Сабақтың тақырыбы: : «Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері»
Сабақтың тақырыбы: : «Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері»
v: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: : «Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері»»
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Сынып: 2 сынып Сабақ: математика Сабақтың тақырыбы:«Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету. 2. Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз. Нұрға толы бар аймақ, Күн шыққанда арайлап. Ұйқымыздан тұрғанда, «Қайырлы таң ботам» - деп Күлімдейді жан анам. Қайырлы таң ұстазым! Қайырлы таң достарым! Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздер ме! Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық. Ендеше қонақтарымызбен амандасып алалық: Үлкенге ізет Кішіге құрмет. Сіздерге бізден Құрметпен сәлем.
Сабақта топтардың ережелерін еске салу. 1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз! 2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз! 3 - ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз! 4 - ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! - Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы? Біз білімді баламыз, Күнде бестік аламыз. Жалқаулықты тастаймыз, Жаңа сабақ бастаймыз. Біз баламыз. Бүгін неше аламыз? Бір керегі жоқ, Екі керегі жоқ, Үш керегі жоқ, Төрт орташа, Бес тамаша!
Баған бойынша жазбаша қосу және азайту (тақтамен жұмыс) 63 84 24 89 72 + - + - + 21 21 65 24 17
Сергіту сәті Бір, екі, үш, Бір, екі, үш Жинап алып күш, Желдеткішті ашайық, Шаң тозаңды басайық!
Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері». Өткенді қайталау. Дәптерімізді ашайық, Салақтықтан қашайық. Қолға қалам алайық, Көркем етіп жазайық. “Кім жылдам?” Семантикалық карта Мысал ---- 65 ----- 43 ----- 77 ----- 36 85 - 8 56+9 34+9 28+8 Оқулықпен жұмыс. №2. Есепті шығар. Жазда Аружан теңіз жағасында демалды. Ол 60 кішкентай, ал одан 40 дана кем үлкен ұлу қабыршасын жинады. Аружан барлығы неше ұлу қабыршасын жинады?