kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сандарды жазу, о?у ж?не салыстыру. 2 сынып. Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы:  Сандарды о?у, жазу ж?не салыстыру.

Саба? ма?саты:

        сандарды о?у?а, жазу?а ж?не салыстыру?а ?йрету;

        ?ызы?ушылы?ын ояту, бай?а?ышты?ын, тап?ырлы?ын                                    ?алыптастыру;

        есептеу да?дыларын, шы?армашылы? ойын дамыту;

Саба? т?рі:  жа?а саба?

Саба? ?дісі:  т?сіндіру, ой ша?ыру, топты?, ж?пты? ж?мыстар, с?ра? - жауап.

К?рнекілігі:  интербелсенді та?та, карточкалар.

П?наралы? байланыс:  ?дебиеттік о?у, д?ниетану, е?бек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сандарды жазу, о?у ж?не салыстыру. 2 сынып. Математика»

Математика

Сабақ тақырыбы: Сандарды оқу, жазу және салыстыру.

Сабақ мақсаты:

сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға үйрету;

қызығушылығын ояту, байқағыштығын, тапқырлығын қалыптастыру;

есептеу дағдыларын, шығармашылық ойын дамыту;

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, ой шақыру, топтық, жұптық жұмыстар, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбек.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Қане, біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болса да

Шешпей оны қоймайық.

Ой шақыру. Сандар айтысы.

Бір күнікөктемніңтамаша кезі болатын. Сол бір тамаша кезеңдібайқамай, сандар бір бірімен айтысып қалыпты.

(сандар ортаға шығады)

Мен 1- мін мені бірлік деп те атайды,

Мен 10- мын мені ондық деп атайды.

Мен 100- бін мені жүздік деп атайды.

Ал, мен 1000 -мын мені мыңдық деп атайды.

1 саны: Мен 1- мін барлық сандарды 1- ші бастап тұрамын.

10 саны: Ал мен 10- мын сенен 9- ға артықпын сенен 10 есе үлкенмін.

100 саны: Мен болсам 100- бін сенен 99- ға артықпын және 100- есе үлкенмін. Ал сенен 90- ға артықпын 10 есе үлкенмін.

1000 саны: Ей таласпаңдар мен барлығыңнан көп және үлкенмін. Мені білесіңдер ме? Мен 1000 - мын. Сендер

2- ші сыныпта өтіп жатқан математикалық сандардың ең үлкені мен боламын. Біліп қойыңдар.

Оқушы қыз: Тоқтаңдар! Дауласып, таласпаңдар. Сабыр сақтап тыңдаңдар. Балалардан ұят емес пе?

(математикалық жаттау)

Еептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым бізге үйір болады,

Досың олар табылатын қасыңнан.

Салғыласып айтысудың қажеті не?

Сендер бізге қажетсіңдер. Сендерсіз санай алмаймыз.

Есептей де алмаймыз

Есепте шығара алмас едік.

Одан да бәріміз тату болып бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне өз үлесімізді қосайық.

( бәрі қол ұстасып сәлем береді)

Мұғалім:

Иә, балалар біз санды қолданбайтын жеріміз жоқ десек те болады.

Сағатты да, күнді де, айды да, жылды да тіпті нешінші сыныпта оқитынымызды да және сыныпта қанша оқушы бар екенін де осы сандармен айтамыз.

Іске сәт ( ал балалар бір бірімізге сәттілік тілейік )

Бар амалды білейік,

Білмегенге көмек берейік

Білім қуған балаға

Жолың болсын тілейік.


Кіріспе: Сабақты бастау (көктем суретін көрсету)

Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ.Біздерге қонақтар келіп отыр, білімімізді көрсетейік.

Сен білесің бе?

1. Қандай мезгіл аяқталды? ( қыс)

2. Қыстан кейін келітін мезгілді ата ( көктем)

3. Көктем мезгілі неше айдан тұрады? ( үш айдан)

4. Көктем айларын ата ( наурыз, сәуір, мамыр)

5. Бүгін қандай күн? ( Ақпанның 26 - сы )


Сиқырлы сандар ( сандар көрсетіледі )

Мына сандарды қандай топтарға бөлуге болады?

40, 100, 5, 1, 2, 1000, 7, 3, 99, 10.

( бірліктер, ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар )

Бүгінгі сабақты мақал- мәтелдермен ашқым келеді. Осы сандарға байланысты мақал - мәтелдер білесіңдер ме ? Қане кім айтады?

Мақал мәтелдер.

1. Қырық кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ.

2. Қырқына шыдаған қырық біріне де шыдайды.

3. Жүздің жүзін танығанша, бірдің атын біл.

4. Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын.

5. Бес саусақ бірдей емес.

6.Бір елі ауызға, екі елі қақпрақ.

7. Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады.

8. Екі жақсы қосылса, айырылысуға қиылыспайды,

Екі жаман қосылса,кең дүниеге сыйыспайды.

9. Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

10. Екі сығылысса, бір кісілік орын бар.

11. Мың жолдас жақсы, мың жодастан бір жолдас жақсы.

12. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

13. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

14. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

15. Жеті қырлы, бір сырлы,

16. Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

17. Бір тал кессең,

Он тал ек.

( жасыл ел суреті)

Осы мақал мәтелдердің ішінен " Бір тал кессең, он тал ек" мақалын бүгінгі сабаққа тапсырма етіп аламыз.

( мақал мағынасын ашу.)

Көктем мезгілінде ең бірінші ағаш көшеттері отырғызылады. Осы ағаш көшеттерін еге отырып әр ағаш тапсырмасын орындаймыз. Ағаш отырғызу арқылы "Жасыл ел" бағдарламасына өз үлесімізді қосып елімізді көркейтейік.

Өткен сабаққа шолу. Кім, жылдам?

1 ші ағаш: Математикалық сұрақтары. ( сұрақ жауап)

1.Қосу амалының компоненттерін ата.(қосымғыш, қосылғыш, қосымдының мәні)

2. 1 дм неше см бар? (10 см)

3. Қосуды немен тексереміз? (азайтумен өзара кері амал)

4. Қабырғалары 5 см болатын шаршының периметрі нешеге тең? (Р = 20 см)

5. 46 мен 53 қосындысы нешеге тең ? (46+53=99)

6. 9 жүз 7 онд 2 бірл қандай сан. (972)

7. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз ? (ұзындығын еніне қосамыз)

8. Бұрыштың түрлерін ата ( тік,сүйір,доғал )

9. 1 сағат 20 минут неше минут болады? ( 80 мин )

10. Шырша түбінде қоянның 8 құлағы көрінеді. Неше қоян отыр. ( 4 қоян )

11. Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кессе, неше бұрышы қалады? ( 5 бұрыш )

12. 1 жұмыртқа 1 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі? ( 1 минутта )

13. 1 жылда неше күн бар? ( 365 )

14. Фигураларды ата. ( шаршы, үшбұрыш, шеңбер, тік төртбұрыш, кесінді, сәуле, түзу, бұрыштар)

15. Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да сол сан (қырық 40)

16. Киелі сан. ( 7 )


2 ші ағаш: Жаңа сабақ

Сандарды оқу, жазу және салыстыру.

Миға шабуыл ( мысал 1 )

1. Бір таңбалы сандарды ата. ( 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.)

2. Барлығы неше бір таңбалы сан бар? ( 9 )

3. Ең кіші екі таңбалы сан. ( 10 )

4. Ең үлкен екі таңбалы сан. ( 99 )

5. Барлығы неше екі таңбалы сан бар? ( 90)

6. Неше бірлік 1 ондықты құрайды? ( 10 бірлік )

7. Неше ондық 1 жүздікті құрайды? ( 10 ондық)

8. Неше жүздік 1 мыңдықты құрайды? ( 10 жүздік )

Ең кіші үш таңбалы сан. ( 100 )

Ең үлкен үш таңбалы сан. ( 999 )

Көркем жазу. ( дәптерге жазу )

100 100 100 100 100 100

999 999 999 999 999 999

3- ші ағаш: Кім, тапқыр ? (тақтамен жұмыс) мысал 2

2 жүзд 3 онд 4 бірл = 234

5 жүзд 0 онд 1 бірл = 501

8 жүзд 0 онд 0 бірл = 80

4 жүзд 9 онд 5 бірл = 495

7 жүзд 6 онд 0 бірл = 760

9 жүзд 9 онд 9 бірл = 999


4- ші ағаш: Ойласайық ( жұптық жұмыс ) мысал 3

жүзд онд бірл жазылуы

4 3 2 = 432

5 9 6 = 596

3 6 8 = 368

9 8 7 = 987

5 - ші ағаш: " Біз біргеміз " ( топтық жұмыс ) мысал 4 1 топ 2 топ 3 топ

5 9 50 90 500 900

7 4 70 40 700 400

8 бірл 6 бірл 8онд 6 онд 8 жүзд 6 жүзд

1 онд = 10 бірл 10 онд = 1 жүзд 10 жүзд = 1 мыңд

( салыстырудың ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау )

Сергіту сәті

" 1 " дегенім - жаман баға

Алады оны жаман бала.

" 2 " дегенім - нашар баға

Алады оны нашар бала

" 3 " дегенім - орта баға

Сапасы оның орта ғана

" 4 " дегенім - жақсы баға

Алады оны жақсы бала

" 5 " дегенім - үздік баға

Оқимыз тек үздік қана. ( тек 4 пен 5 алайық )


6 - шы ағаш: " Ұшқыр ой" ( Оқулықпен жұмыс) Есеп 5

Қымыз - 32 л

Шұбат - ? 18 л кем 46 -32 = 14 л ( ш)

Барлығы - ?

Ш : 32- 18 = 14 ш 32 + 14 = 46 л с

Жауабы : 14 литр шұбат, барлығы 46 литр сусын.


7 - ші ағаш: Ойнайық, ойлайық. ( балдырғанды жылатпа) мысал 6

Барлығы 4+4=8

Әр қайсысына 4 еу ден тиеді. 4 ойыншық

8 - 2 - 2 - 2 - 2 4 балдырған 2 ден ойыншық алды.

Ешқайсысы жыламады теңдей бөліп бердік .

8- ші ағаш: " Жас математик" ( баған түрде есептеу) мысал 7

а) 100 - 22= 78 35 + 47 = 82 58 + 26 = 84

74 + 16 = 90 82 -36 = 46 100 - 74 = 26

35 + 57 = 92 86 - 69 = 17 56 + 36 = 92

91 - 48 = 43 44 + 27 = 71 43 - 28 =15


9 шы ағаш: Есіңе сақта! ( геометриялық фигуралар )

1 топ 2 топ 3 топ


10- шы ағаш: Қорытынды: Тілек ағашы

" Жасыл ел " бағдарламасына үлес қосайық.

( тілек жазып ағаш отырғызады )

Ағаш отырғызудың қандай пайдасы бар?

( балалар пайдасы жайлы өз ойын айтады )


Көктем жайлы өлең оқу.

Бұл қай кезде болады? Көктем келді.


Рефлексия:

Бүгінгі сабақ ұнадыма? Неліктен?

Не білдім? Неүйрендім?


Бағалау: өзін өзі бағалау парағы.

+ + + + - 5

+ + + - 4

+ + - 3

Үйге тапсырма: Мысал 7 ә) 183 бет


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Сандарды жазу, о?у ж?не салыстыру. 2 сынып. Математика

Автор: Т?ребекова Жанс?йген Лесбек?ызы

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1160 руб.
1940 руб.
1410 руб.
2350 руб.
1500 руб.
2500 руб.
1500 руб.
2500 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства