kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ше?берді те? б?ліктерге б?лу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:

 Білімділік – О?ушыларды? б?рын  математика, геометрия п?ндерінен

                      ал?ан білімдерін жетілдіре отырып, геометриялы? салулар,

                       ше?берді те? б?ліктерге б?луді? рационалды (тиімді)

                       ?дістерін о?ыту, практикада ?олданылуы мен ма?ызын

                       т?сіндіру. о?ушыларды графикалы? м?дениетке, а?паратты

                       графикалы?  жолмен таратуды? ма?ызын ?йрету

Дамытушылы? – логикалы? ойлауды дамыту

Т?рбиелік – о?ушыларды графикалы? ж?мыс орындауда ??ыптылы??а,

                     е?бек?орлы??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ше?берді те? б?ліктерге б?лу »

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» КМҚК


Сабақ: №9 Сызу пәні оқытушы: Шүкіманова Арай Берікқызы

Тақырып: Шеңберді тең бөліктерге бөлу

Сабақ түрі: Жаңа тақырып түсіндіру

Сабақ әдісі: Баяндау, сызба жұмыстарын орындау

Сабақ мақсаты:

Білімділік – Оқушылардың бұрын математика, геометрия пәндерінен

алған білімдерін жетілдіре отырып, геометриялық салулар,

шеңберді тең бөліктерге бөлудің рационалды (тиімді)

әдістерін оқыту, практикада қолданылуы мен маңызын

түсіндіру. оқушыларды графикалық мәдениетке, ақпаратты

графикалық жолмен таратудың маңызын үйрету

Дамытушылық – логикалық ойлауды дамыту

Тәрбиелік – оқушыларды графикалық жұмыс орындауда ұқыптылыққа,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу


Оқытушыға қажет құралдар: компьютер, интерактивті тақта, түрлі-түсті

бағалау қиықшалары (шеңберлер).

Оқушыларға қажет құралдар: дәптер, сызба аспаптары

Көрнекіліктер: презентациялық слайдтар, тетікбөлшек үлгілері, тақтамен

жұмыс

Пәнаралық байланыс: Геометрия, оқу тәжірибесі

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ж.М.Есмұхан Сызу Алматы «Мектеп» - 2002ж.

  2. С.К.Боголюбов Черчение М., «Машиностроение» -1985г.

  3. Н.С.Бриллинг, Ю.П. Евсеев Задания по черчению М., «Строиздат»- 1984г.






Сабақтың құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (10 минут)

ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру (45 минут)

IV . Сергіту сәті (5 минут)

V. Жаңа тақырыпты бекіту (25 минут)

VI. Қорытындылау, бағалау (2 минут)

VII. Үйге тапсырма беру (1 минут)


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Б) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа назарын аудару

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

Өткен "Сызба сызықтары" тақырыбы бойынша жалпылама сұрақ- жауап

Экранда слайдта сұрақтар ашылады. Дұрыс жауап берген оқушыға қызыл шеңбер, орташа жауап берген оқушыға көк шеңбер, жауап бере алмаған оқушыға сары шеңбер беріледі.

Сұрақтар:

  1. Сызба сызықтарының түрлерін ата?

(негізгі жуан сызық, тұтас жіңішке сызық, ирек сызық, сынық сызық, үзік сызық, үзік нүктелі сызық, қос нүктелі үзік сызық, жуандатылған нүктелі үзік сызық, жуандатылған үзік сызық)


2. Негізгі жуан сызық қайсысы, ол қандай жағдайда

қолданылады?

(контур сызықтарын сызғанда)


3. Үзік сызықты көрсет ол қай кезде кезде қолданылады?

(Үзік сызық- көрінбейтін контурды сызбада көрсету)



4. Нүктелі үзік сызықты көрсет, ол қандай жағдайда қолданады?

(центрлік сызықтарда, симметрия осьтерінде)



5. Сызбада ирек сызықты көрсет, ол не үшін қолданылады?

(кесу, қысқарту кезінде қолданылады)



6. Тұтас жіңішке сызықты көрсет, оның қолданылу орны қандай?

(шығарма сызық пен өлшем сызық проекция осі)




7. Мынандай жағдайда сызбаға өлшем қалай түсіріледі?


(шахмат ретімен)






8. Сызбадағы шығарма сызық пен өлшем сызықты

көрсетіңіз.



9. Бұрыштың өлшем бірлігі қандай?

(градус)




10.Мынандай жағдайда өлшем сызыққа стрелкалар

қалай қойылады?




11. Кесіндіні тең екіге бөлу қалай орындалады?

(оқушылар тақтада орындап көрсетеді)


12. Кесіндіні өзара тең тақ бөліктерге бөлуді қалай орындайды?

(оқушылар тақтада орындап көрсетеді)



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру


Тақырып: Шеңберді тең бөліктерге бөлу


- Шеңберді тең бөліктерге бөлудің өмірде, практикада кездесуі

- Шеңберді 3,6 бөліктерге бөлу

- Шеңберді 4,8 бөліктерге бөлу

- Шеңберді 5 бөлікке бөлу

- Шеңберді 7 бөлікке бөлу


Оқытушы: Оқушылар, біз практикада көптеген заттарды, тетікбөлшектерді қолданамыз. Олардың барлығының міндетті түрде пішіні болады. Мысалы: ою-өрнектер, қар қиыршықтары, орден-медальдар, машинақұрауда кездесетін тетікбөлшектерді жасап шығару үшін алдымен оның сызбасы орындалатыны белгілі. Яғни сызбада тең қабырғалы үшбұрышты, дұрыс бесбұрышты немесе дұрыс алтыбұрышты шығару үшін шеңберді тең бөліктерге бөлу әдістерін қолданады. Сіздер де болашақта дәнекерлеу арқылы темір қақпалар жасауларыңыз мүмкін, ал қазіргі заманда дизайн, әдемілікке көп көңіл бөлінеді, сондықтан жасаған қақпаға әдемілік беру үшін оның бетіне өрнек саласыздар. Сол өрнектің кейбір элементтерін шығару үшін шеңберді тең бөліктерге бөлуді, яғни бүгінгі өтетін тақырыпты пайдаланасыздар.

Ендеше бүгінгі сабақта шеңберді тең бөліктерге бөлудің тиімді әдістерін қарастырайық. Сіздер мұғаліммен ілесіп дәптерлеріңізге сызып отырыңыздар.


Шеңберді 3 және 6 бөлікке бөлу.

Ол үшін Белгілі бір диаметрде шеңбер сызып, Шеңбердің центрлік сызықтармен қиылыс қан бір төбесінен сол радиуста доға жүргізіп, алғашқы шеңбермен қиылыстырамыз, пайда болған нүктелерді өзара қосып шықсақ, тең қабырғалы үшбұрыш пайда болады. Осы тәсілмен шеңбердің екінші төбесінен сондай доға жүргізу арқылы шеңберді 6 бөлікке бөлеміз.


Шеңберді 4 және 8 бөліктерге бөлу:

Шеңберді 4 бөлікке бөлудің екі жолы бар; бұрыштықтың көмегімен және циркульдің көмегімен. Алғашқы тәсілінде өзара перпендикуляр жасап қиылысқан шеңбердің центрлік сызықтарының арасындағы тік бұрыштың биссектрисасын тұрғызу арқылы жүзеге асады. Ал екінші тәсілінде сол шеңбердің центрлік сызықтармен қиылысқан төбелерінен АВСД радиусы шеңбер радиусымен тең доғалар жүргіземіз, олар шеңбер сыртында өзара қиылысады, осы нүктелерді шеңбер центрімен қосып шықса, бастапқы шеңберіміз 4бөлікке бөлінеді. Ал 8-ге бөлу үшін, шеңбердің әр бір бөлігі тік бұрыш жасайды. Сол бұрыштардың биссектрисасын табамыз. Яғни шеңбер контурында пайда болған әр бір нүктелерден бір біріне қарама-қарсы кез келген радиуста доғалар

жасаймыз. Олар өзара қиылысады. Сол нүктелерді шеңбер центрімен

қосса, жүргізілген сызық шеңбер контурымен қиылысады. Пайда болған нүктелер шеңберді 8 бөлікке бөледі.

Шеңберді 5 бөлікке бөлу:

Шеңберді 5 бөлікке бөлу үшін, шеңбердің центрлік сызықпен қиылысқан бір А төбесінен шеңбер радиусымен бірдей радиуста доға сызамыз. Доға шеңбер контурын екі нүктеде (ВС) қияды. Оларды түзу сызықпен қосса центрлік сызықпен Д нүктесінде қиылысады. Д нүктесіне циркульді қадап, шеңбердің келесі төбесіне дейінгі аралыққа жеткізіп, доға сызамыз, Ол шеңбердің центрлік сызығын Ғ нүктесінде қияды. Осы аралықты циркульмен өлшеп алып, шеңбер контуры бойына кезекпен белгілеп шығамыз. Пайда болған нүктелер шеңберді тең 5 бөлікке бөледі. Жоғарыда айтылған тәсілмен осы шеңберді 10 бөлікке бөлуге болады.


Шеңберді 7 бөлікке бөлу:

Шеңберді 7 бөлікке бөлу үшін, оның бір А төбесінен шеңбер радиусына тең доға сызамыз. Ол В нүктесінде шеңберді қияды. В нүктесінен шеңбердің горизонталь центрінен перпендикуляр түсіреміз. Енді, циркульмен осы аралықты өлшеп алып, шеңбер бойына кезекпен белгілеп шығамыз.пацда болған нүктелер шеңберді тең 7 бөлікке бөледі. осы шеңберді 14 бөлікке бөлу үшін жоғарыдағы тәсілді пайдаланамыз.


Міне жалпы бүгінгі тақырыпта біз шеңберді ешқандай формула немесе есептеудің көмегінсіз, тиімді әрі жеңіл әдістермен тең бөліктерге бөлуді қарастырып шықтық. Кейін практикада белгілі бір бұйым жасауда металдарды кесу керек болса осы білімдеріңізді қолданасыздар.


IV . Сергіту сәті

Оқытушы: Ендеше біраз демалып, бой сергітіп алайық. Оқушылар сіздердің мамандықтарыңыз дәнекерлеуші болғандықтан мен сіздердің мамандықтарыңызға қатысты бұйымдарды алуға тырыстым. Олай болса экранға назар аударайық.

(Экранда сурет шығарылады)


1. Сұрақ: Сағаттың минуттық бөліктері сағат шеңберін неше бөлікке бөледі?

(дұрыс жауапқа 1 қызыл шеңбер)
















1- сурет



2. Мына суреттегі қақпалардан неше бөлікке бөлінген шеңберлерді көріп тұрыздар? (дұрыс жауапқа 1 қызыл шеңбер)











1-сурет 2-сурет


3-сурет

4-сурет



V. Жаңа тақырыпты бекіту

3-жаттығуды орындау "Шеңберді тең бөліктерге бөлу"

Тапсырма: Жұмыс дәптерінде d-100 болатын 4 шеңбер сызып, біріншісін 12 бөлікке, екіншісін 16 бөлікке, үшіншісін 10 болікке, төртіншісін 14 бөлікке бөліңіздер.



VІ. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жаттығу жұмыстарын орындау деңгейін және сабаққа қатысуын бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

1) Оқу: Ж.М.Есмұхан Сызу §12 26- беттер

2) Конспекті талдап келу

3) 3- жаттығуды аяқтау

4) А4 формат әкелу

Бағалау критерилері


Дұрыс жауапқа қызыл шеңбер-5, жақсы жауап берген оқушыға көк шеңбер-4, орташа жауапқа жасыл шеңбер-3, жауап бере алмаған оқушыға сары -2 шеңбер беріледі. Кестеге оқушылардың жинаған шеңберлері жапсырылады. Сабақ соңында сол бойынша бағаланады.






















Қосымша


Графикалық жұмыс №3 "Шеңберді тең бөлікке бөлу"


Тапсырма: Шеңберді тең бөліктерге бөлу әдісімен берілген өлшемдері бойынша шеңбер сызып, оны тең бөліктерге бөліңіз. Сызбаға өлшем түсіріңіз.Тапсырма А4 форматында орындалады.














Сабақ барысы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ше?берді те? б?ліктерге б?лу

Автор: Ш?кіманова Арай Берік?ызы

Дата: 11.06.2015

Номер свидетельства: 219130


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства