Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойындар («Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар», «Бәйге жарыс», «Алтын сақа»), формулалар, кеспе қағаздар (жігіт, қыз, тұлпар, теңге бейнесінде),
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Берілген үй тапсырмасын жеке-жеке жауап беру арқылы дәптерден тексеру.
№521
1) (-15) ·(-6)=90 7) 11·0,5=5,5
2) 2·(-35)=-70 8) -2,8·(-4)=11,2
3) (-12) ·(-7)= 84 9) -100·0,81=-81
4) (-27) ·0=27 10) -0,3·(-40)=12
5) 24·(-9)= -216 11) -99·(0,1)=9,9
6) -0,8·6=-4,8 12) -100·0=0
2. Сыныптың оқушыларын екі топқа бөлемін: « қосу» және «азайту» топтары. Топбасшыларын сайлаймын. Әр дұрыс әрі қатесіз шығарылған есептер асықтар санымен бағаланып отырады.
II. Өтілген тақырыпты қайталау.
а) «Қыз қуу» ойыны.
Екі топтан бір ұл, бір қыз шығып, үлестірме қағаздар бойынша жауап береді. Өтілген тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
1.Таңбалары бірдей сандар көбейтілсе, көбейтінді қандай сан болады?
2.Таңбалары әр түрлі сандар көбейтілсе, көбейтінді қандай сан болады?
3.Егер төрт теріс санды көбейтсе, онда көбейтіндісі қандай сан болады?
4.Егер бес теріс санды көбейтсе, көбейтінді қандай болады?
5.Рационал сан жиыны.Көбейту. Таңбалар ережесін қайталау.
ә) «Теңге алу» ойыны.
Қорапшада қағазда қиылған дөңгелек тиындар. Әр топтан кезекпе-кезек оқушылар шығып формулаларды түсіндіру керек.
(+)·(+)= (+)·(-)=
(-)·(+)= (-)·(-)=
б) «Көкпар» ойыны.
«Математика» сөзінің әріптерінен әр топтан 2 оқушыдан шығып, тақтаға бірнеше сөздер құрастыру керек.
в) «Бәйге жарыс».
Топ мүшелері тақтаға есеп шығарып жарысады.
№522 Көбейтіндіні табыңдар.
1) -1,9·0,6=-1,14 6) 5·(-9,3)= -46,5
2) -6,5· (-30,8)= 200,2 7) 0,8 ·(-)= -0,4
3) -18,3 ·(-5,4)=98,82 8) (-)·0,75= -0,45
4) 5,9 · (-35)=- 206,5 9) -0,4·(-)=0,04
5) -12,5·(-0,4)=5
III. Оқулықпен жұмыс. г) «Асық ойыны» .
«Оң сандар», «Теріс сандар» тобы есептерді тақтаға шығарып жарысады.
ә) Координаталық сәуледе рационал сандардың орналасу реті қалай?
V.Үйге тапсырма. №5 есептер.
Плакат. «Таңбалар ережесі»
«Көбейту» тақырыбы бойынша таңбалар ережесін қайталатып, қорытындылау. Енді, оқушылар тақтадағы плакатқа жазылған мысалдарды шығарып, жауаптарын өсу ретімен тұсындағы әріптерді сол ретпен оқыңдар. Сонда бір сөзді оқи аласыңдар? Қане, кім жылдам табар екен?