тапсырмасын күнделікке жазады. |
Рефлекция /2 мин/ | Кім өз жұмысына қанағаттанды? Не қиын болды? Бұл қиындықты жеңу үшін не істеу керек? Өзіңізді не үшін мадақтайсыз? | Оқушылар өз пікірлерін еркін білдіреді. |