kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: К?пм?шелерді топтау т?сілімен к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

7-сынып алгебрасында ?ыс?аша к?бейту формулаларын о?ушы жа?сы білуі тиіс.Сонымен ?атар к?пм?ше,бірм?ше,к?пм?шелерді топтау ?дісімен жіктеуге есептер шы?арады.Д?реже ж?не оны? ?асиеттері,б?тін к?рсеткішті д?реже,натурал к?рсеткішті д?реже тарауларын жетік ме?гереді.Осы тараулар?а тест тапсырмалары,?здік ж?мыстарын орындау ар?ылы ?рі ?арай білімдерін шы?дай т?седі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: К?пм?шелерді топтау т?сілімен к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару »

«Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп» ММ







Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару





















Орындаған:математика пәнінің

Мұғалімі Женсхан Жанар Женсханқызы





Кеңтүбек

2015-2016 оқу жылы



Пәні:алгебра

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерді топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару



Сабақтың мақсаты:

а)білімділік:көпмүшені көпмүшеге көбейту амалына кері амал ретінде көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап,білім дәрежелерін байқау;

ә)дамытушылық:есептер шығарту арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,іскерліктерін,өз бетімен еңбектену,жеке оқушының білім,білік дағдыларын дамыту;

б)тәрбиелілік:оқушыларды ұқыптылыққа,сауаттылыққа,шапшаңдылыққа,алғырлыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:аукцион сабақ

Сабақтың әдісі:практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,аукционға қажетті заттар,тест парақшалары

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

а) сәлемдесу;

ә)оқушылар тізімін тексеру және оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру,қабілеттеріне қарай оқушыларды топқа бөлу;

б)үй тапсырмасын тексеру;

Өткен тақырыптар бойынша негізгі мәселерге шолу жасау:

Қойылатын сұрақтар:1.Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?

2.Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді?

3.Жақша сыртына шығарылатын ортақ көбейткішті қалай анықтайды?

4.Қандай жағдайларда көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін топтау

тәсілін қолданады?

ІІ.Аукцион тәртібімен таныстыру.

Балалар,бүгінгі аукционда математика сабағына қажетті оқу-құралдары сатылады.Бүгінгі сабақта сендердің білімдерің бағамен белгіленеді.Жақсы жауап берген,есепті дұрыс шығарған оқушы аукционға қатысып,қажетті заттарды ала алады.

Саудаға түсетін заттар:дәптер,қойын кітапша,қалам,қарындаш,транспортир,сызғыш.

Аукционға қатысушыларға сұрақтар:

1.Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды?

2.Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?

3.Көпмүше деп нені айтамыз?

4.Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?

5.Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз?

6.Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңдар.



ІІІ.Аукцион есептері

Қойылған сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген оқушы аукционға қатысып,оқу-құралдардың бірін таңдап,сол құралдың астында кеспе қағазда жазылған тапсырманы орындайды.Оқушы есепті қате шығарған жағдайда тобынан оқушы көмекке келуге болады.

“Дәптер”-дің есебі: Көбейткіштерге жікте: 5m2n-6an+10m2-3an2

“Қойын кітапша”-ның есебі: Көбейткіштерге жікте: 8mn3-24n2-7mn+21

“Қалам”-ның есебі: Көбейткіштерге жікте: ax2+yx2+ax+cx2+yx+cx

“Қарындаш”-тың есебі: Өрнектің мәнін тап:6x2-6xy-8x+8y, мұндағы х=2, у=-3

“Транспортир”-дің есебі: Өрнектің мәнін тап: 3xy-x3y3-6+2x2y2, мұндағы х=1, у=-1

“Сызғыш”-тың есебі: Көбейткіштерге жікте: 15a2c+14в2с+6авс2+35ав2



IV. “Кім жылдам?”.Оқушыларға әртүрлі нұсқада деңгейлік тест тапсырмалары жазылған парақшаларды үлестіремін.Бір оқушыны тақтаға орындатамын.Дұрыс әрі тез орындаған оқушы “өте жақсы” бағамен бағаланады.Тест парақшасының үлгісі:







Тапсырмалар

Жауаптар

А

В

С

Д

1

Өрнекті ықшамда:

5у-2(8у-1)+4(3у+1)

А)у+6

В)-у+6

С) 33у+6

Д) у+2





2

Көпмүше түрінде жаз:(2-5а)(6а-3)

А) 30а2+27а-6 В)-30а2+27а-6

С) -30а2-27а-6 Д) -30а2+27а+6





3

Ұқсас мүшелерді біріктір:5х2у-ху2-4х2у+ху2-ху+7


A) х2у-ху-7 B) х2у-2ху+7

C) х2у+ху+7 Д)х2у-ху+7






4

Теңдеуді шеш:

х2+х=0

А)0;8 В)8

С)0;-8 Д)-8





5

Үшмүшені көбейткіштерге жікте:х2-3х-4

А) (х-4)(х-1) В) (х+4)(х+1)

С) (х+4)(х-1) Д)(х-4)(х+1)







Жауаптары:1.А 2.В 3.Д 4.С 5.Д



V.Қорытынды.Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап,жақсы белсене араласқан оқушыларды айтып,сабақты қорытындылау.



VI.Үйге тапсырма: №278. Анықтамаларды жаттау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: К?пм?шелерді топтау т?сілімен к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару

Автор: Женсхан Жанар

Дата: 24.10.2015

Номер свидетельства: 243201


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства