ІІІ. Бекіту сабағы - Балалар, бүгінгі тақырып - белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған есептер. 3 балаға 4 жидектен бөлініп берілді. Барлығы неше жидек бөлініп берілді? Шешуі: х: 3 = 4 х = 4. 3 х = 12 12: 3 = 4 Жауабы: Барлығы 12 жидек.
24 жаңғақ әр сыйлықта 8 жаңғақтан болатындай етіп, бірнеше сыйлыққа салынды. Неше сыйлыққа жаңғақ салынды? Шешуі: 24: х = 8 х = 24: 8 х = 3 24: 8 = 3 Жауабы: 3 сыйлыққа жаңғақ салынды.
- Ал енді, балалар, бәріміз бауырсақ ертегісін білеміз бе? - Иә, білеміз. - Ендеше тыңдайық. Бауырсақ әжесінен сұранып серуендеуге шығады.
Бірақ жолда қоян кездесіп қалып, бауырсақтың жолына тұрып алады. Бауырсақ қанша өтінгенмен қоян жібермейді. Жолдан оның тапсырмасын шешкенде - ақ бауырсақ өте алады? Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе? (Класс екі топқа бөлінеді) Қоянның тапсырмасы. 1 - топқа: Есептерді теңдеу арқылы шығар. Саябаққа әрбір қатарға 3 шыршадан отырғызғанда, 7 қатар болды. Неше шырша отырғызылды? 2 - топқа: Есептерді теңдеу арқылы шығар. 27 өрікті тәрелкелерге тең бөліп салғанда, 9 тәрелке қажет болды. Әрбір тәрелкеге неше өрік салынды?
х: 3 = 7 ------------------------------- 27: х = 9 х = 7. 3 ------------------------------- х = 27: 9 х = 21 --------------------------------- х = 3 21: 3 = 7 ----------------------------- 27: 3 = 9 Жауабы: 21 шырша ------------- Жауабы: 3 өріктен
- Жарайсыңдар, балалар! Қоянның тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмектестік. - Балалар, бауырсақ алдынан аю шығып, жолына тұрып алды. Бауырсаққа тапсырма орындамай жібермеймін дейді.
- Жарайсыңдар, аюдың да тапсырмасын орындадық. Бауырсаққа жақсы көмек көрсеттік. - Балалар, бауырсаққа тағы да көмек керек. Осы жолы оған қасқыр кезікті. Қасқырдың тапсырмасын орындап көрейік.
Қасқырдың тапсырмасы: 1 - топқа: Теңіз шеруіне 8 бригантинадан 2 қатар және 19 фрегат қатысты. Шеруге барлығы неше кеме қатысты? 2 - топқа: Теңізге 72 балықшылар шхунасы шықты, олар баркастардан 29-ға артық болды. Теңізге барлығы неше шхуна мен баркас шықты.
Бригантина 8 – 2 қатар Шешуі: 8 ∙ 2 + 19 = 16 + 19 = 35 ? кеме Жауабы: барлығы 35 кеме Фрегат – 19
- Өте жақсы балалар, бауырсаққа жақсы көмектесе алдық. - Балалар, жаңа ғана бауырсақ кетіп бара жатыр еді, алдынан түлкі шыға келді. Түлкінің де тапсырмасы бар екен. Қане, орындап көрейік.
Түлкінің тапсырмасы: Есепті теңдеу құру арқылы шығар. 1 - топқа: Бірнеше сәбіз 3 дорбаға тең бөлініп салынды. Сонда әр дорбада 9 сәбізден болды. Барлығы неше сәбіз болды?
2 - топқа: 18 марканы тең бөліп, әр бетке жапсырса, әр бетте 9 маркадан болады. Сонда неше бетке марка жапсырылды? х: 3 = 9 -------------- 18: х = 9 х = 3. 9 -------------- х = 18: 9 х = 27 -------------- х = 2 27: 3 = 9 -------------- 18: 2 = 9
Жауабы: 27 сәбіз Жауабы: 2 бетке - Жарайсыңдар балалар, бауырсақ сендерге алғысын білдіреді. Ол үйіне аман - сау жетті. IV. Қорытынды. Шығармашылық жұмыс. № 9 (ең үлкені - Айдарлы құмай, күшіген, бүркіт, ең кішісі – жапалақ) V. Бағалау. VI. Үй тапсырмасы. 66 - бет №4, 67 - бет №