kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?рбие – ?мір ережесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?т?стік ?аза?стан облысы, Шымкент ?аласы, №77 Асанбай Ас?аров атында?ы мектеп-лицейіні? математика п?н м??алімі Намаева Айгул Халы??ызы. "Т?рбие – ?мір ережесі" ашы? саба?, 5-сынып. Архифте саба? жоспары ж?не презентация бар.

Ма?саты: ???ы?ты? мемлекетте азаматты? ?о?ам м?шелеріні? ???ы?ты? санасы мен м?дениеті жо?ары болуы керек.???ы?ты? сана деп отыр?анымыз ???ы?ты білу, ???ы?ты т?сіну,??рметтеу, ?ділдікке сену ???ы?ты са?тау?а да?дылану, азаматты? ???ы?ты? талаптарын орындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«айгүл»

5 «Д» сынып Тәрбие сағаты.

Сабақтың тақырыбы: «Тәрбие – өмір ережесі»

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың адам құқықтары туралы сана сезімін

қалыптастыру;

б)Қылмыстың алдын алу үшін құқықтық білімдерін

дамыту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін ашу;

в)Инабаттылыққа,әдептілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: көрініс,пікір алысу;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: модулдік технология

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.

2.Үй жұмысын сұрау.

1)Бейбітшілік бесігі деген не?

2)Қазақстан Республикасында қанша ұлт тұрады?

3)Ерлік – ел мұраты деген не?

4)Қазақстан Халықтары Ассамблеясы қай жылы құрылды?

5)Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, аяқталды?

3.Жаңа сабақ.

Жоспары:

І.Ой қозғау.

«Сенің құқығың»

ІІ.Мағынаны тану.

«Қылмыспен күрес – көптің ісі.»

ІІІ.Ой толғау.

«Тура жолдан тайғанға не шара?»

ІV.Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құметті ата-аналар мен оқушыларҚ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде «жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар» туралы қаулы қабылдаған болатын.Содан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде Қазақстан құқықтық мемлекет болып танылды.Сіздер білесіздер құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары болуы керек.Құқықтық сана деп отырғанымыз құқықты білу, құқықты түсіну,құрметтеу, әділдікке сену құқықты сақтауға дағдылану, азаматтық құқықтық талаптарын орындау.Осы мақсатта біз сіздермен бүгін «Тәрбие – өмір ережесі»тақырыбында тәрбие сағатын өткізбекшіміз.

І.Ой қозғау.Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.Әр топ басшысы өздерін өлеңмен таныстырады.

А) 1.Армысыздар мұғалімдер - әз жандар,

Білім беріп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Пікір айтып, ойда бүгін айтылар.

2.Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертең-ақ азамат болғалы тұр.

Қазақ атын биікке алып шығар

Біздей мықтыларға оң мен солың бәрібір.

3. Бойымыз өнерге толы,

Ойымыз білімге толы,

Тек биікте тұрамыз,

Бізге қымбат өмір жолы.

Б) Әр топ 1) Құқық деген не?

2) Міндет деген не?

3) Заң сөздікшесі:Конституция, Декларация,Мораль.

1топ Құқық деген не? – Құқық – қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп , қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.

а) 1 бап. Балалар құқығы туралы Конвенция

«18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады»

ә) 1 бап. Баланың заңды өкілдері - ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патрионат тәрбиелеуші.

б) 4 бап.Балалар тең құқылы. Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жатады.әлеуметтік және мүліктік жағдайына жынысына, ата-анасына қарамайды.

в) 8 бап. Балалардың денсаулығына бақылау жасау тегін, медициналық көмек алуға құқылы.

г) 15 бап.Балалардың тегін білім алуға құқылы.

ғ)16 бап.Он төрт жастан бастап, ата-ананың рұқсатымен баланың қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқылы.

2топ. Міндет деген не? Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.

Баланың міндеті.Менің құқығым мектеп жарғысымен шектелген.

-білім алуға, тәртіп сақтауға, мектеп мүлкін сақтауға,әрдайым таза, ұқыпты жүруге,темекі шекпеуге, спиртті ішімдіктер ішпеуге,мектеп формасын сақтауға міндетті.

3 топ. Заң сөздікшесі: Конституция, Декларация,Мораль.

Конституция- адам құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттің ұйымдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық акт.

Декларация – тараптар мақұлдаған жалпы принциптермен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт.

Мораль – адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

а) Қ.Р. Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. ІХ бөлімнен 98 баптан тұрады.

ә) 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ. «Адам құқығы туралы жалпы декларация» қабылданды.

б)1989 жылы 20 қарашада БҰҰ. Бас Ассамблеясы «Бала құқықтары туралы конвенцияны»қабылдады.

в) «Қ.Р. Бала құқықтары туралы конвенциясы» 2002 жылы 8 тамызда қабылданып, 2010 жылы 23.11. қайта өзгертілді.

г) «Қ.Р. Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңы. Білім беру ұйымдарында 14 бап. »

ғ) «Қ.Р. Білім туралы заңы», «Тіл туралы заңы» 1997 11 шілдеде, «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заңы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңы».

д) «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктертуралы заңы», «Экстремизмге қарсы іс қимыл туралы заңы», «Терроризмге қарсы күрес заңы» бар.

ІІ.Мағынаны тану .а) Сен білесің бе?

Білемін

Сәйкес келмейді

Мен үшін жаңалық

Таңқалдым






1 топ. Ауыр қылмысқа жататындар

  • Жұқпалы аурулармен (туберкулез, АҚТ жұқпасы, психикалық ауытқулардан) емделуден бас тартқандар;

  • мемлекеттің немесе жеке адамның меншігін тонау;

  • қасақана кісі өлтіру;

  • есірткі қолдану;

  • денені ауыр дәрежеде жарақаттау;

  • зорлық- зомбылық көрсету;

  • атылатын қару- жарақ, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тонау;

2 топ. Негізгі жазаға нелер жатады.

  • бас бостандығынан айыру;

  • бас бостандығынан айырмай, еңбекпен түзету жұмыстары;

  • белгілі лауазым құқығынан айыру;

  • айып салу;

  • жұқпалы аурулардан емделуден ерікті бас тартатын адамдарды мәжбүрлеп емдеуді;

3 топ. Шариғат бойынша ауыр қылмыстар. Хаад тобына 7 түрлі аса қауіпті қылмыстарды жатқызады.

  • жезөкшелік,

  • арақ- шарап ішушілік;

  • тонаушылық.

  • жалған куәлік беру;

  • діннен безу;

  • өкіметке қарсы көтеріліс жасау;

б) «Қылмыспен күрес –көптің ісі».

«Қазақтың ертегідегі аңыз- әңгімесінен көрініс».

Қатысатындар: би, жігіт, уәзір, анасы, сарбаздар.

Баласы көршінің тауық ұясынан жұмыртқа әкеледі де,шешесіне жұмыртқаны қуырып беруін сұрайды.

Анасы жұмыртқаны қуырып береді. Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеліп, анасына әкеледі. Қорадағы тауықтарға қосып қояды. Бірнеше жыл өтеді, бала ұрлықты кәсіп ететін жігіт болып өседі. бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің жалғыз сиырын ұрлап сойып жатқан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына алып барады, үкім шығарып жазалауын сұрайды.

Би: сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанын бағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балаларының аузын ақтан қақтың. Сенің жазаң дарға асу.

Жігіт: дат тақсыр!

Би: датың болса айт.

Жігіт: маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсат етіңіз(анасы келеді).

-Апа маған тіліңізді көрсетіңізші.(анасы тілін көрсетеді)

Уәзір: сені жарық дүниеге әкелген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Жігіт: Тақсыр мен көршінің жұмыртқасын алып келгенде анам маған ұрысқан жоқ. Ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылмен айтпаған анамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын.

Би: Әй, балам бұл сөзіңнің де жаны бар екен, ұрлықшы болуыңа сенің анаңның да кінәсі бар екен.Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті: «Ұры әйел болсын, еркек болсын , қолын шауып тастау керек».Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын ай балтамен шауып тастаңдар! Анасы есінен танып қалады.

Жігіт: Бауырларым! Менің өкінішті ісімді қайталамаңдар!Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамаймын! (Қ.Р.Қылмыстық кодексінің 175 бабы бойынша белгілі мерзімге жазаланады.)

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

  1. Халықтық- шариғат жолымен.2. Қ.Р.Қылмыстық кодексі бойынша.

Мұхаммед пайғамбар: «Арақ –шарап ішушінің бойынан ізгі қасиеттер қашады. Маскүнем үй –ішіне жақын туыстарына, айналасындағыларға жексұрын болып, адамдық қасиеттерін жоғалтады» деген.

Шариғат бойынша құқық бұзушылық үш топқа бөлінеді:

Бірінші топ- Алла құқығына қол сұғушылық,ол нақты хаад(шек)түрімен жазаланады.

Екінші топ – жеке адам құқығына қол сұғушылар. Олар қауад және дииа түрімен жазаланады.

Үшінші топ – қатаң жаза қолданылмайтын іс-әрекеттер, ол тәзірмен жазаланады.

1)зинақорлық – 100 дүре соғылып, жұрт болып таспен атқылап өлтірген;

2)арақ ішкендер мас болып ауыр қылмыстар істейді, өлім жазасына дейін кесілген;

3)ұрлық- қасақана жасағаны үшін қатаң жаза қолданған.Қазақта 27 есе айып артық салған.Егер мойындап, дәлелденсе;

4)тонаушылық аяғын не қолын кескен;

5)өтірікшілер – күнәһар,құранда екі дүниедеде жазаға ұшырайды деген;

6)көтерілісшілер- ислам діні бойынша ауыр қылмыс. Өлім жазасына кескен;

6) діннен безу- сан ғасырлар бойына қалыптасқан ел-жұрттың имандылық түсініктерін аяқ асты етіп, басқа наным –иланымға өту ауыр қылмыс;ешкімді дінге күштеп кіргізбеген;

7)кісі өлтіруші – не өлтіруге,не дииа алуға,не кешіруге үндеген. Құранда өлген адам үшін 100 түйе беру айтылған; қазақта 1000 қой немесе 100 түйе беріп, құн төлеу болған; «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген қағида құранда бар.

2.Қ.Р.Қылмыстық кодексі бойынша.

1)Жасөспірімдер 14 жастан бастап жазаға тартылады;

2)Кәмелетке толмаған ұрлық жасағандар 2 жылға сотталады;

3)14 бап. Заң мен сот алдында адамдардың бәрі тең; лауазымы, тегі, ұлты, жынысы, нәсіліне, тіліне қарамайды;

4)16 бап. Соттың санкциясынсыз 72 сағатқа тұтқындауға болады. Әрбір ұсталған қылмыскер адвокадтың көмегін пайдалануға болады;

5)15 бап. Қ.Р.Қылмыстық кодексі: ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді. Кешірім жасау туралы өтініш етуге хақы бар;

ІV. Қорытынды. «Кім көп біледі?»

Мақал- мәтелдер:

  1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  1. Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.

  1. Адамды алдау- адамның алдындағы қылмыс,

Ағаны алдау – анаңның алдындағы қылмыс.

  1. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

  1. Баланың жақсысы сүйініш,

Жаманы – күйініш.

  1. Жігіттің құны жүз жылқы,

Ары мың жылқы.

  1. Жарлы болсаңда арлы бол

  2. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.

  3. Ұрлық түбі – қорлық.

  4. Ұры – байымайды,сұғанақ – семірмейді.

  5. Арақпен достастым дегенше,адамгершілікпен қоштастым де.

  6. Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер.

  7. Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.

  8. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.




Просмотр содержимого презентации
«Айгул апай»

Ашық тәрбе сабақ  Тәрбие - өмір ережесі Математика пәні мұғалімі:  Намаева Айгүл

Ашық тәрбе сабақ

Тәрбие - өмір

ережесі

Математика пәні мұғалімі:

Намаева Айгүл

Инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу; Оқушылардың адам құқықтары туралы сана сезімін қалыптастыру;  Қылмыстың алдын алу үшін құқықтық білімдерін дамыту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін ашу

Инабаттылыққа,

әдептілікке

тәрбиелеу;

Оқушылардың адам

құқықтары туралы

сана сезімін

қалыптастыру;

Қылмыстың алдын

алу үшін құқықтық

білімдерін

дамыту,ойлау,

сөйлеу қабілеттерін

ашу

Сабақтың түрі: көрініс,пікір алысу; Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта. Сабақтың әдісі: модулдік технология І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушыларды түгелдеу б) Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру; ІІ. Ой түрткі – үй тапсырмасын тексеру; ІІІ. «Жаңа сабақ» Жоспары: 1.Ой қозғау «Сенің құқығың» 2.Мағынаны тану.  «Қылмыспен күрес – көптің ісі» 3.Ой толғау .«Тура жолдан тайғанға не шара?» ІV.Қорытынды.

Сабақтың түрі: көрініс,пікір алысу;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: модулдік технология

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгелдеу

б) Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру;

ІІ. Ой түрткі – үй тапсырмасын тексеру;

ІІІ. «Жаңа сабақ»

Жоспары:

1.Ой қозғау «Сенің құқығың»

2.Мағынаны тану. «Қылмыспен күрес – көптің ісі»

3.Ой толғау .«Тура жолдан тайғанға не шара?»

ІV.Қорытынды.

1)Бейбітшілік бесігі деген не? 2)Қазақстан Республикасында қанша ұлт тұрады? 3)Ерлік – ел мұраты деген не? 4) Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, аяқталды? 5) Рейхстакқа ту тіккен кім? 6) Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай Кеңес Одағы батырларын білесіңдер?

1)Бейбітшілік бесігі деген не?

2)Қазақстан Республикасында қанша ұлт тұрады?

3)Ерлік – ел мұраты деген не?

4) Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, аяқталды?

5) Рейхстакқа ту тіккен кім?

6) Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай Кеңес Одағы батырларын білесіңдер?

2-топ сұрағы  1-топ сұрағы 3-топ сұрағы  Заң сөздікшесі: Конституция, Декларация, Мораль. Міндет деген не? Құқық деген не?

2-топ сұрағы

1-топ сұрағы

3-топ сұрағы

Заң сөздікшесі:

Конституция,

Декларация,

Мораль.

Міндет

деген

не?

Құқық

деген не?

а) Сен білесің бе? 1-топ “ Ауыр қылмысқа жататындар”   Білемін Сәйкес келмейді Мен үшін жаңалық Таңқалдым

а) Сен білесің бе? 1-топ

“ Ауыр қылмысқа жататындар”

Білемін

Сәйкес келмейді

Мен үшін жаңалық

Таңқалдым

а) Сен білесің бе? 2-топ “ Негізгі жазаға нелер жатады”   Білемін Сәйкес келмейді Мен үшін жаңалық Таңқалдым

а) Сен білесің бе? 2-топ

“ Негізгі жазаға нелер жатады”

Білемін

Сәйкес келмейді

Мен үшін жаңалық

Таңқалдым

а) Сен білесің бе? 3-топ “ Шариғат бойынша ауыр қылмыстар. Хаад тобына 7 түрлі аса қауіпті қылмыстарды жатқызады”   Білемін Сәйкес келмейді Мен үшін жаңалық Таңқалдым

а) Сен білесің бе? 3-топ

“ Шариғат бойынша ауыр қылмыстар. Хаад тобына 7 түрлі аса қауіпті қылмыстарды жатқызады”

Білемін

Сәйкес келмейді

Мен үшін жаңалық

Таңқалдым

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара?»  1. Халықтық- шариғат жолымен.  Мұхаммед пайғамбар: «Арақ –шарап ішушінің бойынан ізгі қасиеттер қашады. Маскүнем үй –ішіне жақын туыстарына, айналасындағыларға жексұрын болып, адамдық қасиеттерін жоғалтады» деген.  Бірінші топ - Алла құқығына қол сұғушылық,ол нақты хаад(шек)түрімен жазаланады. Екінші топ – жеке адам құқығына қол сұғушылар. Олар қауад және дииа түрімен жазаланады. Үшінші топ – қатаң жаза қолданылмайтын іс-әрекеттер, ол тәзірмен жазаланады.  2. Қ.Р.Қылмыстық кодексі бойынша.

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара?»

1. Халықтық- шариғат жолымен.

Мұхаммед пайғамбар: «Арақ –шарап ішушінің бойынан ізгі қасиеттер қашады. Маскүнем үй –ішіне жақын туыстарына, айналасындағыларға жексұрын болып, адамдық қасиеттерін жоғалтады» деген.

Бірінші топ - Алла құқығына қол сұғушылық,ол нақты хаад(шек)түрімен жазаланады.

Екінші топ – жеке адам құқығына қол сұғушылар. Олар қауад және дииа түрімен жазаланады.

Үшінші топ – қатаң жаза қолданылмайтын іс-әрекеттер, ол тәзірмен жазаланады.

2. Қ.Р.Қылмыстық кодексі бойынша.

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»  Сау адамның  өкпесі Темекі шегушінің өкпесі

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

Сау адамның

өкпесі

Темекі шегушінің

өкпесі

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

ІІІ. Ой толғау. «Тура жолдан тайғанға не шара»

Мақал- мәтелдер: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,  Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. Анаңа ауыр сөз айтпа,  Атаңа ауыр жүк артпа. Адамды алдау- адамның  алдындағы қылмыс,  Ағаны алдау – анаңның алдындағы  қылмыс. 4.  Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,  Адам баласы үшін азапқа түседі. 5.  Баланың жақсысы сүйініш,  Жаманы – күйініш. 6.  Жігіттің құны жүз жылқы,  Ары мың жылқы. 7.  Жарлы болсаңда арлы бол 8.  Ер жігітке өлімнен ұят күшті. 9.  Ұрлық түбі – қорлық. 10.  Ұры – байымайды,сұғанақ – семірмейді. Арақпен достастым дегенше,  адамгершілікпен қоштастым де. 12.  Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер. 13.  Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды. 14.  Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Мақал- мәтелдер:

  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  • Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.

  • Адамды алдау- адамның

алдындағы қылмыс,

Ағаны алдау – анаңның алдындағы

қылмыс.

4. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

5. Баланың жақсысы сүйініш,

Жаманы – күйініш.

6. Жігіттің құны жүз жылқы,

Ары мың жылқы.

7. Жарлы болсаңда арлы бол

8. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.

9. Ұрлық түбі – қорлық.

10. Ұры – байымайды,сұғанақ – семірмейді.

  • Арақпен достастым дегенше,

адамгершілікпен қоштастым де.

12. Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер.

13. Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.

14. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Т?рбие – ?мір ережесі"

Автор: Намаева Айгул Халы??ызы

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 214032


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства