Просмотр содержимого документа
«Сандар сырыны? ??пиясы» атты сайыс саба?ы.»
«Қызықты математика» сабақтан тыс шара. 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Сандар сырының құпиясы» атты сайыс сабағы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, іздемпаздылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сайыстың өту барысы: 1.Топтардың сәлемдесуі (эмблема, ұран, аты, таныстыруы) 2.«1001 мақал» жалғасын табу 3.«Сандар сыры» 3, 7 сандарының қасиеттері 4.Математикалық жұмбақ 5.«Ойлан тап» логикалық есеп 6.«Кім жылдам» сұрақ-жауап 7. Қорытынды
1-жүргізуші: Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі сайыстың әділ қазыларын сайлап алайық. Олар: __________________________________________
2-жүргізуші: Топтардың өздерін таныстыруына әзірлену үшін 7 мин. уақыт беріледі. «эмблема әзірлейді, т.с.с.)
1-жүргізуші: Бірінші кезең: Өздерін таныстыру (қыздар тобы және ұлдар тобы).
2-жүргізуші: Екінші кезең: «1001 мақал» жалғасын тап. «Қыздар» тобына: а) Мал – бір жұттық, (батыр бір оқтық, жер мәңгілік) б) Бір күндік жолға шықсаң, (үш күндік азық ал) в) Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) г) Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) д) Санақ санамай сегіз деме, (сынап-сынамай дос деме)
«Ұлдар» тобына: а) Бес саусақ (бірдей емес) б) Дос егіз болса, (дұшпан сегіз) в) Алты жыл аш болсаңда, (ата салтыңды ұмытпа) г) Алты аға бірігіп, (әке болмас) д) Су кезегінен қалған, ( он екі ай аш болады)
1-жүргізуші: Үшінші кезең: «Сандар сыры» Сандар сырына біз үңілеміз, үйренбеген достардан біз түңілеміз. Қасиетті сандарға байланысты, дәстүрлі ұғымдарғы біз тоқталамыз.
«Қыздар» тобы 3 санының қасиеттерін атайды: Үш қуат (ақыл, жүрек, тіл) Үш ғайып (ажал, қонақ несібе) Үш көз (су анасы-бұлақ, жол анасы тұйақ, сөз анасы-құлақ) Үш жұрт ( өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
«Ұлдар» тобы 7 санының қасиеттерін атайды: Жеті кун (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғыт күн, азына) Жеті ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат) Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық) Жеті жұт (құрғақшылық, мал жұтау, оба-індет, өрт, соғыс, сел-тасқын, жер сілкіну)
Төртінші кезең: Математикалық жұмбақ (екі топқа бірдей, қай топ бірінші қол көтерсе, сол топ жауап береді) 1. Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді (күн, ай) 2. Мың кісіге бір белбеу (сыпырғыш) 3. Екі қатар тал шарбақ, күндіз алыстайды, қабыспады. Түнде қабысады, жабыспайды. (кірпік) 4. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік (конус)
Бесінші кезең: «Ойлан тап» логикалық есеп, екі топқа екі есеп беріледі,уақыты 3 мин. 1 топ: Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады.Қасқыр айтады «мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.т.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алады және қаншаға артық алады (ең көп алған түлкі – 110балық, яғни 10 балық артық)
2 топ: Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда алдында бір түлкі сұлап жатады. Шал қуанып кемпіріне жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғыға қарағанда 2 есе артық балық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған (127 балық, 1+2+4+8+16+32+64)
Алтыншы кезең: «Кім жылдам» сұрақ-жауап (екі топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі) 1 топ: а) Үш сызықтан тұратын фигура (үшбұрыш) ә) Алманың жартысы неге ұқсайды (екінші жартысына) б) Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» оқулуғының авторы кім (Шыныбеков) в( Координаталық жазықтықты енгізген француз ғалымы (Рене Декарт)
2 топ: а) «Көбейту» және «бөлу» таңбаларын енгізген кім (Лейбниц) ә) Өздеріңіз оқып отырған геометрия оқулығының авторы кім (Шыныбеков) б)20 – дан 88-ді алғанда 22 қалатын қандай жағдай бар в) «Геометрия» қандай мағынаны білдіреді в) Онды қалай нөльсіз жазуға болады