Моти-вациялық қозғаушы-лық | - Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келген екен, қонақтармен амандасайық. Шаттық шеңбері: Кел балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік! - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Атаулары қандай? - Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? - Жарайсыңдар, балалар! - Балалар, бүгінгі өтетін оқу қызметіміз Математика. Тақырыбы «Үлкен-кіші және биік-аласа» Оқу қызметін бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсірейікші. Кім біледі? - Дұрыс, жарайсың! Слайдпен пішіндерді қайталау: - Балалар, мынау қандай пішін? - Неліктен шаршы дейміз? - Шаршыға нелер ұқсайды? - Ал,мынау қандай пішін? - Неліктен үшбұрыш дейміз? - Үшбұрышқа нелер ұқсайды? - Ал, мынау қандай пішін? - Шеңберде бұрыш бола ма? - Ол неге ұқсайды? - Жарайсыңдар балалар! - Енді жаңа тақырыбымызға өтейік. Ғажайып сәт. - Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер. Жұмбақ: Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден. (Кірпі.) Балалар, жұмбақ не туралы? Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады. Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады. - Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме? - Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалып, түнде ұйықтайды. | Қимылмен шаттық шеңберін жасайды - Қыс - Үш ай бар - Желтоқсан, қаңтар, ақпан Үшбұрыш, шеңбер, шаршы - Шаршы - Өйткені төрт бұрышы бар - Үстел, терезе, кітап - Үшбұрыш - Өйткені үш бұрыштары бар. - Үй шатыры, шырша - Шеңбер - Жоқ ол дөңгелек - Күн, алма, доп Кірпі туралы Балалар мұқият тыңдайды. Ия, білгіміз келеді |
| Ойын «Кірпі немен қоректенеді?» Шарты: суреттерді көрсету арқылы кірпі қай нәрсемен қоректенетінін сұрайды. Кірпі балаларға тапсырмаларды дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып қоштасады. Балаларға үйлердің суреттерін көрсетеді. - Балалар, үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме? - Дұрыс? Бір үй биік,ал басқа үй аласа. - Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар,қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз. Балаларға биік-аласа сөздерін түсіндіреді. Ойын «Суреттерді орналастыр» . Шарты: Берілген суреттерді көлеміне қарай ажыратып орналастыру. | Салыстырып жауап береді. |