Топтар?а №1, №2, №3 кесте беріледі. Кестеде тігінен тапсырмалар, ал к?лдене? жауаптары берілген. Тапсырма мен д?рыс жауап?а с?йкес келетін ?ріптерді теріп жазса?, білім туралы на?ыл с?з шы?ады.
Просмотр содержимого документа
«Процент та?ырыбын ?айталау. 6 класс »
6 сынып. Математика сабағы
Екібастұз қаласындағы №22 гимназия мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айткенова М.М.
Сабақтың тақырыбы: Проценттерге берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырып бойынша білім, білік дағдыларын пысықтап, бекіту, мемлекеттік стандартты меңгеру деңгейін бақылау;
Дамытушылық: Оқушыларды топта бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеопректор
Сабақтың барысы: 1.Сыныпты ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру;
3. Өткен тақырыпты қайталау;
4. Өткен тақырыпты пысықтау;
5. Үйге тапсырма;
6. Қорытындылау.
1- слайд
Ұйымдастыру.
А)Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2- слайд көрсетіледі
Үй тапсырмасын тексеру (Видеопроектор арқылы тексеру)
3- слайд көрсетіледі
Қайталау сұрақтары.:
Процент деп нені айтамыз?
Қандай шамалар процентпен есептеледі?
Процентті бөлшекпен қалай өрнектейміз?
Берілген санның процентін қалай өрнектейміз?
Проценті бойынша санды қалай табамыз?
4- слайд
Сабағымызды саяхат сабақ түрінде «2050 жылға сапар» ойыны түрінде жүргіземіз. Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поезын пайдаланымыз. Сапар барысында «Тапсырма», «Білім», «Амалдар» станциялары арқылы өтеміз. «Жүйелі білім» поезы 3 вагоннан( топтан) тұрады. Вагондарда екі тексерушіден болады.
1 –вагон - «Тапқырлар»
2-вагон - «Алғырлар»
3-вагон – «Білгірлер»
Тексерушілердің білімін ревизор-мұғалім қабылдайды.
5- слайд көрсетіледі
«Тапсырма» станциясының тексерушілері тапсырмаларын алып станциядан қозғалады. Әр тапсырма 5 ұпайдан бағаланады.
«Тапқырлар» тобы
60% -і 60-қа тең санды табыңыз.
3% -і 18-ге тең санды табыңыз
50-дің 30% -ін табыңыз
4%-і 20-ға тең санды табыңыз
200-дің 25%- ін табыңыз
«Алғырлар» тобы
40% -і 50-ге тең санды табыңыз.
10% 28-ге тең санды табыңыз
550-дің 5% -ін табыңыз
3%-і 42-ке тең санды табыңыз
200-дің 5%- ін табыңыз
«Білгірлер» тобы
30%-і 25-ке тең санды табыңыз.
12% 60-қа тең санды табыңыз
500-дің 20% -ін табыңыз
7% -і 56-ға тең санды табыңыз
300-дің 15%- ін табыңыз
6- слайд көрсетіледі
«Білім» станциясы.
Топтарға №1, №2, №3 кесте беріледі. Кестеде тігінен тапсырмалар, ал көлденең жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріптерді теріп жазсақ, білім туралы нақыл сөз шығады.
Нақыл сөз: «Білім инемен құдық қазғандай»
7- слайд көрсетіледі.
«Амалдар» станциясы. «Математикалық домино» ойынын ойнаймыз. Карточкаларға жазылған тапсырмалар экран арқылы көрсетіледі.
Үйге тапсырма. №1432, №1435.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Қорытындылау, рефлексия . Сабақ қорытындыланып, оқушылардың сабақ жөніндегі пікірлері ортаға салынады.