Просмотр содержимого документа
«Сызы?ты? те?деу ж?не сызы?ты? те?сіздік тарауын ?ортындылау.»
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық теңдеу және сызықтық теңсіздік тарауын қортындылау.
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін, икемділіктерін тексеру. Оқуғақызығушылығын,ынтасын арттыру Дамытушылық:Ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденіс тапқырлығын зеректілігін ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Математикалық сайыс. Сабақтың әдісі: Топтар бойынша жұмыс. Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.
« Білімді азамат – ел ертеңі ». « Білім мен даналық адам көркі ». « Халыққа наннан кейінгі қажеттісі білім ».
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.А) Оқушыларды түгендеу. Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару . Б) Сыныпты 2 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап, топтпрға «Теңдеулер» және «Теңсіздіктер» деп ат қойылады. В) Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.
Ұран.
« Арқан тартыс».
« Көкпар».
« Бәйге».
« Бетпе - бет».
Г) Кіріспе сөз ( нақыл сөздер).
2. Сабаққа кірісу кезеңі:
1. Әр топ топтарының аттарымен, өз ұрандарымен таныстырады. 2. « Арқан тартыс» сайысында сөйлемді аяқтау.
А) Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, .... Ә) Теңсіздікті шешу дегеніміз ...
Б) ах в. Егер а0 болса, теңсіздіктің шешімі .... В) ах в. Егер а0 болса, теңсіздіктің шешімі ... Г) Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз ... Ғ) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз ... Д) а саны в санынан болса, ... Е) ав, ал вс болса, ... Ж) Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігіне бірдей санды қосқанда немесе азайтқанда ... З) ( 3; 20) сан аралығы ...
3. « Көкпар» сайысында ауызша есептер орындау.
А) Теңсіздіктің шешімін тап: 4х 20. Ә) кесіндісі интервалдың қайсысына жатады ? Б) Координаталық түзуде көрсетілген аралықты қос теңсіздік түрінде ата. В) 6х-3 теңсіздіктің шешіиін аралық түрінде ата. Г) сан аралығының ең үлкен бүтін шешімін ата. Ғ) (-4;2) сан аралығының неше бүтін шешімі бар? Д) х+3 және 5у. Мүшелеп көбейт. Е) 1,2х 2,3; 3у4; х+у –ті бағала. Ж) Теңдеуді шеш: 8х-7 = 5х+8 З) ( - 4;7) сан аралығының неше натурал шешімі бар?
4. «Бәйге» сайысында теңсіздіктер шешу. (Әр топтан бір – бір оқушы тақтаға шығады. Қалғандары орындарында орындайды.)
«Теңдеулер » тобына. «Теңсіздіктер » тобына
1) 1)
2) 6(х+1)5х + 3 2) 3(х – 5) х + 3
3) 4 + – 3) – х + 3
5.«Бетпе - бет» сайысында топ басшылары шығып, үйде дайындап келген есептері мен сұрақтарын бір – біріне қойады.
6. Сабақты қортындылау. Топ басшылары өз қортындыларын айтады.
Біреу озса жарыста, Біреу артта қалады. Ренжімей тараса, Озғандар жарады. Жарыс заңы ежелден Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау.
Жеңімпаз топ аталып,оқушылардың білімдері бағаланады.Үйге тапсырма беріледі. №1057, №1058
Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер, Білім деген ақылшың Қиындықтан өткізер деп сабағымызды аяқтаймыз.