kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?тын та?ырыбы: "Математикадан тест тапсырмалары - 4 - ші сынып"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикадан тест тапсырмалары (4 сынып)

І - н?с?а
1. Бірінші класты? 14 бірлігі мен екінші класты? 14 бірлігі бар санды тап
А) 101441
Б) 140014
С) 14014
Д) 104014
2. 9 бен 7 - ні? айырмасын 9 - ?а к?бейт, м?нін тап.
А) 810
Б) 81
С) 118
Д) 18
3. Амалдарды орында: (842+19)+910
А) 1011
Б) 1771
С) 1010
Д) 991
4. Амалды орында: 2мин 30сек - 56 сек
А) 1мин 34с
Б) 1мин 36с
С) 1мин 44с
Д) 2 мин 30с
5. Са?атпен ?рнекте: 4 т?ул. 18 са?
А) 114са?
Б) 73са?
С) 96са?
Д) 22са?
6. (548+452)- 100
А) 700
Б) 900
С) 600
Д) 800
7. Те?деуді шеш: 450: х=9
А) 50
Б) 405
С) 459
Д) 441
8. Ж?к машинасы70км/са? жылдамды?пен 280 км ж?рді. Ол жолда неше са?ат болды?
А) 4са?
Б) 3са?
С) 2са?
Д) 1са?
9. 6 бірдей жейдеге 36 м мата ж?мсалды. Осындай 9 жейдеге неше м мата ж?мсалды?
А) 48м
Б) 28м
С) 65м
Д) 54м
10. Перимерті 230см болатын тікт?ртб?рышты? ені 2 см. ?зынды?ын тап.
А) 10см
Б) 8см
С) 6см
Д) 4см
11. Алпыс жеті мы? 435 санын белгіле
А) 67435
Б) 67400
С) 60740
Д) 67040
12. а*1000: 4 а=5
А) 1200
Б) 1300
С) 1250
Д) 1350
13. а*7=3360
А) 450
Б) 460
С) 480
Д) 470
14. Автомобиль 160км ?ашы?ты?ты 2 са?. ж?рді. Жылдамды?ы нешеге те??
А) 90км/са?
Б) 80км/са?
С) 70км/са?
Д) 60км/са?
15. Тікт?ртб?рышты? ?зынды?ы 20дм, ал ені 7 дм. Тікт?ртб?рышты? ауданын тап.
А) 140дм2
Б) 1400дм2
С) 54дм2
Д) 414дм2
16. Цифрмен жаз: жетінші разрядты? жеті бірлігі, екінші разрядты? бес бірлігі бар сан.
А) 70050
Б) 7050
С) 70005
Д) 7000050
17. а*3 а=231
А) 694
Б) 692
С) 693
Д) 691

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?тын та?ырыбы: "Математикадан тест тапсырмалары - 4 - ші сынып"»

30 қараша 2015 ж.

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:
ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

  1. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері

  2. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері

  3. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

  4. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

  1. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері

Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие.

Екіншіден, әлемнің барлық экономикаларында да экономикалық өсімнің баяулауы байқалуда

Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін супертабыстар жоқ.

Төртіншіден, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын сезінуде.

  1. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері

Жаһандық дағдарыс – ол  тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет қолданып отыр.
Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.

Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму  бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды.

Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз

Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.

Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.

Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде  құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр.

Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.

  1. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.

  1. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру

Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. «Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор.

Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек.

Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою қажет. Біртұтас Зейнетақы қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа да қаржы институттарын оның бақылауынан шығару керек.

Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

«Көрпеге қарап көсілу» 

Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет

Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. 

2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. 

Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта қараған жөн

ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық қызметті күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырамын. Бізге антимонополиялық ведомство туралы   мәртебесі мен жұмыс тәртібі нақты регламенттелген жеке заң керек.
Екіншіден, бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық ынталандыруларға қатысты бұрмалауларды жою қажет. Үкіметке экономиканың барлық секторларында нарықтық баға қалыптастыруға әрі қарай көшуді жалғастыруды тапсырамын.
Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық және тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық жүруі тиіс. Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі.

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды.

Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөңірлер – Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі өңірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек.

Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердің экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте, бұлар –Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия және Кавказ елдері. 

Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің моделі болады.

Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет.

БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция  деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын.

2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.


Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?тын та?ырыбы: "Математикадан тест тапсырмалары - 4 - ші сынып"

Автор: Аргынгазина Куралай Рымгалиевна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282481


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства