Мақсаты: Сызғышты пайдаланып,кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуге үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Таблица,көбейту таблицасы,карточка
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
2. Өткен сабақты қорыту.
1.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті - қөбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
9*4=36 4*9=36
2.Көбейтудің терімділік қасиеті –көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыру.
(3*2)*4=6*4=24 3*(2*4)=3*8=24
3.Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті –қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтін, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосу.
(2+4)*2=2*2+4*2=12
Үй тапсырмасын тексеру№6
Жаңа сабақ. «Мағынаны таныту»
Миллиметр ( мм ) – ұзындықтың өлшем бірлігі
1см=10мм
Есіңе сақта:
1 см =10 мм 1м=10дм
1 дм = 10 см = 100 мм 1 м = 100 см = 1000 мм
1. Тақтамен жұмыс
1см=10мм 1дм=100мм
1м=1000мм 1м=100см
Ә)
4дм 1см +8см 5мм= 1дм 2см 6мм
3м-2дм 4см=6см
6м 2дм 3см+12м 61см=1м 8дм 8см 4мм
Сергіту.
№3, №4 ауызша орындалады
№5 №6 орындайды
Сабақты қорыту. Шығармашылық тапсырма.
Үйге тапсырма беру. 16 бет №7 Бағалау
Тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты: оқушыларды көбейту мен бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге баулу
Әдісі: қайталау, талдау,сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
Өз бетінше жұмыс. № 1.Көбейтіндінің мәнін әр түрлі тәсілмен тап:
2*3*5 4*5*10
3*2*8 10*9*8
4*2*3
№ 2. Көбейтіндінің мәнін екі тәсілмен тап:
7*9 9*8
10*9 9*10
7*100 100*6
№3 Санның квадратын есепте.9 ,8,6,7,5,4,3,2,1,
№4 Санның кубын есепте: 2,3,10,1,
№5 Суретті пайдаланып, өрнектерге сәйкес есептер құрастыр және шығар:
300-10*2 300-20*3 300+10*2
300+20*3 10*2+20*3
№7,№8 жаттығуды орындайды
Ү. Сабақты қорыту: Шығармашылық жұмыс: Нәтижесін ата
. ҮІ. Үйге : 14 бет №6 Бағалау
Тақырыбы: Қатынастармен байланысты (тура және жанама түрдегі) есептерді салыстыру
Мақсаты: Қатынастармен байланысты есептер туралы білімдерін есептеу кезінде және мәтіндік есептерді шығаруда қолдана білуін жетілдіру; білімін жинақтау және жүйелеу; талдау, салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: суреттер,сызба, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Өткенді пысықтау. 1. Ауызша жұмыс.
8 ∙ 8 = 64 3 ∙ 7 = 21 72 : 8 = 9 42 : 7 = 6
4 : 8 = 9 8 ∙ 9 = 72 9 ∙ 7 = 63 35 : 7 = 5
2 ∙ 8 = 16 2 ∙ 2 = 4 2 ∙7 = 14 1 ∙ 2 = 2
2 ∙ 9 = 18 0 ∙ 2 = 0 2 ∙ 6 = 12 3 ∙ 2 = 6
2. Ұжыммен. № 1. Ауызша шығар
3. Жұптық жұмыс. № 2. Мысалдарды шығар:
4*6=24 5*6=30 (48+12):6=10 80-7*8=24
9*4=36 5*20=100 (36-27):3=3 5*7+65=100
3*6=18 8*2=16 (24+16):8=5 90-6*9=36
4. № 3, Өздік жұмыс
5. № 4 Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
74:9=8(калд.2) 125см=1м2дм3см
65:9=7(калд.2) 540см=5м4дм
85:9=9 (калд.4) 42дм= 4м2дм
№ 5
Шешуі: (7*8)+21=77
Жауабы: барлығы: 77 бала қатысты.
Сергіту сәті:
№ 6
Х:100=9 у*6=600 800:а=8 в:5=100
Х=100*9 у=600:6 а=800:8
Х=900 у=100 а=100
Шығармашылық жұмыс. № 12.
3
5
7
9
16
8
5*4=20*4=80
Ү. Бекіту:
- Сабақтабіз не істедік?
Қай тапсырма ұнады?
Неге?
ҮІ. Үйге тапсырма: № 7 86-бет.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы
Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу.
Квадрат сантиметр.
Сабақтың мақсаты:
Фигураның ауданы ұғымымен, оны өлшеу және өлшем бірлігімен танысу, ақпаратты өз бетінше меңгеру, топта бірлесе жұмыс жасай білу
Сілтеме
3 сынып математика оқулығы
Оқыту нәтижелері
Тапсырмаларды өз бетінше орындап, фигураның ауданы ұғымын меңгереді, оны өлшеп және өлшем бірлігін анықтай алады. Ақпаратты өз бетінше меңгереді, топта бірлесе жұмыс жасай алады.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс — тәсілдер
Шаттық шеңбері, топқа бөлу, «Ой қозғау», «Бос орын», «Сызба сызу», «Болжау», «Сұрақ — жауап», Кестені толтыру, Талдау стратегиялары
Ресурстар
Қима қағаздар, слайдтар, интернет тақта
Сабақ кезеңдері
Әдіс — тәсілдер
Мұғалімнің іс — әрекеті
Оқушылардың іс — әрекеті
Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Ортаға жиналып, өлең жолдарын бірге қайталап,киіз үй құрау керектігін айтады
Орындарынана тұрып, өлең жолдарын айтып, киіз үй құрайды
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Топқа бөліну
Геометриялық фигуралардың түстері арқылы топқа бөлу
Шаршы, тіктөртбұрыштардың түстері арқылы топқа бөлініп отырады
Бағалау әдісі
Бағалауды жүргізу әдісімен таныстыру
Топ басшысын сайлап, бағалау әдісімен танысады
Мағынаны тану
«Ой қозғау» стратегиясы
Математикалық диктантты 1 минутта жазып беру тапсырылады
Алдарына берілген математикалық диктант жазылған қима қағаздарына көбейту кестелерін жазып береді
«Бос орын» стратегиясы
Әр топқа мәні белгілі өрнектер беріледі. Ондағы бос орындағы сандарды тауып жазу ұсынылады
Берілген амалдарды орындап, ондағы бос орындағы сандарды тауып жазады
«Сызба сызу» стратегиясы
Топтарға дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінді сызу ұсынылады.
Дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінділер сызады
«Болжау» стратегиясы
загрузка...
Кітаптағы ауданы 1см2 және 6см2 болтын фигураларды қалай түсіндіруге болатынын қарап, айтуға тапсырма беру
Кітап бойынша топтарында берілген фигураларды талдап, қорытынды жасайды.
Ой толғаныс
«Сұрақ — жауап» стратегиясы
1.Берілген кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп жандарына жазу ұсынылады
2. Топқа бөлінгенде алған фигураларының аудан мен периметрін табу
Кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп, жандарына жазады
Өз қолдарындағы фигуралардың ауданы мен периметрін табу
Кестені толтыру
№6 берілген кестені толтыру ұсынылады
Алдарындағы бетке №6 толтыру
Талдау стратегиясы
№4, 3 есептер шығарылады
Осы есептерді шығарады
Бағалау
Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы жиынтық баға
Әр берілген есеп пен тапсырмаларға балл қойылып,өз-өзін бағалау ұсынылады. Жиынтық бағалау жүргізеді
Өз еңбектерін берілген критерийлерге байланысты бағалап, өз -өздеріне бал қояды
Кері байланыс
Геометриялық фигуралар
Өз қолдарындағы фигураларға кері байланыс жазуларын сұрайды
Оқушылар қолдарындағы фигураларға сабақтан алған әсері мен білгендерін жазып,тапсырады
Үйге тапсырма
№7 (88 бет)
Мөлдір пластинаға 1см2 бөліп сызып әкелу тапсырылады