Просмотр содержимого документа
«Ше?бер. Д??гелек »
Сабақ
Күні:
Сынып: 5 « »
Сабақтың тақырыбы: §15. Шеңбер және дөңгелек
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Шеңбердің радиусы мен диаметрін есептеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Бекіту сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудыңәдісі: Түсіндіру, практикалық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру
1.Үй есебінің орындалуын тексеру
2.Өтілген материалды қайталау:
Шеңбер деген не?
Дөңгелек деген деген не?
Шеңбердің доғасы деген не?
Қандай кесінді радиус деп аталады?
Диаметр радиустан неше есе үлкен?
Есептер шығару
№ 389, №390 ,№391, жазбаша тақтада орындау
№ 392, №393, №366 өздіктерінен
Сабақты бекіту кезеңі:
1. Шеңберге мысал келтіріңдер.
2. Дөңгелекке мысал келтіріңдер.
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.