kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "ИФМ-?мірде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ИФМ атты апталы? кеш ?ткіздім.  О?ушылар?а математика, информатика ж?не физика п?ндерінен тапсырмалар берілді. Информатика ?алашы?ында о?ушылар адас?ан ?ріптерді тапты. Математика ?алашы?ында о?ушылар Математика мейрамханасына барып, менюдан ?здеріне ?ажетті асты та?дады. Б?л ас тама?ында ?рт?рлі математикалы? с?ра?тар болды. Физика ?алашы?ында о?ушылар?а аукцион ?ткіздік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "ИФМ-?мірде"»

«

«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»

















«ИФМ» поезд



























2015-2016 оқу жылы



Апталықтың қорытынды кеші

Тақырыбы: «ИФМ» поезд

Мақсаты: Оқушылардың жалпы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, таным белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, термометр, сабын, ермексаз, тіс пастасы, тіс сықпасы, қарындаш, стақандағы су, плакат, слайдтар,

1-жүргізуші. Сәлеметсіздер ме оқушылар!

2-жүргізуші. Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

«Математика» - ғылымдар патшасы,

«Информатика» - ақпараттар ғылымы,

«Физика» - табиғат патшасы деп, «ИФМ -өмірде» атты поезд атты қорытынды кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші.

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың ғылымы,

Информатика, физика, математика пәндері жайында

«ИФМ-өмірде» атты поезд кешімізді бастаймыз.



2-жүргізуші. Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үшем пәннің мектебіміздегі қалашықтарына саяхат жасайық.

Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық

Роботтай – адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Комьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген



«Информатика» қалашығына келдік. Бұл қалашықта әртүрлі тапсырмалар беріледі. Қалашықтың аты жоғалыпты оқушылар жан-жақтарына қарап, әріптерді табындар. Ауысқан әріптерден дұрыс сөзді оқиды және тапқан сөзді айтады және сұраққа жауап береді.

Ауысқан әріптер

Дұрыс сөздер

1

Магрампро

Программа

2

Дакротре

Редактор

3

Енюм

Меню

4

Ншытақ

Тышқан

5

Такедис

Дискета

6

Нофроким

Микрофон

7

Ledete

Delete

8

Fsthi

Shift

9

Ретпьюком

Компьютер

10

Оонлкка

Колонка

11

Ронитмо

Монитор



1-жүргізуші. Оқушыларды марапаттаймыз.





2-жүргізуші.

«Математика» қалашығына келдік.

Ғылымдардың патшасы атанған,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен қаталдансаң

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән математика атанғансың

Жас достар,

Мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.



«Математика» қалашығында мейрамхана ашылды.

Бүгінгі ас мәзірі:

  1. Дәмді теңдеулер:

Қоспалар:

А) жай бөлшектер

Б) аралас бөлшектер

В) ондық бөлшектер

Г) күрделі гарнир

2. Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ.

3. Палауға қосылған көңілді санау.

4. Амалдар қосылған винегрет салаты.

5. Геометриялық фигуралармен дәмін келтіретін қияр салаты.

6. Біздің дастарханнан сіздерге дәм

7. Ғажайып десерттер:

А) Тиісті сандарды тауып, сиқырлы квадраттың бос тор көздерін толтырыңдар:

Б) «Компьютер» балмұздағы

В) Түбірден жасалған торт



1-жүргізуші. Оқушыларды марапаттаймыз.



2-жүргізуші.

«Физика» қалашығына келдік. Бұл қалашықта аукцион болып жатыр. Осы аукционға қатысайық.



Уа, халайық, халайық!

Бәріңде жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде,

Физика елінде,

Физика тілінде,

Есеп шешіп аңдысып...

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық,

Жұмбақ шерді шашайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық.



Физика қалашығына поездбен барып, тоқтаймыз. Аукционға қатысамыз.

Термометр сатылады. 1. Температураны өлшейтін құрал. 2. Сынып пен спирттің көлемінің температураға тәуелділігі пайдаланылады. 3. Термометрдің санақ басы ретінде еріген мұздың температуарсы алынады. 4. Термометрдің құрылысында заттың үш түрлі күйі де кездеседі, мысалы, сырты әйнектен - ол қатты зат, ал спирттің немесе сыныптың үстіңгі жағында олардың буы болады.

Сабын сатылады. 1. Бұл аморф дене. 2. Сабынды пайдаланғанда судың беттік керілу күші азаяды. 3 . сабын майды және кірлеген нәрселерді тазалайды.

Тіс щеткасы мен сықпасы сатылады: 1. Щетканың қылы серпімді болу керек. Себебі ол бұралу деформациясына ұшырайды. 2. Щетканың сабы – қатты дене. 3. Әр түрлі сықпалардың иісі де әр түрлі болады, мұны біз диффузия құбылысының арқасында сеземіз. 4. Тісті тазалау кезінде денелер бір-біріне қатысты қозғалады. 5. Тазалау кезінде үйкелістің маңызы көп. Пастадағы қоректік заттар диффукция құбылысы арқылы тіске өтіп, оған жақсы әсер етеді.

Қарындаш сатылады. 1. Қарындаш – графит кристалынан тұрады. 2. Жазған кезде қарындаштың анизотропиясы байқалады. 3. Оны перпендикуляр бағытта жарып бөлу қиын. 4. Графиттің қағаз бетіне жұғу құбылысы байқалады. 5. Графит көміртегі атомдардың параллель жазық торларынан тұрады.

Ермексаз сатылады. 1. Ермексаз (пластилин) – аморф дене. 2. Төменгі температурада қатты дегеге, жоғары температурада сұйыққа ұқсайды. 3. Ермексаздың белгілі бір балқу температурасы болмайды. 4. Ермексаз қатты және сұйық денелердің арасында аралық орын алады. 5. Ермексаз изотропты, оның қасиеті барлық бағытта бірдей.



Стақандағы су сатылады. 1. Су – сұйық зат. 2. Су молнкулалардан тұрады.

  1. Су өзі тұрған ыдыстың пішінін алады. 4. Су көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. 5. Судың белгілі бір қайнау және қату температурасы бар. 6. Суқатса – мұзға, қайнап, буланса – буға айналады. Ол агрегаттық күйлер деп аталады. 7. Су жақсы суытқышқа жатады.

Полиэтилен пакеттегі тоқаш сатылады. 1. Тоқаш үлпілдеп әрі қарай қатты дене. 2. Оның суы буланып кеткенде, ол кеуіп, қатып қалады. 3. Кеуіп кетпес үшін тоқашты пакетте сақтайды. 4. Пакетте булану және конденсация процесі жүреді. 5. Егер пакетті тоңазытқышқа қойсақ, онда температураның төмендеуіне байланысты кебу азаяды.

Есеп сатылады. «Нені есептеуге болады, соңы есептендер». «Массасы 6 кг. Оттегі көлемі 5 м3 балонда 300 кПа қысымда тұр. «Нені есептеуге болады, соңы есептендер!»

1-жүргізуші. Оқушыларды марапаттаймыз.



2-жүргізуші.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет



1-жүргізуші.

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады

Кеш қызығын талай адам тыңдады

Тәрбиелер тәлімі мол, әсері

Болса егер көңілді жақын тыңдады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Та?ырыбы: "ИФМ-?мірде"

Автор: Омирзакова Динара Данабековна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303280


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства