kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Процент (жина?тау саба?ы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. саба?.
  2. Кіріспе б?лімі

    Та?ырыбы: § 41 Процент. Берілген санны? прдоцентін табу

                        § 42  Проценті бойынша санды табу

                        Проценттерге берілген есептер   

    І. Модульді? ??рылымымен, ма?сат-міндеттерімен таныстыру

    ІІ. Тірек сызбалар ар?ылы жа?а саба?ты т?сіндіру

  3. ?йге берілген тапсырмалар ар?ылы та?ырыпты ашу
  4. Та?ырыпты? алдын-ала даярлы? тапсырмасы бойынша о?ушылар толы? бір шаманы? 1/100 ?лесін табу?а арнал?ан есептеулерді орындайды

  5. 1 дециметрді? 0,01-і 1 миллиметр
  6. 1 центнерді?  0,01-і 1 килограмм
  7. 1 килограмны? 0,01-і 10 грамм екенін ?з беттерімен тауып ?йренеді
  8. Процент.
  9. Та?ырыпта шамаларды? ж?зден бір ?лесі процент деп аталатынына то?таламыз.

     









       









       

    ІІІ. О?ушыларды? д?птермен ж?мысы:

    І? ?орытындылау

    Мысалы, 1) 3%=3/100=0.03

                    10%=10/100=0.1

                   50%=50/100=1/2=0.5 

                   2) 0.4=(0.4*100)%=40%

                       3= (3*100)%=300%

    Есеп. Мысы?тар к?рмесіне ?келінген 60 мысы?ты? 20 %-і сиам мысы?тары. К?рмеге неше сиам мысы?ы ?келінді?

    Шешуі:

                                          100% - 60 мысы?




       

                           20%-?

    Процентті жай б?лшекпен жазуды пайдаланса?:

    20%=20/100=1/5

    60*(1/5)=12

    Процентті онды? б?лшекпен жазуды пайдаланса?:

    20%=0.2

    60*0.2=12 мысы?                         Жауабы: 12 мысы?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Процент (жина?тау саба?ы)»

Процент.

5- сынып 7 сағат


Бөлімі

Сағат саны

Мазмұны

Уақыты


Кіріспе

1- сағат

1.Модульдің құрылымымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру

2. Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру

3. Жұмыс дәптермен жұмыс жасау

4. Қорытынды



5 минут

15 минут


20 минут

5 минут


Сөйлесу бөлімі

2-сағат

Тақырыпты меңгерту

  1. “ Мұғалім оқушы” ойыны

  2. Есептер шығару

  3. Қорытынды



20 минут

20 минут

5 минут

3- сағат

Тақырыпты дамыту

  1. “Алгоритм ” ойыны

  2. “ Математикалық лото”

  3. Қорытынды



25 минут

15 минут

5 минут

4-сағат

Тақырыпты пысықтау

  1. “Өрмекші ” ойыны

  2. Қорытынды



40 минут

5 минут

5- сағат

Тақырыпты қорыту, бекіту

  1. “Брейн ринг” ойыны

  2. Қорытынды



40 минут

5 минут




Қорытынды

6- сағат

  1. Тест

  2. Бақылау жұмысы

  3. Қорытынды


10 минут

30 минут

5 минут

7- сағат

  1. Қатемен жұмыс

  2. Сынақ

  3. Қорытынды


10 мимнут

30 минут

5 минут








Нені үйрену қажет:


  • Ерітіндінің концентрациясын табуды;

  • Егіннің шығымдылығын табуды;

  • Жұмыс өнімділігін табуды;

  • Заттың арзандатылған бағасын есептеуді;

  • Заттың қымбаттатылған бағасын есептеуді.


Нені білуі тиіс:


  • Процент туралы ұғымды;

  • Процентті жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен жазуды

  • Жай бөлшекті, ондық бөлшекті процентпен жазуды;

  • Берілген санның процентін табуды;

  • Проценті бойынша санды табуды;

  • Бөліндінің проценттік шамасын табуды;

  • Күрделі процентті табуды.


Қосымша әдебиеттер:


  1. Т. А. Алдамұратова Математика 5- сынып

  2. О.Р. Глейзер Математика тарихы 5-6- сынып

  3. Т. А. Алдамұратова Математика (дидактикалық материалдар) 5- сынып

  4. Т. А. Алдамұратова Математиканы оқыту әдістемесі 5- сынып

  5. Математическая шкатулка


Шығармашылық тапсырмалар:

Проценттің шығу тарихы


Мақсаты: тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа

ұжымшылдыққа баулу. Оқушыларға адам-

гершілік, еңбек тәрбиесін беру

білімділік: Оқушыларға процент ұғымын түсіндіру.

Берілген сан арқылы процентті, проценті

бойынша санды табуға үйрету. Алған бі-

білімдерін, ережелерді есептер шығару

барысында пайдалана білуге үйрету

дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлау тұрғы-

сынан қалыптастыру. Білім, білік,

дағдыларын дамыту.





  1. сабақ.

Кіріспе бөлімі


Тақырыбы: § 41 Процент. Берілген санның прдоцентін табу

§ 42 Проценті бойынша санды табу

Проценттерге берілген есептер


І. Модульдің құрылымымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру ІІ. Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру


  1. Үйге берілген тапсырмалар арқылы тақырыпты ашу

Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасы бойынша оқушылар толық бір шаманың 1/100 үлесін табуға арналған есептеулерді орындайды

  1. 1 дециметрдің 0,01-і 1 миллиметр

  2. 1 центнердің 0,01-і 1 килограмм

  3. 1 килограмның 0,01-і 10 грамм екенін өз беттерімен тауып үйренеді


  1. Процент.

Тақырыпта шамалардың жүзден бір үлесі процент деп аталатынына тоқталамыз.

Процент. Берілген санның процентін табу










Процентті бөлшекпен немесе нату-рал санмен жазу үшін процент сан- ын 100-ге бөлу керек


Бөлшекті немесе нату-рал санды процентпен жазу үшін, процент са-нын 100- ге көбейтіп, процент бел-гісін тіркеп жазу керек


Берілген сан-ның процентін табу үшін :

1) Процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

2) берілген сан-ды осы бөлшек-ке көбейту керек


Формуласы:


b= a*(P/100)


а- берілген сан

ь- берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер




















Проценті бойынша санды табу









Проценті бойынша санды табу үшін :

процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

берілген санды осы бөлшекке бөлу керек


Формуласы:


a= b/ (P/100)

a – проценті бойынша табылатын сан

b-проценті берілген сан P- проценттер


Бөлінді бойын-ша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құорайтынын табу үшін:

Бірінші санды екінші санға бөлу керек;

Шыққан бөлін-діні процентпен өрнектеу керек


Формуласы:


P% =(b/a)*100

а- берілген сан

b- берілген санның процентке сәйкес мәні

Р - проценттер
















ІІІ. Оқушылардың дәптермен жұмысы:

ІҮ Қорытындылау


Мысалы, 1) 3%=3/100=0.03

10%=10/100=0.1

50%=50/100=1/2=0.5


2) 0.4=(0.4*100)%=40%

3= (3*100)%=300%

Есеп. Мысықтар көрмесіне әкелінген 60 мысықтың 20 %-і сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелінді?

Шешуі:

100% - 60 мысық



20%-?

Процентті жай бөлшекпен жазуды пайдалансақ:

20%=20/100=1/5

60*(1/5)=12

Процентті ондық бөлшекпен жазуды пайдалансақ:

20%=0.2

60*0.2=12 мысық Жауабы: 12 мысық

Сөйлесу бөлімі

2- сабақ


І. “Мұғалім оқушы” оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты: тақырыпты меңгерту

Ойынның шарты: Ойын жұпқа бөлініп жүргізіледі.

  1. Әрбір оқушы тапсырма алады, дайындыққа 10 минут беріледі.

  2. Дайындалған соң І нұсқа оқушылары тірек сызба конспектілерін пайдална отырып, ІІ нұсқа оқушыларына түсіндіреді. Яғни “мұғалім” рөлінде болады.

  3. Рөлдермен ауысады

  4. Тапсырма тақтаға жазылады

  5. Бірін бірі тексереді

  6. Сұрақтар қоя отырып, оқушыларды фйишкалар арқылы бағалайды.

№1 тапсырма (І-нұсқа) Процент. Берілген санның прдоцентін табу

№ 2 тапсырма (ІІ-нұсқа) Проценті бойынша санды табу

Ойынды қорытындылау

ІІ. Есептер шығару. Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру

№1265 Проценттерді ондық бөлшектермен жазыңдар:

1%=0.01 25%=0.25

6%=0.06 50%=0.5

10%=0.1 75%=0.75


№1266


Бөлшектер

3/100

0.08

3/10

0.5

3/4

0.8

1.6

Проценттер

3

8

30

50

75

80

160

№1267

125%= 1.25 110%=1.1 325%=3.25

220%=2.2 119%=1.19


№1288

Ыдыстың 7/10 бөлігіне су құйылған. Ыдыстың неше процентіне су құйылған? Неше проценті бос?

7/10 = (0.7*100)%=70% 100%-70%= 30% Жауабы: 70%, 30%

№1291 Бұйымның бағасы 3% -ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы: 1) 2000 тг; 2) 5000 тг; 3) 8000 тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге?

Жауабы: 1) 2060тг 2) 5150 тг 3) 8240 тг


№1294

Санның процентін табуды микрокалькуляторда орындаңдар:

970-тің 25 % -ін 970*25/100= 242,5

Қорытындылау.

Оқушылардың фишкаларына қарай бағалау

Үйге тапсырма: “Алгоритм”, “Математикалық лото” ойындарына дайындалып келу.


3-сабақ

І “Алгоритм” оқыта үйрету ойыны

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту.

Шарты: Сынып оқушылары 4 оқушыдан топқа бөлінеді. Тақтаға 4 тапсырма жазылады.

  1. 1 тапсырманы әр оқушы өз дәптеріне орындайды

  2. 2 тапсырманы сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып орындайды.

  3. 3 тапсырманы сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып орындайды.

  4. 4 тапсырманы сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып орындайды.

  5. Оқушылар алдына келген тапсырманы тексерріп, бағалап, бағалау парағына жазады.

Тапсырмалар: 1. Процент дегеніміз не?

2. Берілген санның процентін қалай табады?

3. Проценті бойынша санды қалай табады?

4. Бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын қалай табады?

ІІ. Математикалық лото

Мақсаты: процентке арналған есептерді шығару барысында ережелерді қолдана білуге үйрету.

Шарты: Сынып оқушылары 4оқушыдан топтарға бөлінеді. Әр топқа құрастырмалы лото карточкалары таратылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру барысында “Математика – ғылымдардың патшасы” деген сөйлемді құрастырады

І топта Математика

ІІ топта ғылымдардың

ІІІ патшасы

Топ тапсырмалары:

І топ 1 карточка

Құлпынайдың 6%-і қант 35кг құлпынайда неше кг қант бар? Жауабы: 2,1 кг

2 карточка

Белгісіз санды табыңдар: 15%-і 9- ға тең , 40%-і 15,6 –ға тең Жауабы: 60 , 39

ІІ топ 1 карточка

Картоптың 80%-і су. 25 кг картопта неше кг су бар? Жауабы: 20 кг

2 карточка Белгісіз санды табыңдар: 120%-і 78-ге тең , 20%-і 8,2 –ға тең Жауабы: 65 ,41

ІІІ топ 1 карточка

450 кг рудадан 67,5 кг мыс алынды. Руда құрамындағы мыс неше процент? Жауабы:15% мыс

2 карточка

Белгісіз санды табыңдар: 16,24,68,100 сандарының 25%-ін табыңдар Жауабы: 4,6,17,25

Қорытындылау

Үйге тапсырма: №1370, №1372, №1399, №1401 есептеріне “ Өрмекші ” ойынына дайындалып келу.


4- сабақ

І. “Өрмекші ” ойыны

Ойын мақсаты: Оқушылардың меңгерген білімдерін пысықтау


Ойынның шарты: сынып 4 немесе 5 топқа бөлінеді, әр топтағы оқушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылады, тапсырмалар үш деңгейде жазылады.

  1. Әр оқушы өз нөміріне байланысты тапсырмаларға дайындалады.

  2. Тапсырма орындалғаннан кейін бірдей нөмірдегі оқушылар топтасады, сұрақтар бойынша талдау жүргізеді және өздерін бағалайды.

  3. Мұғалім сұрақтардың дұрыс жауаптарын береді.

  4. Дұрыс жауаптар арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды.

  5. Қайтадан өз топтарына келіп отырады, өз сұрақтары бойынша материалдарын түсіндіреді және бір-бірін бағалайды.

Қорытынды: бағаны мұғалім өзі қояды.


Тапсырмалар: ІІІ деңгей

№1370 Айлық табыстың 5%-і табыс салығы үшін ұсталады. Айлық табысы 60 000 тг болса, одан неше тг табыс салығы ұсталады? Жауабы: 3000 тг

№1372 Жинақ кассасына 6%-тік жылдық өсіммен 90 000 тг салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша бір жылдан соңнеше теңге болады? Жауабы: 95 400 тг

№1399 Мектеп кітапханасында 2890 оқулық бар. Бұл ондағы кітаптың 85% -і Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар? Жауабы:3400 кітап

№1401 700 г йодтың спирттегі ерітіндісінде йод 119 г Ерітіндінің концентрациясы неше процент? Жауабы: 17 %

ІІ деңгей

№1382 Жинақ кассасына жылына 8% -тік күрделі өсіммен 80 000 тг ақша салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша екі жылдан соң неше теңге болады? Жауабы: 93 312 тг

№1410 Затты арзандату кезінде әжей немересіне қуыршақ алып берді. Қуыршақтың бағасы 15 % -ке арзандатылып, 340 теңге болды. Қуыршақтың бастапқы бағасы қандай? Әжей неше теңге үнемдеді?

Жауабы: Бастапқы бағасы-391 тг, үнемдегені-51 тг

№1432 Жерге себілген 200 бидай тұқымының 150-і көктеп шықты. Бидай тұқымының өнімділігі неше процент?

өнген тұқым

Тұқым өнімділігі =----------------------- 100% Жауабы: 75%

Барлық тұқым


№1436 Заттың бағасы 760 тг:

1) егер заттың бағасы 20% -ке қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге? Жауабы:912 тг

2) егер заттың бағасы 30%-ке арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге? Жауабы: 532 тг

І деңгей есептері:

№1443 Автотуристер барлық жолдың бірінші күні 36%-ін, екінші күні 39%-ін, үшінші күні қалған 180 км жолды жүрді. Автотуристер барлығы неше километр жол жүрді? Жауабы: 720 км

№1444 Жинақ кассасына 5%-тік жылдық күрделі өсіммен салынған 200 мың теңге екі жылдан соң неше теңге болады? Барлық өсімі неше теңге?

Жауабы: Екі жылдан соң- 220500 тг, барлық өсімі – 20 500 тг

№1446 Ас содасының судағы бірінші ерітіндісінің массасы 400 г, ондағы ас содасы 25%, екінші ерітіндінің массасы 1,6 кг, ондағы ас содасы 15%. Осы екі ерітіндіні араластырып, қоспа ерітінді даярланды. Қоспа ерітіндідегі ас содасы неше процент? Жауабы:17%

№1447 Бағасы 3750 теңгелік зат екі рет қымбаттады. Бірінші ретте 14%-ке, сол қымбаттаған бағасы екінші ретте 8%-ке қымбаттады. Заттың соңғы бағасы неше теңге? Заттың своңғы бағасы алғашқы бағасынан неше теңге қымбат?

Жауабы: 1) 4617 тг 2) 867 теңгеге


5- сабақ

«Брейн-ринг» оқыта- үйрету ойыны

Ойынның мақсаты:Оқушылардың білімдерін қорыту, бекіту.

Ойынның шарты:

Құрал-жабдығы:

1.Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған жетондар

2.Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген шеңберлер..

3.Сандар жазылған төртбұрыштар.

4.Сары(«3» бағасы), жасыл(«4»бағасы), көк(«5»бағасы) түсті фишкалар және

толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті фишкалар

5.Үстелдердің сілтемесі.

6.Ортақ бағалау парағы

7.Үш деңгейдегі тапсырмалар жазылған карточкалар.

8.Жауап үлгілері жазылған карточкалар.

Ойынның жүру барысы

Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады.Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады.Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде- үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген шеңберлер; осы қатарлардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында –бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары (2),


ең үстіне үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан. Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұраққа дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі.

Жүргізуші сандар жазылған төртбұрышты жаяды. Мысалға, «2» түсті делік, яғни,2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез - келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Барлық топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайда олар әр түрлі болуы мүмкін, онда ойын екінші нұсқасы бойынша жүргізіледі.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей

  1. №1426 Сыныптағы 28 оқушының 75%-і спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысуды ұнатады?

Жауабы: 21 оқушы
  1. №1427 Қоспның 90% -і темір, қалғаны никель. Массасы 51 кг қоспаның құрамында қанша темір, қанша никель бар? Жауабы: 1) 45,9 2) 5,1

  2. Процент дегеніміз не? Шаманың жүзден бір үлесі процент деп аталады.

  3. Тайм-аут

ІІ деңгей
  1. №1437 Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76%-ін жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектер жерді жыртуға тиіс еді? Жауабы: 35 га

  2. Тайм-аут

  3. №1440 Жинақ кассасына жыл басында 8%-тік өсіммен салынған ақша жыл соңында 162 мың теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған? Жауабы: 150 000 тг

4. Берілген санның процентін қалай табады?

І деңгей

  1. “Проценттің шығу тарихы” шығармашылық жұмысы

  2. №1448 Қаңтар айындағы шананың бағасы 2400 тг. Оның бағасы ақпан айында 15%-ке арзандатылып, наурыз айында соңғы бағасы тадғы да 20%-ке арзандатылды. Шананың наурыз айындағы бағасы неше теңге? Егер сен шананы наурыз айында алсаң неше теңге үнемдер едің?

Жауабы: 1632 теңге , 768 тг

3. №1447 Бағасы 3750 теңгелік зат екі рет қымбаттады. Бірінші ретте 14%-ке, сол қымбаттаған бағасы екінші ретте 8%-ке қымбаттады. Заттың соңғы бағасы неше теңге? Заттың своңғы бағасы алғашқы бағасынан неше теңге қымбат?

Жауабы: 1) 4617 тг 2) 867 теңгеге

4. №1449 Майлылығы 25% 3 кг қаймаққа , майлылығы 45% 1 кг қаймақ қосылды. Қоспа қаймақтың майлылығы неше процент? Жауабы: 30%


Қорытындылау Алған фишкалары арқылы оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Өтілген материалдарды пысықтап келу


6-сабақ

Қорытынды бөлім.

Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.

Тест І нұсқа

  1. Шамалардың жүзден бір үлесі __________ деп аталады.

А) бөлшек Б) шама С) натурал сан Д) процент

  1. Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін, процент санын 100-ге бөлу керек.

А) ия Б) жоқ

3. Проценті бойынша санды табу үшін:

    • бірінші санды екінші санға бөлу керек;

    • шыққан санды процентпен өрнектеу керек.

А) ия Б) жоқ

4. 1 дециметрдің 0,01- і неше миллиметр?

А) 2 мм Б) 1 мм С) 0,1мм Д) 0,2 мм

5. Сөйлемді аяқта: Процентпен өрнектелген бөлінді бөлінгіш ____________

6. Сөйлемді дұрыс құра:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

тұтас шама 100% кез келген бір бүтін деп алынып, ретінде

11

есептелінеді

7. Бөлшекті немесе натурал санды ______ жазу үшін,_____ санын 100-ге көбейтіп, ________белгісін тіркеп жазу керек.

А) процент, процент (%), процентпен

Б) процент (%), процент, процентпен

С) процентпен, процент, процент (%)

8. Есептеп табыңдар: 60%-і 45-ке тең;

А) 60 Б) 45 С) 75 Д) 12

9. Төмендегі формуламен есептейміз?

a= b/(P/100)

А) берілген сан арқылы процентін табуды;

Б) проценті бойынша санды табуды;

В) бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын.

10. Сөйлемді толықтыр: Берілген санның процентін табу үшін:

1) _____________________________________;

2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.


ІІ нұсқа

  1. Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін, процент санын 100-ге көбейтіп, процент белгісін тіркеп жазу керек.

А) дұрыс Б) дұрыс емес

2. Кез келген тұтас шама бір бүтін ретінде алынып,______ деп есептелінеді

А) бөлшек Б) сан С) 100% Д) натурал сан

3. Берілген санның процентін табу үшін:

    • процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

    • берілген санды сол бөлшекке бөлу керек.

А) дұрыс Б) дұрыс емес

4.1 центнердің 0,01 –і неше килиграмм?

А) 1 кг Б) 0,1 кг С) 0,01 кг Д) 10 кг

5. Сөйлемді аяқта: Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін ______________________.

6 Сөйлемді дұрыс құра:

1 2 3 4 5 6 7

процент жүзден шаманың бір аталады үлесі деп

7. Есептеңдер: 60 санының 20%-ін

А) 15 Б) 12 С) 10 Д) 14

8. Төмендегі формуламен нені есептейміз?

b=a*(P/100)

А) берілген сан арқылы процентін табуды;

Б) проценті бойынша санды табуды;

В) бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын.

9. Сөйлемді толықтыр: Бөлшекті немесе натурал санды ______ жазу үшін,_____ санын 100-ге көбейтіп, ________белгісін тіркеп жазу керек.

10. Берілген санның процентін табу үшін:

1) процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

2) берілген санды осы бөлшекке көбейту керек Берілген санның процентін табу үшін:

А) дұрыс Б) дұрыс емес


Кілті:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

І нұсқа

Д

а

б

Б

Бөлгіштің неше процентін құрайтынын көрсетеді

412569837 10 11


В

С

В

Процентті бөлшекпен өрнектеу керек

ІІнұсқа

б

С

а

А

Процент санын 100-ге бөлу керек

3246175

В

А

процентпен, про-цент, процент (%)

А


Бақылау жұмысы. І нұсқа

1. Бөлшектерді процентпен жазыңдар:

0,2;0,8;0,75;2,3 Жауабы: 20%, 80%, 75%, 230%

  1. Кітапханада 35 000 кітап бар. Оның 22%-і әдеби кітаптар. Кітапханадағы әдеби кітаптардың саны қанша ? Жауабы: 7700 әдеби кітап

  2. Бензин құйған соң біраз жол жүргеннен кейін машинаның бензин құятын багында 25 л бензин қалды. Бұл алғашында құйылған бензиннің 50%-індей. Машинаның бензин құятын багында әуелде неше литр бензин болған? Жауабы: 50 л

  3. Сыныпта 30 оқушы бар. Сынып оқушыларының 40%-і шаңғы тебе біледі. Қалғандары конькимен сырғанай біледі. Сынып оқушыларының шаңғы тебе білетіндерінің және конькимен сырғанай алатындарының саны қанша? Жауабы: Шаңғы тебетін-12 оқушы, конькимен сырғанайтын-18 оқушы

  4. Фотоаппараттың бағасы бірінші ретте 10%-ке арзандатылып, 3600 теңге болды. Оның соңғы бағасы екінші ретте 8%-ке арзандатылды. Фотоаппараттың соңғы бағасы алғашқы бағасынан неше теңгеге арзандатылды? Жауабы: 648 теңгеге арзандатылды.


ІІ нұсқа

  1. Бөлшектерді процентпен өрнектеңдер:

0,47;1,6;0,78;0,9. Жауабы: 47%, 160%, 78%, 90%

  1. Заттың бағасы алғашқыда 2700 тг болды. Заттың осы бағамен өтімділігі жақсы болған соң оның бағасын 8%-ке қымбаттатты. Қымбаттаған бағасы неше теңге? Жауабы: 2916 тг

  2. Қоспаның құрамының 58%-і мыс, 24 %-і мырыш, қалғандары қорғасын. Қоспадағы қорғасын 27 г. Қоспаның толық массасын табыңдар. Жауабы: 150 г

  3. Оқушы кітаптың 36 бетін оқығанда . ол кітап беттерінің 12%-ін оқыды. Кітапта барлығы неше бет бар? Жауабы:300 бет

  4. Оқушыда 250 теңге ақша бар еді. Ақшасының 25 %-ін дәптер алуға, 15% -ін қалам алуға, қалғанын оқулықтарға жұмсады. Оқушы неше теңгесін кітап алуға жұмсады? Жауабы: 150 тг


Қорытындылау:

Үйге тапсырма: Өткен материалды пысықтап келу


7-сабақ

Мақсаты: 1) Оқушылардың өтілген материалдар бойынша білім, білік икем дағдыларын тексеру

2) Бақылау жұмысында жіберілген қатемен жұмыс

І. Қатемен жұмыс

ІІ. Сынақ

1-билет

Берілген санның проценті қалай табылады?

Проценттерді ондық бөлшектертүрінде жазыңдар:

2%, 5%, 17%

2-билет

Бір сан екінші санның қанша процентін құрайтынын қалай табуға болады?

Жай бөлшекпен өрнектеңдер:8%, 19%, 28%

3-билет

Процент деп нені атайды?

16,24 сандарының 50%-ін табыңдар

4-билет

Проценттер ондық бөлшекке қалай айналдырылады?

65%-і 5,2-ге тең санды табыңдар

5-билет

Ондық бөлшек процентке қалай айналдырылады?

Бөлінгіш бөлгіштің неше проценті? 3:4, 2:5

6-билет

Проценті бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлінгіш бөлгіштің неше проценті? 4,2:6, 4,96:6,2

7- билет

Санның процентін қалай табуға болады?

Белгісіз санды табыңдар: 85%-і 25,5-ке, 20%-і 8,2-ге тең

8-билет

Проценті бойынша санды қалай табады?

Белгісіз санды табыңдар: 5кг 100 кг-ның, 6 т 30 т-ның неше проценті?

9-билет

Микрокалькуляторда проценті бойынша санды табу программасын түсіндіріңдер.

Проценті бойынша санды табыңдар: 10%-і 3,4; 60%-і 78

10- билет

“Процент” сөзі қандай мағына береді?

Микрокалькуляторды пайдаланып, бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табыңдар? 8,91:8,1; 7,6:9,5


Билет есептерінің жауаптары:

1-билет 0,02;0,05; 0,17 6-билет 70%, 80%

2-билет 8/100, 19/100, 7/25 7-билет 30;41

3-билет 8;12 8-билет 5%, 20%

4-билет 8 9-билет 34;130

5-билет 75%, 40% 10-билет 110%,80%

Қорытындылау Оқушылардың білімін бағалау







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Процент (жина?тау саба?ы)

Автор: Ошаева Маржан Шамалхановна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284278


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства