Саба?ты? ма?саты: «Сан аралы?тары» та?ырыбын т?сіндіру. Та?ырып бойынша ал?ан білімдерін ?олдана отырып есептер шы?ару.
Саба?ты? міндеттері:
Білімділік: «Сан аралы?тары» та?ырыбы бойынша білім мен біліктерін бекіту ж?не ба?ылау;Та?ырыпты тере?ірек ме?геруге ба?ыт беру, проблемаларды аны?тау ж?не оны? шешілу жолдарын таба білу, ма?сат?а жете білу да?дыларын ?алыптастыру.
Т?рбиелік: Ынтыма?тасты?та ж?мыс жасау?а, ?з ойын еркін жеткізуге,ой-пікірімен б?лісе білуге, шы?армашылы??а ?мтылдыру?а т?рбиелеу.
Сабақтың мақсаты: «Сан аралықтары» тақырыбын түсіндіру. Тақырып бойынша алған білімдерін қолдана отырып есептер шығару.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: «Сан аралықтары» тақырыбы бойынша білім мен біліктерін бекіту және бақылау;Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру, проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге,ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, тақырыптық диалог құра білу, бірін-бірі, өзін-өзі және топты бағалай білуге үйрету .
Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау
Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы
математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері: СТО , топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, бағалау.
өзіндік жұмыс тапсырмалары; жеке жұмыс тапсырмалары;топтық жұмыс тапсырмалары,плакаттар
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сан аралықтарды анықтай отырып салу және оқу, жазу, белгілеу. Олардың түрлеріне қарай ажырату. Есептер шығаруда қолдану. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алу.
№ 990 есеп. Берілген сан аралықтарын оқып қандай түріне жататынын айтыныз?
Топ: (Сникерс)
(7; 15) – интервал
Топ: (Твикс)
- кесінді
Топ: (Марс)
;+ - ашық сәуле
№ 991 есеп. Сан аралығын координаталық түзуде кескінде.
[-3; 5] - кесінді
(-1; 8] – жартылай интервал
(0;8)- интервал
№ 992 есеп. кескінделген сан аралығын белгіленуін пайдаланып жазыңдар.
Сергіту сәті. (Қимыл – қозғалысқа)
Жинақтау. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
5минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз, сосын бір біріндікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз.Тест жұмысы 2 нұсқада берілген. Аяқтаған соң қатар отырған екі оқушы,жұмыстарын ауыстырып, бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (формативті бағалау). Жауабы слайдта көрсетілген.
І - нұсқа
1. ( - ∞;5] сан аралығының аты:
А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле
2. Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді
А) (1;4) Б) [1;4] В) (1;4] Г) [1;4)
3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап: (4; 7]
А) 4;5;6 Б) 4;5;6;7 В) 5;6 Г) 5;6;7
4. Белгіленуімен жаз: 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал
А) (1;3] Б) [1;3] В) (1;3) Г) [1;3)
Тест жұмысының жауаптары.
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
Жауапатары
Г
Б
Г
А
ІІ – нұсқа
1. Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз: 2≤х˂6
А) [2;6] Б) (2;6) В) [2;6) Г) (2;6]
2. [4;9] сан аралығының аты:
А) кесінді Б) сәуле В) ашық сәуле Г) интервал
3. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейінгі интервал
А) [2;7] Б) (2;7] В) [2;7) Г) (2;7)
4. Белгіленуімен жаз: -∞ -тен 6-ға дейінгі ашық сәуле
А) [6;+ ∞) Б) (6;+ ∞) В) (-∞;6) Г) (-∞;6]
Тест жұмысының жауаптары.
Сұрақтың нөмері
1
2
3
4
Жауапатары
В
А
Г
В
Қорытынды. Рефлексия және сабақтың қорытындысы.
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіңдер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Менің көңіл – күйім жақсы, Орташа, Мен қобалжып отырмын
Барлығына түсіндім Таңғалдым Түсінбедім
Осы сұрақтарға жауап бере отырып мына берілген смайликтерге жапсырыңыздар
Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.
Енді бүгінгі сабақта, жалпы осы өткен тақырып бойынша әр топты бағалайсындар, «Бағдаршам» бойынша. Қызыл – қанағаттанарлық, Сары – жақсы, Жасыл- өте жақсы деген бағалармен бағалайсыздар.