kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "Есептер шы?ару" 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Есептер шы?ару та?ырыбы бойынша о?ушыларды? білім, білік, да?дыларын  ж?йелеу, ал?ан  білімдерін  пысы?тау, бекіту;                                                                           

О?ушыларды? танымды?,  логикалы? ойлау ?абілеттерін, зейіндерін, математикалы? с?йлеу мадениетін  дамыту;

Салуатты ?мір салты мен  ережелерін ?стана отырып, ?зара жа?сы  ?арым-?атынаста ж?мыс ат?ару?а т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "Есептер шы?ару" 1 сынып»

Ашық сабақ 1 сынып


Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

1.Есептер шығару тақырыбы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын жүйелеу, алған білімдерін пысықтау, бекіту;

2.Оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін, зейіндерін, математикалық сөйлеу мадениетін дамыту;

3.Салуатты өмір салты мен ережелерін ұстана отырып, өзара жақсы қарым-қатынаста жұмыс атқаруға тәрбиелеу;


Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың типі: пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, сиқырлы кілемше, 2 саны жазылған табло, қағазға жазылған сөздер, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелі карточкалар, түймелер тігілген кілемше, азық-түлектер, геометриялық фигуралар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: жекеше, жұппен, топпен, фронтальді, деңгейлік жұмыс түрі,

Пәнаралық байланыс: валеология, әдебиеттік оқу

Қолданылатын технологиялар: деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, ИКТ, денсаулық сақтау технологиясы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу: Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар, оқушылар! Балалар біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бәріміз бірге амандасайықшы.

Ә) Психологиялық ахуал:

-Үлкенге сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамдарды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

2.Сабақтың мақсатымен тақырыбын хабарлау:

Бүгін біз «Есептерді шығару» тақьрыбын пысықтай мыз. Пысықтау үшін түрлі есептер, мысалдарды шығарумен, сөздік есептер шешеміз.

Сендердің алдарында жатқан бағалау парақтарына сабақ бойы жауаптарын дұрыс болса белгісін, қателері белгісін қоясындар.»

-Сабағымызда Ертегі еліне Саяхат жасаймыз. Ертегі елінде бізді әртүрлі ойындар, есептер, әзілдер, тапсырмалар күтіп тұр.

-Саяхатқа біз бүгін сиқырлы кілемшемен барамыз.

(Балалар музыка ойнаған кезде «кілемшемен ұшып» келе жатқандай болады. Аяқ киімдерін шешіп,көрпешелермен плоскостопиядан жаттығу жасайды.)


Оң қанатымыз алда,

Сол қанатымыз алда,

Ұшып кеттік алысқа.


3. Ертегі әлемі:

Ертегі әлеміне кіру үшін бізге мына жұмбақты шешу керек

(ЕКІ саны туралы жұмбақ)

Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағым.

Бірді-бірге қосқанда

Иіліп мен тұрамын.

-Қане балалар екі санын ауада аяғымызбен, қолымызбен жазып көрейік.

-Ал енді парталарымызға отырып бүгінгі күнді, екі санын жазайық.


5.Ауызша есептеу: Алладинмен Жасминді кездестіру

Балалар Алладин бірдене іздеп жатқан сияқты көмектесеміз бе?

Алладин Бір затты емес үш затын жоғалтып алыпты. Қандай заттар екенін білу үшін мына тапсырмаларды орындау тиістіміз. (Біріншісі- сиқырлы шам, екіншісі-маймылы, үшіншісі-жүзігін.)

Сиқырлы шам: Математикалық диктант:

6+2=8, 7-3=5, 8-5=2, 4+5=9, 10-6= 5, 7+3=10

КІЛТІ: (+, -, -, +, -, +)

+мен – арқылы орындалады,тақтадағы кілтпен Көршілерінің дәптерлерін тексереді.


Маймылы: А) Жекеше жұмыс:

(Тақтада 1 бала ауызша жұмыс орындайды.)

1. Ақеркеде 3 шар бар, ал Әлияда одан 2 шар кем. Әлияда неше шар бар?

Ақеркеде -3 шар

Әлияда -?, 2 кем

Шешуі: 3-2=1

Жауабы: Әлияда 1шар.



Тексерейікші кім келіседі әдемі отырады, ал келіспейтіндер қол көтереді.

Жүзік: Б) Фронтальды жұмыс: (Веер сандармен)

4-1=3 4+4=8 5-3=2

6-5=1 2+4=6 6+3=9

(сақинамен жұмыс)


6. Балалар мынау кім екен жылап отырған: Көмектесеміз бе?

МИККИ-Мауспен кездесу:


Микки-маустың бір күні

Ауырып қалыпты тістері

Бәрі оны аялап,

Қуыршақ жасапты

Тоқтатуға ауруын

Іздеп жатыр амалын.

Қанекей Микки-маусқа көмектесейік: Бізге тиісті сандарды бос торға қойып, теңдіктерді тура бола алтындай етіп құрайық.


2+ =8

10- =7

-6 =4


Қалай ойлайсыңдар микки-маустың тісі неге ауырып қалды? Тістерді күту үшін не істеу керек? Балалар Мики-маусты сергітіп жіберейікші. (сергіту сәті)

6. Негізгі кезең:

Балалар қараңдаршы Ақшақар мен төрт гном бізге қарсы келе жатыр бірақ олар шаршаған секілді. Балалар ақшақардың неше гномы болу керек еді? Ендеше олар қалған 3 гномдарын іздеп шаршаған ғой. Не істейміз? Қастарынан өтіп кетеміз бе, әлде көмек көрсетейік пе?


(карточка-жемістерде жазылған деңгейлік тапсырмалар орындау, кейін ИТ-да жазылған жауаптарымен бағалау) полиглот: орысша және ағылшынша сұрап кету.

Алма ағашы -(1 деңгей) 6*8

9*7


Жауабы: 67.

Алмұрт-(2 деңгей) 10*8+2

6*10-5

Жауабы: 10=8+2, 610-5.

Құлпынай -(3 деңгей) 4+6*8-1

3+6*6+3


Жауабы: 4+6*8-1, 3+6*6+3

Сол қолдарынды ішке, ал оң қолдарыңды кеудеге қойындар. Ішімізге ауаны терең тартамыз және шығарамыз.

Ақшақардың тағы бір тапсырмасы бар екен. Егер де біз мына тапсырманы дұрыс орындасақ, онда біз Ақшақарды ханшайымнан құтқара аламыз. Ал егер де орындай алмай қалсақ онда біздің Ақшақар бұл алмаларды жеп қойып не істейді? Дұрыс , мәңгі ұйықыға кетеді, сондықтан орындап көрейік.

Тақтада: 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп салу керек. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

ә) 6 алманы 3 тәрелкеге тең бөліп салу керек. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

7.Пысықтау:

Бұл кім-кімнен қашып жүр? Томға Джеррині ұстауға көмектесейік Әйтпесе байқаймын Том кәртайып Джериді табалмай тұр.

Геометриялық фигуралрды еске алу.

(көзге арналған жаттығулар жасалады. Геометриялық фигуралармен)


8. Есептер шығару:

Рапунцельмен кездесу:

Гетель есімді залым сиқыршы Рапунцельді өзінің биік мұнарасына жауып қойғысы келеді. Рапунцельді құтқарып алайықшы. Ол үшін біз оқулықтағы №3 бет-127 орындау керек.

Оқулықпен жұмыс: №3 (тақтаға оқушы шығады.)

Сыныпты безендіру үшін 5 қызыл, ал қызыл шарға қарағанда 3 көк шар артық үрленді. Неше көк шар үрленді?

Қызыл-5 шар

Көк-?, 3 шар артық

Шешуі: 5+3=8

Жауабы: 8 көк шар.

Керемет, ал бұл әлемде де Дұрыс тамақтану дәрәгері тұрады.Ол өз еліндегі тұрғындарына әрдайым қандай тағамдар денсаулыққа зиянды, ал қайсысы пайдалы екені туралы кеңес беріп жүреді. Бірақ Вини-пух оны тыңдамай қарандаршы не істеп-қойды. Оған көмектесу үшін біз мына қызықты есептерді шешуіміз керек.



Чиспы:Аққайында 10 алма өсіп тұр. Оның түсіп 5 қалды. Ағашта неше алма қалды? (Алма өспейді)

Сүт: Поездің 10 вагоны 15 км жол жүрді. Олардың әрқасысы неше км жол жүрді?

Пепси-колла:тауық екі аяқпен тұрғанда 3 кг. Егерде ол бір аяқпен тұрса неше кг болады?

Жемістер:Ағаш басында 7 тауық отырды,оларға тағыда 3 ұшып келді.Барлығы неше тауық болды?


Зиянды Пайдалы

чипсы сүт

пепси-кола жемістер

8. Өткен тақырыпты қортындылау:

Түймеқызбен кездесу: Түймеқыз сендермен бір ойын ойнап шығады.

Бұл ойын арқылы біз Тұймеқызды құтқарған құсты табамыз.

Көрдіндерме балалар, ертегі кейіпкерлеріде бір-біріне көмекке келеді екен..

9.Үйге тапсырма беру:

Ал енді балалар...Бұл не шу? Бұл не балалар? Осы кішкентай робот ертегі елінен бізге тапсырмалар әкеліпті.

1.Сендерге сабақ ұнады ма? Бұл елдің қалаларынан біз неге үйрендік, не жасадық? Денсаулығымыз мықты болу үшін немен айналасу керек?

2.Балалар мына тапсырманы үйде орындандар: бет-128 №5

3. Сендерге біздің елімізден сыйлықтар бар. (Алмалар тарату) Денсаулықтарын мол болсын, ауырмандар.


10. Бағалау:

Бүгінгі сабақта кім жақсы қатысты? (Жарайсыңдар, Өте жақсы деп,сабаққа қатысқындарды мадақтап кету.)

Балалар сендердің көңіл-күйлерін жақсы ма? Ендеше Бір-бірімізге өздеріміздің күлкімізді сыйлайықшы. Күлкі – көтеріңкі көңіл күйдің кепілі. Күлкі арқылы біз бір-бірімізге денсаулық және қуаныш сыйлаймыз.

Осымен сабағымыз аяқталды Өз денсаулықтарынды сақтап, күтіп жүріндер.



































Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Ақылбай орта мектебі











«Есептер шығару»

(Математика пәнінен ашық сабақ)







Дайындаған: Шаймерденова Ш.Д.

(1 сынып мұғалімі)












2016ж.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "Есептер шы?ару" 1 сынып

Автор: Шаймерденова Шинар Даировна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310947


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства