Жалпы мақсаттар | Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру. Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық. Сабақтың түрі: ойын Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы |
Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады: Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б. | Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін! |
Қызығушылықты ояту | «Ой ашар» І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады. 1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған) 2. Көбейтудің заңдарын ата (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) 3. 1км-де неше метр бар? 1000м 4.1дм-де неше мм бар? 100мм 5.1 м-де неше мм бар? 1000мм 6.1тоннада неше кг бар? 1000кг 7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар) Қандай өлшем бірліктері? - км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері - т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер? Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым. Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс. Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш. Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг) Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар. Оқулықтағы тапсырмаларды 3-топқа бөліп орындау. |