Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы "Тік т?ртб?рышты? ауданы мен периметрі" ашы? саба?. Математика п?нінен »
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрі
Сабақтың мақсаты: тік төртбұрыштың ауданын табу ережесімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Өзін-өзі бақылауды, бағалауды қалыптастыру.
Тәрбиелігі: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеп мақсатқа жетуге, бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу.
Түрі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: топпен жұмыс, талдау, өзіндік жұмыс, бағалау бетшесі, проблемалық, қорытынды жасау, Блум таксоманиясы.
Көрнекілігі: тірек сызба, кесте, АКТ, слайдтар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық «Бір-біріңе жақында» ІІ. Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
І топ. Үшбұрыш
ІІ топ. Тіктөртбұрыш
ІІІ топ. Шаршы
Топ басшысы сайланады. Бағалау бетшесіне түсінік беріледі. Топ ережелері еске түсіріледі.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№4 тексеріп, бағалау.
ІV. Ой қозғау. Ребус арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығару.
,
4 - ТЫҢ S-Ы
Мағынаны тану. Білу.
4 см
1 см 2
2 см Тік төртбұрышта неше шаршы бар? Неше қатар бар? Неше баған бар? Қалай тез есептеуге болады. Ережемен жұмыс.
Топпен жұмыс. І топ: № Кесте бойынша үш есеп құрастыр және оларды шығар.
Тік төртбұрыштың ұзындығы Тік төртбұрыштың ені Тік төртбұрыштың ауданы 9 см 3 см ? см ? см 4см 28 см2 10 см ? см 30 см2 ІІ топ. №3 Шешуін түсіндір: Х*4=28 Х =28:4 Х =7 7*4=28
ІІІ топ. №4
Тік төртбұрыштың ұзындығы Тік төртбұрыштың ені Тік төртбұрыштың ауданы Бірдей 6 см 4 см ? см2 ? см 3 см ? см2 Біліміңді байқап көр:
І топ: 24:4+6х3 ІІ топ: 500:5-50х2 ІІІ топ: 90х5-900:3 200х4:8 -50 30х8+160-200 40х2+20+100
Сергіту сәті.
Қолдану. «Ойымды жалғастыр»
І топ. №6 Киіз үйде ұзындығы 4 см, ал ені одан 2 метр қысқа тұскиіз ілулі тұр. Тұскиіздің ауданын тап.
Тұс киіз, түс киіз-бөлме қабырғасын сәндеуге арналған қазақ халқының ұлттық жиһазы.
ІІ топ. №7.
Нан дүкенінің тік төртбұрышты еденінің ұзындығы 6м, ені 5м. Сатушының жүретін жері сол ауданның үштен бір бөлігіне тең. Сатып алушыларға неше квадрат метр жер қалдырылған?
ІІІ топ. №8 Өрнектердің мәндерін дұрыс тапсаң, киіз кілемінің аты шығады.
«Ойланайық, кім ойшыл» шығармашылық жұмыс. №10. Тік төртбұрыштың ені ұзындығының төрттен бір бөлігіне тең. Ал периметрі қабырғалары 5 см-ге болса,тең шаршының периметріне тең. Оның ауданын тап.
Жинақтау. Толықтыру тестісі. 1)Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4см, ал ені 2см болса, оның ауданы_______см2 –ге тең болады. 2)Егер шаршының қабырғасының ұзындығы 3см болса, оның ауданы_______см2 –ге тең болады. 3) Егер тік төртбұрыштың ауданы 15см2, ал ұзындығы 5см болса, оның ені_______см –ге тең болады. 4) Егер тік төртбұрыштың ауданы 12 см2, ені 3 см болса, оның ұзындығы _______см –ге тең болады. 5) ) Егер тік төртбұрыштың ені 2 см және ұзындығы жартысына тең болса, онда оның ауданы_______см –ге тең болады. 6) Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 6см, ал ені ұзындығының үштен бір бөлігіне тең болса, онда оның ауданы_______см –ге тең болады. 7) Егер шаршының периметрі 24 см болса, оның ауданы_______ см2 –ге тең болады. Бағалау.