Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұжымшылдыққа, топпен бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Типі: қайталау.
Көрнекілігі: ИТ, үлестірме материалдар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ-жауап арқылы)
3. Өткен материалдарды қайталау. Тапсырмалар
1. Бағытпен жалғастыр
2. Кестені толтыр
3. жалауға кім бұрын жетеді?
4.Күн сәулесі ойыны
5. Кім жылдам?
6.Тест тапсырмалары
7.Кестені толтыр
8.Сөзжұмбақ шешу
4. Үйге тапсырма беру
5.Қортынды. Бағалау.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сыныптың белгіленген ашық сабаққа дайындығын байқау.Сыныпты екі топқа бөлу. Бағалау парағымен таныстыру. Топ басшыларын сайлау
2. Үй тапсырмасын тексеру. (Сұрақ-жауап арқылы)
1. Жай бөлшектің негізгі қасиеті.
2. Жай бөлшектерді қалай салыстырады.
3. Жай бөлшекті қысқартудың неше тәсілін білесіңдер. Оларды атап шық.
4. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосады?
5. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосады?
6. Аралас сандарды қалай қосады?
7. Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қалай азайтады?