kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика – ?дебиеттік о?у. Кіріктірілген саба?.

Саба?ты? та?ырыбы: Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару.

Саба?ты? ма?саты:    

Білімділік: О?ушылар?а   те?деу  ??ру,  шешу,  жанама  т?жырымдал?ан  есептерді те?деу  ар?ылы  шешу  жолдарын  ?йрету. ?аза? даласыны? ?лы т?л?алары А.??нанбай?лыны? (ту?анына 170 жыл ), Ш.У?лихановты? (ту?анына 180 жыл) ?мір жолдары мен е?бектерімен таныстыру.

Дамытушылы?:  Есепті  шы?ару  ж?не  т?рлендіру,  ауызша  ж?не  жазбаша

есептеу

да?дыларын  дамыту. Білім алу?а деген ??штарлы?ын арттыру.

Т?рбиелік: Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдасты?  ?арым-                                        ?атынас?а, шыдамдылы??а    т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару»


Давлетова Алима Баймағамбетқызы

Қостанай облысы,

Ұзынкөл ауданы

2 Ұзынкөл орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі







Математика – әдебиеттік оқу. Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға теңдеу құру, шешу, жанама тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шешу жолдарын үйрету. Қазақ даласының ұлы тұлғалары А.Құнанбайұлының (туғанына 170 жыл ), Ш.Уәлихановтың (туғанына 180 жыл) өмір жолдары мен еңбектерімен таныстыру.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша

есептеу

дағдыларын дамыту. Білім алуға деген құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Оқушылардың білімді бекіту сабағы.


Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, топпен жарыс.


Көрнекілік: А. Құнанбаев пен Ш. Уәлиханов портреттері, Қазақстанның картасы,

Презентация. (сабақтың барлық кезеңдеріне арналған көрнекіліктер слайдтар

арқылы көрсетілді).

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе бөлім:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындау. (Балалар тақтаның алдына шығып бір – біріне тілек тілейді.)

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың ережесін жазып қоялық.

  • Барлық пікір құнды;

  • Тыныштық;

  • Сыйластық:

  • Достық;

Топқа бөлу. Киндер сюрприздің ыдыстарына сөздер жасырылады. Балалар сол сөздерді алып , кімге арналғанынын табады.







Мысалы: Абай Құнанбаев – ақын, сазгер, 1845 - 1904, Семей, Ұлжан.

Шоқан Уәлиханов – саяхатшы, суретші, 1835-1865, Қостанай, Зейнеп.

Балалар сөздерді жинастырғаннан кейін, Бүгін сабақта кімдер туралы мағлұмат алатындарын айтып шығады.

Сөйтіп, балалар топқа бөлінеді. Ш.Уәлихановқа байланысты сөздерді алған оқушылар 1 - топ болады. А. Құнанбаевқа байланысты сөздерді алған оқушылар 2 – топ болады. Топтың аттары: «Ақындар мен жазушалар», «Саяхатшылар мен суретшілер».

Шоқан Уәлихановқа 180 жыл. Абай Құнанбаевқа – 170 жыл.

2. Сабақтың мақсатымен танысу.

«Ақын-жазушылар тобы» 5 жол өлең шығарады. Бүгінгі сабақта не істейтініміз туралы, яғни сабағымыздың девизі, ал «Саяхатшы-суретшілер тобы» тобына ерекше тапсырма. Олар бүгін сабақта Қазақстанның қай қалаларына немен саяхат жасайтынымызды жоспарлайды да тақтаға іледі. Олардың алдында карта, қалалардың аттары жазылған сөздер жатады. Олар Семей мен Қостанайға және олардың арасында қандай қалаларға саяхат жасап қайтуға болатынын айтады. Алыс болса ұшақпен, жақынырақ болса, пойызбен, немесе автобуспен жүруге болатыны ескерулері керек.

Тақтаға девиз жазылып, саяхат жасайтын картамыз ілінгеннен кейін сабағымызды бастаймыз.

Енді топ басшыларын сайлау керек. Балалар өздері таңдайды. Олардың қаншалықты топ басшыларына лайық екенін білу үшін ауызша есептеуге тапсырмалар беріледі.

1-топ 56*3, 846/9

2-топ 64*4, 744/8

Көркем жазу. Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдарынан екі топ ең үлкен және ең кіші сандарды, сонымен қатар 5 таңбалы ең үлкен сан, 4 таңбалы ең кіші сан жазулары керек.

Мысалы:

1845-1904 (01144589, 98544110, 98544, 1014)

1835-1865 (11355688, 88655311, 88655, 1135 )

Бір – бірін тексереді.


  1. Негізгі бөлім:

Енді саяхатымызды бастаймыз. Саяхатқа жай ғана шыға қоймаймыз, сол қаламен танысамыз және сол қалаларда өтіп жатқан математикадан жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуге тырысамыз. Әр қалада келген сайын, оның тапсыраларын орындаған сайын 3 деңгейдегі балалар медальдар алады.

- Бірінші қай қалаға немен саяхатқа шығамыз?

- Көкшетауға, пойызбен барамыз. (Пойыздың даусы шығарылады).

1- аялдама. Көкшетау қаласы. (Көкшетау қаласының көріністері көрсетіледі)

-Көкшетау қаласына саяхат жасау үшін мынадай тапсырмаларды орындауымыз қажет.

Тапсырма №1.

Қабырғалары х см және 7 см тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі өрнек түрінде жазып көрсет. Оның жарты периметрін өрнек түрінде жаз.

Шығарылуы:

  1. Х+7+Х+7 2) (Х+7)*2 3) Х*2+7*2

«Ақындар мен жазушылар» тобы жазады.

«Саяхатшылар мен суретшілер» тобы суретін салады. Х-тің орнына кез келген санды алып, тік төртұрыш сызады да, шығарады. (Тақтаға іліп салыстырамыз. Шығарылуы бірдей ме, бірдей емес пе)

  • Енді қай қалаға жол жүреміз? (Астанаға)

  • Немен жолға шыққыларың келеді? (автобуспен)

(Автобустың гуілі шығарылады.)

2-аялдама. Астана қаласы. (Астана қаласының көріністері көрсетіледі)

Тапсырма.№2.

Есепті шығар. Ағасы 28 жаста. Ол қарындасынан 6 жас үлкен. Қарындасы неше жаста?

Шығарылуы:

Ағасы – 28 жас 6 жас үлкен

Қарындасы - ?,

28-6=22 (жас). Жауабы: Қарындасы 22 жаста.

1) «Ақындар менжазушылар» тобы қысқаша шартын жазып шығарады.

2) «Саяхатшылар мен суретшілер» тобы есептің мазмұнына суретін салып шығарады.

Сергіту кезеңі. Пойыздан шығып бойымызды бір жазып алайық.

Би «Қара жорға».


-Балалар, автобустарыңа қайтадан жайғасыңдар, маршрутымызды жалғастырамыз.


3-аялдама. Павлодар қаласы. (Павлодар қаласының көріністері көрсетіледі)

Тапсырма №3.

Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Аулада бірнеше тауық және 12 балапан болды. Егер тауықтардың санын 3 есе арттырса, ал балапандардың санын 2 есе кемітсе, онда олардың саны бірдей болар еді. Аулада неше тауық болды?

Шығарылуы:

Х*3=12/2

Х*3=6

Х=6/3

Х=2

2*3=12/2

Жауабы: аулада 2 тауық болды.

1) «Ақындар мен жазушылар» тобы теңдеу құрып шығарады. (Теңдеу туралы 5 жол өлең жазулары керек. )

2) «Саяхатшылар мен суретшілер» тобы есептің мазмұнына суретін салып, теңдеу құрып шығарады. (бұл жолы балаларға тауықтар мен балапандардың суреттері беріледі. Олар дұрыс есептеп, дұрыс шығарулары керек).









Павлодар қаласынан шығып, Семейге пойызбен баруды балалар жөн көріп отыр. (Пойыздың гуілі шығарылады).


4-аялдама. Семей қаласы. (Семей қаласының көріністері көрсетіледі)

- Семей қаласы кімнің туған жері? (А. Құнанбаевтың)

- А. Құнанбаев қай жылдары өмір сүрген? (1845-1904 ж.ж.)

- Абайдың шын аты кім болған? (Ибраһим)

- Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

- Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)

- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?(балалар білетін өлеңдерін айтып кетеді).


(А. Құнанбаев туралы презентация көрсетіледі)


Тапсырма.№4.

Есепте. 2 бағанын жазбаша, 2 бағанын ауызша есептейді.

10 356*6=62 136 112/6=672

2856*4=11 424 225*6=1350

1475*5=7375 248*6=1488

4096/8=512 108*8=864

3700/10=370 204*8=1632

8037/9=893 402*8=3216

1) «Ақындар мен жазушылар» тобы дауыстап айтып отырып шығарады.

2) «Саяхатшылар мен суретшілер» тобы тақтаға шығарады.

- Балалар, Семей мен Қостанайдың арасы нешешақырым екен? (1473км)

- Ендеше тезірек туған жерімізге оралу үшін қандай көлікке мінгеніміз дұрыс болады? (Әрине, ұшаққа)

(ұшақтың гуілі шығарылады)

5-аялдама. Қостанай қаласы. (Қостанай қаласының кқріністері көрсетіледі)

- Шоқан Уәлихановтың туған жерін кім айтады?

- Қай жылдары өмір сүрген? (1835-1865 ж.ж.)

- Шоқанның шын аты кім болған? (Мұхаммед Қанафия)

- Шоқанның әжесінің аты кім? (Айғаным)

- Шоқанның анасының аты кім? (Зейнеп)

- Шоқан кім болған? (саяхатшы, суретші, этнограф, географ т.б.)

(Шоқан Уәлиханов туралы пезентаңия көрсетіледі. Онда Шоқанның салған суреттері мен отбасы көрсетіледі).

Тапсырма №5.

Берілген таблицаны өрнек түрінде толтыру керек.

Таблица тақтаға ілінеді, бос торкөздерді әр топтан балалар шығып толтырады.

жылдамдық

3 км/сағ

Х км/сағ



10 км/сағ

Х км /сағ

уақыт

4 сағ

4 сағ

3 сағ

Х сағ



қашықтық



30 км

30км

120 км

120 км



  1. Қорытынды бөлім:



  • Саяхат ұнады ма?

  • Қандай әсер алдыңдар?

  • Не көрдіңдер?

  • Не істедіңдер?

  • Қандай қиыншылықтар кездесті?

Бағалау. Сабақ соңында қанша медаль жинады, соған байланысты бағалар қойылады.

Рефлексия: Кімге сабақ ұнады жасыл түсті стикерді плюстың үстіне, кімге ұнамады қызыл түсті стикерді минустың үстіне, ал кімге жартылай ұнады сары түсті стикерді плюс пен минустың үстіне әкеліп жапсырады.

жасыл

сары

қызыл

+

-

+ -



Үйге тапсырма: №7.



Сабақ соңында балаларға сюрприз үлесіріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Есепті те?деу ??ру ар?ылы шы?ару

Автор: Давлетова Алима Баймагамбетовна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311557


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства