kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «?шб?рышты? ішкі б?рыштарыны? ?осындысы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? «?шб?рышты? ішкі б?рыштарыны? ?осындысы» та?ырыбы бойынша ал?ан білімдерін ?айталау ар?ылы, тере? ме?геруіне; а?паратты? ж?не коммуникативтік ??зіреттілік т?р?ысынан жетілуіне ы?пал ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «?шб?рышты? ішкі б?рыштарыны? ?осындысы»»

Сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбы бойынша есептер шығару


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаттығу және тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Оқытудың формасы: Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, саясат

Сабақтың көрнекілігі:      1. Презентация-слайд

  1. Дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

г) Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.

ІІ. Оқушыларды сабаққа әзірлеу (3 мин).

а) Оқушыларға жұмбақ жасырылады:

 

Ылғи үштен тұрамын

Үш қабырға, үш төбе

Бұрыш болар құралым.

Қай элементімді санасаң

Үштен асып көрген жоқ

Өз алдыма бір елмін

Ешкімге есе бергем жоқ.

Бұрыштарым қосындысы

1800 қа тең болады

Бір қабырғам ұзындығы

Қалған екеуінің қосындысынан

Кем болады. (Үшбұрыш)

 

ә) Топқа бөлу

«Осы үшбұрыштың бұрыштары қалай жіктеледі?» деген сұрақ қою арқылы екі топқа ат беріледі.

«Ішкі бұрыш» және «Сыртқы бұрыш» топтары өзара жарысқа түседі. Мұғалімнің алдына топтардың аты жазылған екі қорапша қойылады. Топ мүшесінің әрбір дұрыс жауабы үшін қорапшаға жұлдызша салынып отырады. Сабақ соңында жұлдызшаларды санау арқылы топтың жинаған ұпай саны анықталады.

б) Топтардың «Алтын ережесімен» таныстыру

  1. Ұран «Кемедегінің жаны бір».

  2. Бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі. Бағалау әділ жүргізілмесе топтан бір ұпай шегеріледі.

  3. Егер топтағы бір оқушы сабаққа атсалыспаса, онда топтан тағы бір ұпай шегеріледі.

  4. Бір оқушының айтқанын екінші оқушы қайталап айтуға болмайды. Қайталап айтқан жағдайда топқа ұпай саны қосылмайды.

в) Сабақтың мақсатын айқындау

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбы бойынша есептер шығаратының айта отырып мынадай әрекеттерді орындайды:

— оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызады;

— оқушының жауабына толықтырады;

— осы мақсатқа жетудің міндеттерімен таныстырады:

г) сабаққа кіріспе

Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастайды: «Алдымызда қандай ұлы мереке келе жатыр? Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп, дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап артуда. Биылғы жылы Қазақстан қандай үлкен жетістіктерге жетті? Бүгінгі сабақта Қазақстанның тағы да бір үлкен жетістігін сөз етеміз. Олай болса іске кірісейік»

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау жүргізу (10 мин).

загрузка...

а) Үй тапсырмасының дәптерде орындалуын тексеру.

ә) ауызша есептеулер жүргізу.

1-тапсырма. «Қазақстанның биік белесі». Берілген тапсырманы ауызша есептеп, жауабын төмендегі торкөзге жаз.

 

 

 

Жауап парағы

Е

Х

Р

О

20

17

2-тапсырма. «ЕХРО-2017». ЕХРО-2017 туралы мәліметті толық оқығын келсе әр топ өзіне берілген  тапсырманы орындап, жауабын тиісті орынға қояды.

б) Блиц – сұрақтар. Бұл тапсырма «Көрме тақырыбы» деп аталады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап берген сайын «ЕХРО-2017»  көрмесіне Қазақстанның ұсынған тақырыбының әріптері біртіндеп кестеге жазылып отырады,

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш.

  2. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш.

  3. Үшбұрыштың екі бұрышы доғал бола ма?

  4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.

  5. Тік бұрышты үшбұрыштың қанша сүйір бұрышы бар?

  6. Үшбұрыштың үш бұрышыда сүйір бола ала ма?

  7. Үшбұрышта қанша тік бұрышы болады?

  8. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы.

  9. Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді

  10. Үшбұрыштың қандай бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрыштың қосындысына тең?

  11. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр.

  12. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы не деп аталады?

 

Сұрақ №

1

2

3

4

5

6

7


8

9

10

11

12

Көрме тақырыбы

Б

О

Л

А

Ш

А

Қ

 

Қ

У

А

Т

Ы

ІV. Есептер шығару (23 мин)

1-тапсырма. Жарқын жеңіс. Оқушыларға мынандай мәлімет беріледі:

Қазақстанның жинаған дауысын есептеп табу бірінші топқа, Бельгияның жинаған дауысын есептеп табу екінші топқа беріледі.

І топ                                                              ІІ топ

 

 

 

2-тапсырма. Көрме логотипі.

Көрме логотипінін суретін әр топтағы оқушылар санына сәйкес келетіндей етіп нөмірлеген қағаздармен жауып қоямыз.

Оқушыларға жеке-жеке карточкаға жазылған тапсырма беріледі. Карточка нөмірленген болуы керек. Ал әр тапсырманы мұғалім өзіне алдын ала шығарып, жауаптарын дайындап алу керек (тексеру кезінде уақыт үнемдеу үшін). Оқушы тапсырманы орындап жауабын айтады. Мұғалім өзіндегі жауаппен салыстырып, дұрыс болса карточка нөміріне сәйкес санды ашады. Осылайша логотиптің суреті оқушыларға ашылады.

3-тапсырма. Көрме тарихы және болашағы.

Тақтаға Лондондағы Хрустальды сарайдың, Эйфель мұнарасының және Астанадағы болашақ көрме қалашығының суреттері ілінеді. Бұл 3 суретті үш есеп жазылған қағазбен жасырып қоямыз. Оқушылар есепті шығарған кезде ғана сол есептің астында жасырылған суретті ашамыз.

  1. V. Бағалау (4 мин)

а) Оқушыларды бағалау. Топ басшылары оқушыларды бағалайды. Басқа оқушылар және мұғалімдер тарапынан бағаның әділдігі  талданады.

ә)Топтарды бағалау. Қорапшаға жинаған жұлдызшалар саны есептелінеді. Жұлдызша саны көп топ жеңіске жетеді.

VІ. Үйге тапсырма(1 мин)

№163, 164 тапсырмалар.

VІІ. Қорытындылау (2 мин)

а) Оқушылар сабақты өздері қорытады.

ә)Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «?шб?рышты? ішкі б?рыштарыны? ?осындысы»

Автор: Б?йіш Майра ?беу?али?ызы

Дата: 18.08.2016

Номер свидетельства: 339919


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства