Математика. Ашық сабақ. 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты : Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдері пысықталады; Сабақ халық педагогикаға сүйеніп, оқушылардың білімін тексереді. Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісі дамиді, пәнге қызығушылықтары арттады. Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлейді , адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі : әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі : киіз үй макеті, ұлттық ойындардың суреттері, кестелер, геометриялық фигуралар, домбыра, ұлттық тағамдар.
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен сәлемдесу; - түгендеу; - оқушылар назарын сабаққа аудару; - сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.- Психологиялық дайындық: - Амансың ба Алтын күн! ........
2. Математикалық диктант:
- 3-ші разрядтың 7 бірлігі, 2-ші разрядтың 5 бірлігі бар санды жаз.(750)
- 2-ші кластың 80 бірлігі, 1-ші кластың 30 бірлігі бар санды жаз. (80.030)
- 4 т неше кг бар? (4000 кг)
- 500 кг неше ц? (5 ц)
- Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
- 2 тәулік 8 сағ – неше сағат? ( 56 сағ)
3. Жұмбақ : Бар екен бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдарға денесінде
Ішінде сүйектері бақша-бақша
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде. ( Киіз үй)
Тақтада 4 оқушы өз бетімен жұмыс жасайды. (Көбейту мен бөлу)
73 х 24 64 х 35 751.410 : 9 78.120 : 2
15 х 5 – 40 10 х 80 : 4
40 х 4 – 60 450 : 9 + 10
4. Жұмбақ:
Жайсаң – көлдей керілген,
Жисаң жіптей өрілген.
Бұл не? ( Кереге)
( Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. Бұл не? Бұл- Х)
Тапсырма: енді теңдеулер шешеміз.
Х : 9 = 101 50 х 2 + Х = 1500 10 х Х = 25 х 8
5.Шаңырақ пен керегенің арасында не орналасқан?( Уықтар)
Келесі тапсырма: Нүктелердің орнына дұрыс сан кою керек.
6 мин20 с - .............. с
4 тәул 5 сағ - .............сағ
25 дм - ..............см
352 кг - ..........ц................кг
6 км 50 м - .................м
Тапсырма: а) төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені 3 есе артық. Төртбұрыштың Р, S табыңдар.
ә) Төртбұрыштың ұзындығы – 4 см, периметрі – 18 см. Осы төртбұрыштың енін, ауданын табындар.
- Арқандар қандай сызықтарға ұқсайды ? ( түзу, қисық)
Ауызша тез санау: 5600 : 100 : 7 3600: 6 : 100
710 : 10 х 2 720 : 9 х 10
100 – 280 : 7 8500 : 100 х 2
6. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Әр үйде дастарқан жайылып тұрады.
- Қандай ұлттық тағамдарды білеміз?( еттен, сүттен, ұннан жасалған)
Есеп шығару.
Нан зауыты 420 ц-ден 10 вагон арпа және 500 ц-ден 8 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа бидай ұнынан қанша артық?
420 х 10 = 4200(ц)
500 х 8 = 4000 (ц)
4200 + 4000 = 8200 (ц)
4200 - 4000 = 200 (ц)
Жауабы: барлығы 8200 ц ұн қабылданды.
Жұмбақ: Тоғыз белбеу,
Қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. ( Домбыра)
Домбыра туралы мәлімет.
Тақтада: баған түрінде есепте:
73 х 56 4088 : 56
48 х 65 3120 : 65
64 х 53 3392 : 64
8. Қандай қазақ халқының ұлттық ойындарын білесіңдер?
( «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Бес тас», «Асық», «Ақ сандық пен көк сандық», «Аударыспақ», «Аңшылар» т.б.
( 8141 + 6143) : 4 ( 7168 – 1248) :5
( 181403 – 76403) : 100 (72011 – 9999) х 3
Ойын: «Бәйге». Кім шапшаң? Тақтада 3 оқушы.
13 х 35 12 х 29 34 х 22
76 х 24 56 х 48 47 х 34
Қорытынды: - Бүгін сабақта нені үйрендік? – Не ұнады? – Қандай әсер алдыңдар?
Үйге: № 9 . Бағалау