көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, есептер шығаруға дағдыландыру;
теориялық білімді практикада ұштастыра отырып, жан - жақты ойлау, жылдам есептеу, ойлау-таным белсенділігін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
белсенділіктерін арттыра отырып, іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Білім мен дағдыны қорытындылау, бекіту сабағы.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, тест орындау
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, тест парақтары, бағалау парақтары, компьютер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2.Үй жұмысын тексеру
3.Білімді мыңды жығады...(өткен сабаққа шолу)
а) Бірмүше дегеніміз не?
ә) Көпмүше дегеніміз не?
б) Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
в) Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
4. Ойлан тап.
5. Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін
6. Біріксек алынбайтын қамал жоқ
7. Кім жылдам ?
8. Ой түйін ( қорытындылау)
9.Үйге тапсырма беру
10.Оқушылардың білімін бағалау.
4. Ойлан тап!
a) 2(х+4)=2x+8
b) 5(a-b)=5a-5b
c) (a+b)(a+x)ах+вх
5. Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін. Оқулықпен жұмыс
№139 Көбейткіштерге жіктеңдер:
1)
2)
3)
4)
№141 Өрнектің мәнін табыңдар:
1) мұндағы х жауабы:192
2) мұндағы а жауабы:
3) жауабы: 4,5
6. Біріксек алынбайтын қамал жоқ. Жұптық жұмыс (екі оқушыдан жұптаптасып есеп шығарады, бір оқушы есеп шығарса, екінші оқушы пайдаланған ережесін айтып өтеді)
1. 2ху² - 6х²у + 4ух = 2ху(у-3х+2)
2. 3а²в - 6ав² + 9ав = 3ав(а-2в+3)
3. (5х-6)(6х+5) = 30х²-11х-30
4. 3(15х+1)+(3х-3) = 48х
5. (а-в²)(в+1) = ав+а-в³-в²
6. а(х-в)+с(у-а) = ах-ав+су-ас
7. Кім жылдам ? Тест жұмысы (слайд)
1. Көбейтуді орында: 2а(х+у)
А. 2ах-у В. 2ах+у. С. 2ах+2ау Д. 2ах.
2. Көбейтуді орында: (а+в)(х+у)
А. ах+ау+вх+ву В. ах+ау-вх-ву С. ах+ву Д. ах
3. Көпмүше түріне келтір: (5- а)(4+а)
А. 20-а В. 20+а- а2 С.20+ а2 Д. а2
4. Көбейткіштерге жікте:2а(х+у)+х+у
А. (х+у)(2а+1) В.(х-у)(2а-1) С. (х-у)(1-2а) Д. (х+у)(1-2а)
5. Ықшамдаңыз: а3 + 3а2 +3а+9
А. (а+3)(а2 +3) В.(а-3)(а2 +3) С.(а+3)(а2 -3) Д. (а-3)(а2 -3)
Тест жауаптары:
1. C
2. A
3. B
4. A
5. A
8.Ойтүйін. Қорытындылау
1.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін қандай тәсілдерді пайдаланамыз? 2. Көпмүшенің көбейткіштерге дұрыс жіктелгенін қалай тексеруге болады?
Сонымен оқушылар бүгінгі сабақты қорыта келе,тәуелсіз еліміздің болашағы сіздердің қолыңызда, ол үшін сіздерге мықты білім керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елімізді «алға жетелейтін білімді де, парасатты азамат»- деген болатын. Демек, болашақ кілті-білімде, ал білім кілті сіздердің қолдарыңызда деп сабағымызды аяқтаймыз.