Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздігінен ойлау және есеп шығару икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, нақтылыққа, көпшілікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: топпен және жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, тест
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту, «Өзін-өзі бағалау парағын» тарату, оқушылар 4 топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтада шешімі көрсетіледі, сол бойынша оқушылар өзара дәптерлерін тексереді. Дұрыс есепке 2 балл, жартылай дұрыс есепке 1 балл, қате есепке 0 балл қойылады.
ІІІ Жаңа сабақ
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: a×b=b×a
Терімділік қасиеті: (a×b)×c = a×(b×c) = (a×c)×b
Мысал-2: 25×7×4 = (25×4)×7 = 100×7 = 700;
7b×4 = (7×4)×b = 28b.
ІVБекіту.Оқулықпен жұмыс
Есептер шығару
V .Сергіту сәті
Логикалық есептер
1. 1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры қанша рет кездеседі?
2. Цифрларының барлығы әр түрлі болатын он таңбалы ең кіші санды жаз.
3.Цифрларының барлығы әр түрлі болатын ең үлкен он таңбалы санды жаз