Тарау бойынша алған білімді бекіту және тиянақтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз беттерімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты. Салт-дәстүрін, өз Отаның сүюге баулу.
Сабақтың түрі: «Білім пойызымен туған елге» саяхат.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті тексере отырып, оқушы білімін бағалау.
Сабақты жоспарлау:
1.Ұйымдастыру кезеңі.(2мин).
2.Сабақ тақырыбы.(1мин).
3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.(2мин).
4.Сабақтың барысы.(30мин).
5.Қорытындылау.(3мин).
6.Оқушылардың білімін бағалау.(5мин).
7.Үйге тапсырма беру.(2мин).
Сабақтың көрнектілігі: Пойыздың және кассаның макеті, тапсырмалар жазылған билеттер, купе, плацкарт, көпшілік вагоны және станциялардың аттары жазылған плакаттар, Әл-Фараби портреті, Қазақстан-2050, Тәуелсіздік-25 деген сөздер жазылған плакаттар, магнитті тақта, бор.
Сабақтың барысы:
Бүгін біз «Білім пойызымен туған елге» саяхатқа шығамыз.
Сонда «Әл-Фараби», «Сиқырлы сан», «Айналайын атамекен, ақ мекен» станцияларына аялдаймыз.
I кезеңі. Ауызша есептер шығарту арқылы оқушылардың саяхатқа дайындығын тексеру.
Тапсырмалары: (рационал сандарға қосу және азайту амалдарды қолдану).
Есепті дұрыс шығарған оқушы кассадан билет сатып алу кезекке тұрады.
Кассир: (мұғалім).
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті оқушылар «Білім» атты 234- жолаушылар пойызы 2 минуттан кейін үшінші жолға келіп тұрады.Билеттеріңізді сатып алыңыздар! деп жариялайды.
Билеттегі тапсырмалар.
1-билет а) Екі теріс санды қосу ережесін айт.
ә) Өрнекті есепте: -5 +(-2)
2-билет а) Таңбалары әр түрлі екі санды қосу ережесін айт.
5-билет а) Рационал сандар деп қандай сандарды айтады?
ә) Теңдеуді шеш: -15+х =1916
6-билет а) Бүтін сандар деп қандай сандарды айтады?
ә) Қосындыны есепте: -15+(-5,1)+(-915)+30
7-билет а) Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады?
ә) а түзуін сыз. Оның бойында жатпайтын А нүктесін белгілеп, А нүктесінен а түзуіне дейінгі қашықтықты өлше.
8-билет а) Екі теріс санды көбейту ережесі.
ә) Есепте: -5* (-2)
9-билет а) Екі теріс санды көбейту ережесі.
ә) у=0,75 болса, -18у өрнегінің мәнің есепте.
10-билет а) Екі теріс санның бөліндісі.
ә) Есепте:-6 . (-4)
11-билет а) Таңбалары әр түрлі екі санның бөліндісі.
ә) -4 : 2
12-билет а) Параллель түзулер дегеңіміз не?
ә) Көбейтудің заңдарын тұжырымда және жаз
Есепте: -125*(-1/5)*2703*(-1/3)*0.
Билеттегі тапсырма дұрыс әрі толық орындалса, купенің, пласкарттың және көпшілік вагонның орындарына отырғызылады (жауап бергеніне сай).
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті оқушылар «Білім» атты 234- жолаушылар пойызы үшінші жолдан отправляется, будьте осторожны! деп жариялайды.
IIIкезеңі«Әл-Фараби» станция.
Мұнда билет сатып (сураққа жауап бере) ала алмаған оқушыларға тестік тапсырма беріледі.
1.Қосуды орында: -11,6+(-4,3).
А)15,9; В)-7,1 ; С)-15,9; D)7,1.
2. Қосуды орында: -14,3+25,2
А)-10,9; В)39,5 ; С)10,9; D)-39,5.
3.Азайтуды орында: -4,7-(-3,1)
А)-1,6; В)7,8 ; С)1,6; D)-7,8.
4.Амалдарды орында: -5*0,3
А)-1,5; В)15 ; С)1,5; D)-0,15.
5.Теңдеуді шеш: у : 6= -3
А)-18; В)18 ; С)2; D)-2.
Ал отырған оқушыларға «Әл-Фараби туралы не білесің?» сұрақ қойылады.
Жауабы:
Әлемнің данышпан ойшылдарының бірі, сегіз қырлы ғалым Мұхаммед Әл-Фараби 870 жылы Сырдария бойында ерте замандағы түркі халықтарының орталығы Отырарда қазіргі Қазақстан топырағында дүниеге келген. «Ғалымдардың шығуы», «Ғалым меруерт», «Аналитика», «Метафизика», «Эвклит геометриясы» туралы басқа да көптеген еңбектер жазған данышпан, ойшыл ғалым.
IVкезеңі. «Сиқырлы сан» станция.
Сиқырлы сандар сандықта болып, тапсырма дұрыс орындалса сандық ашылады.
1-тапсырма .
Мына сұрақтарға жауаптарын бере отырып, әрбір санға қандай әріптің сәйкес келетінің табуға болады.
1.Тек таңбасында ғана айырмашылығы 1.2.3.2.4.2.-1.2.3.5.6.
бар сандар қалай аталады?...
2.Негізгі геометриялық фигура. ... 7.8.9.10
3.Тік бұрыш жасап қиылысатын
екі түзу қалай аталады?... 11.12.3.11.12.13.14.15.16.10.17.18.3
4.Кесінді тұйықталған ба? ... 15.19
5.Бұрыштың бір түрі... 7.20.16.
6.Бір нүктеден шыққан екі сәуле. 21.8.3.6.22
Енді төмендегі сандардың орнына оған сәйкес әріптерді қойып, құпия сөзде не жазылғанын анықта.
Сонда «Қазақстан-2050», «Тәуелсіздік 25» және «Ассамблея» деген сөздер шығады.
Қазақстан – 2050
1997 жылы Елбасының «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел-ауқатының артылуы атты жолдауы өсірге келген, ал «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр.
Тәуелсіздік -25
2016 жылы тәуелсіз мемлекет болғанына 25 жыл толады. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.
Ассамблея Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 22 жыл. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. «Ассамблея- еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы» (Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясында сөйлеген сөзі)
Vкезеңі. «Айналайын атамекен, ақ мекен» станция.
Бұл станция өзіміздің аңсап армандап жүрген туып өскен жеріміз. Бұл станция өзіміздің аңсап армандап жүрген туып өскен жеріміз. Оқушыларды әжелер,аталар,туған туысқандары қарсы алады. Қонақ жайлы қазақтар шашуын шашып қарсы алады.
Кәмпиттегі тапсырмалар (ауызша). Әр оқушыға таратылады.
Сабақты қорытындылап отырған орындары бойынша, оқушылар білімін бағалап, журналға қойылады. Сонында оқушылар М.Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқиды.