kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Санды өрнектер және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Санды өрнектер  және әріпті өрнектер, олардың мәндерін табу. Өрнектерді ықшамдау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Санды өрнектер және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1А

Мектеп: № 25 орта мектеп

Күні: 23.06.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Барлыбаева С.А

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санды өрнектер және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1 Қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру

5.2.1.2 Әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Санды өрнекті және әріпті өрнекті ажырата біледі. Қосудың қасиеттерін пайдалана алады.

Көптеген оқушылар:

Көбейтудің қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді түрлендіре алады.

Кейбір оқушылар:

Әріпті өрнектерді түрлендіре біледі, әріптердің берілген мәндері бойынша мәндерін таба алады.

Бағалау критерийлері

Санды өрнекті әріпті өрнектерді ажыратады.

Қосу және көбейту амалдарының қасиеттерін қолданады, әріпті өрнектерді түрлендіреді.

Әріптердін берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін табуды біледі.

Тілдік мақсаттар

-Сандарға амалдар қолдану касиеттері негізінде әріпті өрнектерді ыкшамдау алгоритмін сипаттайды

- Санды өрнектер

- әріпті өрнектер

- ықшамдау

- өрнектің мәні, коэффициент

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- әріпті өрнектің мәнін табу үшін .................. керек;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін ............. керек;

- өрнектi ыкшамдау дегенiмiз.......... ;

- ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін ...................... керек;

Құндылықтарды

дарыту


Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, қарым-қатынас жасау қабілеттері артады. (Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім)

Пәнаралық

байланыстар

Биология 6 сынып ( Гүлдер тарауы)

АКТ қолдану

дағдылары

Бастапқы білім

Қосудын және көбейтудің үлестірімділік қасиеттері.

Қосудың және көбейтудің терімділік қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

Қалыптастырушы бағалау тәсілін пайдалану үшін

«Доп лақтыру» әдісін қолдану мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

(Мұғалім допты лақтыру арқылы бірнеше оқушыға төмендегі сұрақтарды қояды.)

1.6 саны қандай сан?

2.Қосындыны санға қалай көбейтуге болады ?

3. Айырымды санға қалай көбейтуге болады ?

4.Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

5. Көбейтудің азайтуға қатысты терімділік қасиеті.

Адасқан әріптер әдісі арқылы сыныпты 4 топқа бөлемін. Әріптер жазылған түрлі-түсті қағаз қиындыларынан сөздер құрастырады.

1-топ сандар ,2-топ әріптер

3-топ өрнектер , 4- топ коэффицент


Сабақтың ортасы

25 минут

Тақтада берілген санды және әріпті өрнектерді ажыратады.

12; (50-12)*11; 16+а-9; b-(а+с); (с-d)*k;

74-(65+37); 12в

Оқушылар мына тапсырмаға көңіл бөлейік. Не байқадыңдар?

  • Айырмашылығы неде?

  • Бұл қандай өрнек?

  • Осы амалдарды орындағанда шыққан сан нені білдіреді?

Осы сұрақтарды қою арқылы әріпті және санды өрнектердің ережесін құрастыру.

44*х+16*х өрнегін көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, қалай ықшамдаймыз? Ортақ көбейткішін табайық.

Осы өрнектегі әріптің орнына мән беріп, өрнектің мәнін табуға бола ма?

Мысалы: Дүкеннен Алмас үш қаламды а теңгеден,үш карандашты в теңгеден сатып алды.Өрнек кұрастыр

Өрнекті түрлендіру 3а+7а=10a; 10-коэффицент

7а, 8в, 12с, х- әріп көбейткіштердің алдында тұрған сан коэффициент деп аталады.

1-тапсырма Жекелей, жұптық жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін

пайдалану үшін «Өзін-өзі бағалау» тәсілін қолданамын.

Өрнек түрінде жаз

  1. 45 пен а санының қосындысы

  2. 12-нің b санына көбейтіндісі

  3. 85 пен 17-нің қосындысын 2-ге көбейт

  4. 11 мен 17 көбейтіндісінен 109-ды азайт

Өрнекті ықшамдап, мәнін тап.

45х + 16х мұндағы x=2

68у – 13у мұндағы y=3

Бағалау критерийлері:

1.Оқушы өрнекті құрастыра біледі

2.Санды өрнекті құрастыра алады

3.Өрнекті ықшамдай алады

4.Өрнектің мәнін таба алады

.2-тапсырма Топтық жұмыс

Белсенді оқытудың әдісін пайдалана отырып «Бекіту және қолданысқа енгізу»

8*91+34*8-301*3 өрнегінің мәні Астана қаласындағы еліміздің егемендігіне арналып салынған «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігіне, ал 4*31*25-3009 өрнегінің мәні «Қазақ елі» монументінің биіктігіне тең. «Астана-Бәйтерек» пен «Қазақ елі» монументтерінің биіктіктерін табыңдар.

Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығар.

19*6+14*6

9*7+3*7

10*5+5*9

Әр топ бірін бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

3-тапсырма

Саралау әдісі қолдана отырып, оқушылардың қажеттіліктерін есепке ала отырып әрбір оқушыны мақсатқа жетуге ықпал жасаймын.

Өрнекті ықшамда

7а+15а ; 5в+13в;10у-у;

Өрнекті ықшамдап, мәнін тап

48m-13m+876 мұндағы m=17

Есептің өрнегін құрып, мәнін табыңдар.

Кітап 260 тг, ал альбом одан n тг арзан, бір кітап және екі альбом неше теңге тұрады? мұндағы n=70

Топтар бір-бірінің жасаған жұмысын тексеріп, «Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалайды.









































Үлестірмелі парақтар



























Үлестірмелі парақтар

Сабақтың соңы

15 минут

4-тапсырма.

«Қарқын» тәсілін қолдану арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, төмендегі есептерді шығартамын.

№1 Раушан гүлінен 3 гүл шоғы және қалампыр гүлінен 5 гүл шоғы дайындалды.Ондағы әрбәр гүл шоғында 7 гүл бар.

Раушан гүлінен дайындалған барлық гүл шоғында неше гүл бар?

Қалампыр гүлінен дайындалған барлық гүл шоғында неше гүл бар?

Раушан гүлінен және қалампыр гүлінен дайындалған барлық гүл шоғында неше гүл бар?

№2 60-13*39:31+97=100 Жазуында теңдік дұрыс болатындай етіп жақшаларды қойыңдар.

Кері байланыс. Күлегештер арқылы

Үй тапсырмасы: № 21,24

Рефлексия

Үлестірмелі парақтар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс ол мұқият жоспарланған басты жұмыс, сондықтан оқушылар өз деңгейіндегі оқушылармен сенімді түрде жұмыс жасайды, ал өз деңгейімен болмаса онда сенімсіз болады. Серіктестер арасындағы диалог кезінде, екеуі де бірдей үйренеді, біреуі екіншісіне тәуелді болмайды

Сұрақ қою

Бірін-бірі бағалау

Күлегештер арқылы

Рефлексия




Денсаулықты қорғау технологиясы. Іс-әрекеттің белсенді түрлері. Баланың дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.










Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Санды өрнектер және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау

Автор: Барлыбаева Салтанат Абдрахмановна

Дата: 03.08.2017

Номер свидетельства: 424823


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства