kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Геометриялы? фигураларды ке?ейтуге берілген есептер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Геометриялы? фигуралар?а байланысты есептер шы?арып, м?ндерін салыстыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Геометриялы? фигураларды ке?ейтуге берілген есептер.»

Күні: Сыныбы: Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды кеңейтуге берілген есептер

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, қызықты математика әлеміне жетелеу, оқушылардың білімін шыңдау. Өткен материалдарды еске түсіріп, жалпылап, өткенді пысықтау, білімпаздыққа жетелей отырып, тың қызықты мәліметтер беру.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.

ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Математика.

Мұғалім: Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық

Мұнда қызық табылар.

Жұмбақ, есеп- бәрі бар.

Ал, сайыскер, балалар,

Білімдеріңді, сынайық,

ХХІ ғасырдың

Көшбасшысын табайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар 4-сынып оқушылары арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысқа қош келіпсіздер!


Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де ең бастысы – барлығының,

Қатты істейтін миы бар- дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.(Сайыскерлер ортаға шығып өз аттары жазылған орынға тұрады.Жеребе тасталады).

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар,

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік менің үнім бар- дегендей, сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін. (Сайыскерлер өздерін таныстырып, өз тілектерін айтады).

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Әділқазы бағалайды сіздерді.

Жеңіс-мәре жақын ба, әлде алыс па,- демекші әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік. (Әділқазылармен таныстыру). Сайысқа 4 сыныптан 2 оқушыдан 8 оқушы қатысуда.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең «Бәйге» (Сұрақтарға жауап беру)

2-кезең «Көкпар» (Ауызша есептер шығару)

Ұпайлары төмен 2 оқушы шығарылады.

3-кезең «Полигот» (Құрамында сан есімі бар жұмбақтарды шешіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек)

Ұпайы аз 1 оқушы шығарылады.

4-кезең «Білімпаз» (Ұпай таңдап, сұраққа жауап беру).

Ұпайы аз 1 оқушы шығарылады.

5-кезең «Тірі сұрақ» (Логикалық есептер)

І кезең. «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз- дей отырып біз 1 кезең «Бәйге».Шарты: Карточкаларды өз реттік нөмірлері бойынша таңдап сұраққа жауап береді.Жауап бере алмаса «қарсыластар» деген сөзден кейін қарсыластар жауап береді.Ал, сайысымызды бастаймыз.

Сұрақтары:

1.Квадрат сантиметр дегеніміз не?

(Қабырғаларының ұзындығы 1см-ге тең шаршы).

2.1см квадратта неше мм бар?(100мм кв.)

3.1 м.кв. Неше см? (10.000см кв)

4.1 га неше м? (10.000м кв)

5.1 дм.кв неше см? (100 см.кв)

6.Тік бұрышты параллелипедтің көлемін қалай табамыз?

(Оның ұзындығын еніне көбейту керек, шыққан көбейтіндіні биіктігіне көбейту керек.)

7. Көп таңбалы сандарды қалай оқиды?

(Оңнан солға үш цифрдан кластарға бөледі. Осыдан кейін әрбір класта қанша бірлік бары анықталады. Алдымен жоғарғы класс- мыңдар класының бірліктері айтылып, кейін бірінші кластың бірліктері оқылады.)

8. Теңдеу дегеніміз не?

(Оның құрамына енетін өрнектің мәнін табуды қажет ететін теңдік)

9.Кері есеп дегеніміз не?

(Кері есептер мазмұны мен сандары ұқсас бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, біріншіде белгігісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын екі есеп.)

10. Тәуліктің екінші жартысы қай сағаттан басталады?

(12-ден басталады)

«Көкпар» қазақтың ұлттық ойыны болғандықтан біз бұл ойынды сайысымыздан тыс қалдыра алмадық. ІІ кезең «Көкпар» (Ауызша есептер шығару)

Есептер

1.Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап. (120)

2. Теңдікте 54 саны шығу үшін 3-ке қандай санды көбейту керек? (18-ді)

3.Бірдей 25 қосылғыштың қосындысының мәні 1000-ға тең. Қосылғыш нешеге тең? (40)

4.5 чемодан мен олардың 5 кілті бар. Қай кілттің қай чемоданға түсетінін неше рет байқап көруге болады? (120рет)

5.Сүтке толтырылған бидонның массасы 32кг, сүтсіз салмағы 2кг.Сүтке жартылай толған бидонның салмағы қандай? (17кг)

6.Егер шахматшылар жарысында дөңгелек турнирде 190 партия шахмат ойналған болса, онда бұл жарысқа қанша шахматшы қатысқан? (20. 19*20/2 тең 190)

7.Азайтқышы -49 , айырмасы-51 болғанда азайғыш нешеге тең болатынын жаз. (100)

8.Ең кіші жеті таңбалы сан қанша? (1.000.000)

9.Ең үлкен бір таңбалы , ең үлкен үш таңбалы сандардың қосындысы мен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасының мәнін тап. (8)

10.Ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты. Қандай сан ойлаған? (.11)

(Ұпай сандары аз екі оқушы сайыстан шығарылады)

ІІІ кезең. «Полигот»

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын аударыңыз үш тілге.

Қазақ, орыс,ағылшын тілін білгенде,

Ұпайларым көбейеді деп тіле- дей келе сайысымызды бастаймыз.

Жұмбақтар:

1.Таң ертең тұрдым

Екі жолды қудым. (Шалбар.Брюки.)

2. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп кейде аламыз.

(Цифрлар. Цифры)

3.Төрт аяқты болса да жүре алмайды,

Өздігінен еш нәрсе біле алмайды.

Жайылған дүниеге бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды.

(Орындақ )

4.Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс , жүгірген аң бәріне тең

Адамзат, жан-жануар арасында,

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.

(Жер.Земля)

5.Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз

(Он саусақ)

6Екі құлақты,

Екі аяқты,

Есек құлақты (Қоян)

(Ұпайы аз бір оқушы сайыстан шығарылады)

ІҮ кезең «Білімпаз».

50


40

40

30

30


Шарты: Реттік номірлері бойынша сайыскерлер ұпай таңдап сұраққа жауап береді.

30-Бес адам бес сағатта бес метр ор қазады. 100 сағатта 100 метр орды қанша адам қазады? (5 адам.)

30- Баласы 10 жаста , ал әкесі 46 жаста.Неше жылдан кейін әкесі ұлынан 2 есе үлкен болады?

40- Жасқайраттан жасын сұрағанда, ол: «Енді 1 мүшелден кейін , бұдан 2 жыл бұрынғы жасымнан 2 есе артық жаста боламын» деп жауап берді.Жасқайрат нешеде?

40-Ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай-ақ ұзындығы 4м матаның 3 метрін қалай бөліп аламыз?

50.Үш қапта жарма, вермишель және қант бар. Бір қапшық сыртындағы жазуға- «жарма» деп, екіншісіне- «вермишель» деп, ал үшіншісіне «жарма немесе қант» деп жазылған. Егер бұл жазулар қапшықтың ішіндегісімен сәйкес келмейтін болса, онда қай қапшықта не жатқанын қалай анықтауға болады?

(Ұпайы төмен бір оқушы сайыстан шығарылады.)

Ү кезең. «Тірі сұрақ» (Логикалық есеп беріледі)


Қолды көтермей сызып шығу керек.

(Әділқазылар ұпай сандарын есептеп жеңімпазды анықтайды)

Мың бұрала билеген,

Аяғы жерге тимеген.

Аяғы жерге тиседе,

Бір шалынып көрмеген- дегендей 4 «А» сынып қыздарының орындауында «Қазақ биі»

«Әркімнің-ақ білімге бар таласа»-дей отырып, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айту үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.

(Марапаттау рәсімі).

Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінің бірінде «Адам мен адам өздерінің жиған малдары, жақсы киімдерінен алда болмайды тек ақыл, білімдерімен жарысулары керек»- деген екен. Бүгінгі сайысымызға ең ақылдылар мен білімділер қатысты, барлықтарыңызға үлкен рахмет назарларыңызға!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Геометриялы? фигураларды ке?ейтуге берілген есептер.

Автор: Шакенова Айымкул Хамиткызы

Дата: 03.05.2016

Номер свидетельства: 324057


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства