kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Жа?шаны ашу. ??сас ?осыл?ыштарды біріктіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? 6-сыныпта математика саба?ы. Жас мамандар?а к?мек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Жа?шаны ашу. ??сас ?осыл?ыштарды біріктіру»

Математика 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жақша ашу. Ұқсас мүшелерді біріктіру.» тақырыбында өткізілген сабақ жоспарын өткізіп отырмын.

Сабақтың мақсаты.Білімділік: Алдында «+» таңбасы бар, «-» таңбасы бар жақшаны ашуды ; ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, әріпті өрнектерді ықшамдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Жақша ашу ережелерін, ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, ықшамдауға берілген әр деңгейдегі есептерді шығару арқылы танымдық белсенділіктерін дамыту; мәтінді есептерді шығару барысында өрнек құрып алып оны ықшамдаған соң ғана әріптің мәнін орнына қойып өрнектің мәнін табу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік : орындаған тапсырмаларын қорытындылап отыруға бейімдеу ; топпен жұмыс барысында сыйластыққа, түсінушілікке баулу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мотивациялық кезең.

  3. Өткенді қайталау кезеңі.

  4. Деңгейлік тапсырмалар орындау кезеңі.

  5. Тексеру, қорытындылау кезеңі.

  6. Қосымша тапсырмалар орындау.

  7. Топ басшыларының бағалауы.

  8. Мұғалімнің қорытындысы, үйге тапсырма.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада жазылған слайдтар, карточкалар.


    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабағымызда үш топпен жұмыс істейміз. Әр топптың басшылары бар. Әрбір топ алдында рейтинг беті жатыр, онда топ басшылары сабақтың әр кезеңінде топ мүшелерінің жұмысын ұпаймен белгілеп отырады. Үй жұмысының орындалуын топ басшылары үзілісте белгілейді.



Р/с

Топ мүшелерінің ататыаты аты


Үй жұмысы


Кроссворд шешу

Ережелер

Деңгейлік

тапсырмалар

Карточка мен жұмыс

Барлық ұпайы

Бағасы











    1. Мотивациялық кезең.

Қазір сабақтағы жұмысымызды анықтау үшін әр топқа кроссворд сұрақтары беріледі. Үш кроссворд берілген, «Ұқсас, «мүшелерді», «біріктіру» деген сөздер шығады. Бір минуттан соң бір оқушы сұрақтарды орнынан оқиды, ал бір оқушы тақтадағы дайын кроссворд торкөздеріне жауаптарын жазып отырады.

Кроссвордтардың ерекше торкоздерінде қандай сөздер шықты? Бұл терминдермен сендер таныссыңдар ма?... Ендеше, бүгінгі тақырып қандай және сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? (Тақырып және сабақ мақсаты анықталады)

3. «Ережелерді білесіңбе?» Өткенді қайталау кезеңі.

Тақырып анықталды, енді белгілі ережелерді қайталайық. Интерактивті тақтада кейбір қажетті сөздері жоқ ережелер берілген. Жанындағы фигураның ішінен қажетті сөзді тауып, орнына жылжытып апару керек.Ережелер саны алтау, яғни әр топтан екі оқушы жауап бере алады.Білмегенін топ мүшелері толықтырады.

    1. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Ережелерді еске түсіріп алдық, енді деңгейлік тапсырмаларды орындауға кірісуге болады. 10 минут уақыт беріледі. Әрбір деңгей тапсырмалары интерактивті тақтада жазылған.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-топ. А.

1)Жақшаны ашып жазыңдар: х- (-4+2y-z)

2)Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

0,6 (а+1)-0,6

3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

15а+21b; хуz-ху;

В.1 Жақша ашып,өрнекті ықшамдаңдар:

-6 (х+у)+3(2х+у)

2) Теңдеулерді шешіңдер: -12,7+(х-5,3)=0,9

С. 1Өрнекті азайтып, айырманы ықшамдаңдар:

2,9 х-0,5у-3z және 2,9х+0,5-2 3/1 z;

2-топ. А.

1) Жақшаны ашып жазыңдар: а-(2b-3c+d)

2) Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

1,7(2-b)+1,7b

3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

35х-20у; abc-ab;

В. 1) Жақша ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

12-(а-b) -4(a+3b)

2) Теңдеулерді шешіңдер: 0,3-(7,1+х)=-1,5

С. 1) Өрнекті азайтып, айырманы ықшамдаңдар:

m+ 12/7 n+9,1 k және -0,25m+3/1n+9,1k;

3-топ. А.

1) Жақшаны ашып жазыңдар:m-(-3+2n+k);

2) Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

-8(-3+2n+k);

3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

25х-10у; mnk-mn;

В. 1)Жақша ашып,өрнекті ықшамдаңдар:

-9(m-2n)-6(3n+m);

2) Теңдеуді шешіңдер: 4,5-(1,6-у)=7

С.1) Өрнекті азайтып, айырманы ықшамдаңдар:

6 /1m-3/2n+2/1k және – 2/1m-4n+5k;


Деңгейлік тапсырмаларды құрастырғанда 6-сыныптың математикасы, авторы Алдабергенова Т. ; 6-сыныптың математикасы авторы Нурк; 7-сыныптың алгебрасы,авторы Теляковский пайдаланылды.

Деңгейдің есептердің айырмашылығына назар аударып, зерттеу жүргізу мақсатында мынадай сұрақ қойылады:

  1. Тексеру, қорытындылау кезеңі.

Әр деңгейдің есептерінің қандай ерекшелігін, айырмашылығын байқадың?

А. 1) жақша алдында «+», «-» таңбалары болған жағдай;

2) жақша алдында оң немесе теріс көбейткіші бар жағдай, өрнек ішінде жойылатын қарама қарс сандары бар:

3) ортақ көбейткіш сан түрінде, екі қосылғыш түрінде;

В. 1) өрнекте екі жақша бар;

2) жақша арқылы теңдеу шығару;

С. 1) Ондық бөлшек, жай бөлшек аралас берілген; ұқсас қосылғыштардың бірнеше тобы бар.

Топтарға тапсырмалары таратылады, оның ішіндегі ескертуге назар аударыңдар. Көрсетілген тапсырманы тақтада орындап, түсіндіру керек. Уақыт біткен кезде тақтада бір оқушы жазып жатқанда, топ басшысының жұмысын мұғалім тексеріп береді. Мүшелерінің жұмысын топ басшылары тексереді де ұпайларын қояды.

6. Қосымша тапсырмалар орындау кезеңі.

Енді осы білімімізді мәтінді есептерде өрнек құрастыруға, ықшамдап барып мәнін табуға пайдаланып көрейік. Карточкалармен жұмысқа 4 минут беріледі.Тапсырмалар таратылады. Біреуі карточкадағы есептің шешімін тақтаға жазып, түсіндіреді.

7. Топ басшыларының бағалауы. Әрбір топ басшысы рейтинг бетіндегі ұпай сандары бойынша әрбір мүшесінің жұмысына тоқталып, өз ойын айтып, бағалайды.

8. Мұғалімнің бағалауы.

Мұғалім осы айтылған бағалармен келісетінін немесе келіспейтінін айтып, дәлелдеп, өз бағасын қояды.

9. Үйге тапсырма.

10. Қорытындылау. Балалар, сабақтан алған әсерлеріңді екі бірдей әріппен басталатын сөзбен қорытындылап көріңдерші! (Тамаша тақырып ! Жаныма жақын! Көңілімді көркейтті! Мәнді мағыналы! Сүйікті сабақ! )

Карточка есептері:

№1. Есеп шығару өрнегін құрастырыңдар :

Катер 1,5 сағат өзенде ағыспен жүзген соң, 45 минут көлде жүзді. Катердің меншікті жылдамдығы v км/сағ, ал ағыс жылдамдығы 2,3 км/сағ. Катер барлығы неше км жүзді?

№2. Құйманың құрамында мыс, қалайы және мырыш бар. Ондағы қалайы m км, мыс одан 5,2 есе көп, мырыш 0,08 кг. Құйманың массасын табыңдар.

№3. Жәшіктің ұзындығы а см, ені ұзындығының 75% -не тең, ал биіктігі енінің 80%-не тең. Жәшіктің үш өлшемінің қосындысы қанша?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Жа?шаны ашу. ??сас ?осыл?ыштарды біріктіру

Автор: Бегленбетова Ботакоз ?айнарбаевна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326332


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства